Атырау, 10 мамыр 15:55
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Парламент адам құқығын шектеуден басқа не бітірді?", "Қазақстанға қоғамдық телеарна керек пе?", ""Like" лайық емес, блогер журналист емес", "БАҚ ұры-қарыдан рұқсат сұрайтын халге ұшырамақ па?"

2 316 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Демалысқа шыққан депутаттар не бітірді?" - Алтыншы шақырылымдағы парламент депутаттары екінші сессиясын аяқтап, каникулға шықты. Күзден бері парламент талқылап, қабылдаған 80-нен аса заңның арасында қоғамда резонанс тудырғандары да болды.

"Өзбекстан азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін алғысы келеді" - Өзбекстанның Қарақалпақ автономиялық республикасында жеке шаруашылықпен шұғылданған Жұмабай Сағидуллаев «саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ағасы Аман Сағидуллаев үшін өзбек билігі оны да қуғындағанын» айтады. Өзін босқын санайтын Жұмабай Сағидуллаев «Қазақстанда тұрғысы келетінін, өйткені қарақалпақ және қазақ тілі ұқсайтындықтан бұл елде жұмыс істей алатынын» айтады. Бірақ оның босқын екенін дәлелдейтін құжаттары жеткіліксіз.

ZHASALASH.KZ. "Парламент адам құқығын шектеуден басқа не бітірді?" - Екінші сессия бойынша мәжілістің соңғы жалпы отырысын өткізіп, демалысқа шығып бара жатқан депутаттар биыл ерекше жұмыс істегендерін хабарлады. Онысы рас енді. Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулиннің бармақ бүгіп, саусақ санауынша, осы сессияда төменгі палата 38 жалпы отырыс өткізіп, онда 226 мәселе қарапты.

"Қазақстанға қоғамдық телеарна керек пе?" - Бейресми түрде «журналистер күні» аталатын 28 маусымда елде түрлі шаралар өтіп, БАҚ өкілдерін марапаттау, мадақтау, арқадан қағу сынды мерекелік жоралғылар жасалады. Сонымен бірге дәл осы күні Қазақстандағы сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі де сөз болады.

"Бәрін айт та, бірін айт – «Нұрлы жердің» жырын айт" - Осыдан бір жылдай бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 10 сотық тегін жер берілетіні жайлы хабар тұрғындарға тез тарап, семейліктер жергілікті халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) қарай ағылған болатын.

INFORMBURO.KZ. ""Like" лайық емес, блогер журналист емес" - Желідегі белсендінің бәрі блогер емес. Журналист блогер болса да, кез келген блогер журналист емес. Бүгінгі блогер өзінің "кім" екенін өзі де білмейді.

365INFO.KZ. "«Мәселе құмарлықта емес». Танымал ғалым тоқал алу мәселесін қолдап шықты" - Иә, бұған біреу қарсы, біреу жақ. Анығы, әркімнің айтары бар. Қайда болмасын, қашан болмасын қызу талқыға түсіп жатқаны. Тоқал тақырыбы. Еркек. Әйел. Еркектің бір емес, бірнеше әйел алуы. «Бола ма, болмай ма?» дегенге тіреліп тұр.

ABAI.KZ. "БАҚ ұры-қарыдан рұқсат сұрайтын халге ұшырамақ па?" - Халықаралық «Freedom House» ұйымы жуырда әлем елдеріндегі адам құқығы әм сөз бостандығының көрсеткіштері туралы тізімді түзіп шықты. Тізімді қарасақ, Қазақстан адам құқықтарын шектеген елдердің қатарында, мысалы, Лаос, Сомали елдерінің қатарында тұр. Оның үстіне қазақ үкіметі парламентке БАҚ туралы заңның жобасын ұсынып, ол жобаға  «адамның жеке деректерін жариялау үшін оның рұқсаты керек» дегенге саятын жеке бап енгізіп отыр. Ал, бұл бап баспасөз еркіндігін бұрынғысынан да шектей түсуі мүмкін. Бұндай жағдайда әркім тиымсыз сензорға айналуы ықтимал.

"Бұқаларға күйлеген құнажынша бөксесін беру саясаты" - Бүгінде Қазақстанда тұратын қазақтардың сөзі, яғни, тілі орысшаның көшірмесіне айналып барады. Осылай боларын жоғарыдағылар  25 жыл бұрын білді. Олар бұл жымысқы саясатты жүзеге асыру үшін бар-жоғы екі-ақ тәсіл жеткілікті екенін де ұқты. Ол екі тәсілдің біріншісі - қазақ тіліне қағаз жүзінде мемлекеттік тіл деген атақ бере салып, оған көшуге асықпау керек деп қазекемдерді алдарқата беру. Әуелі 3-4 жыл деп белгіленген бұл алдарқату міне, 25 жылға созылды. Екінші және ең қауіпті тәсіл Қазақстанның бүкіл телеарнасын күндіз-түні орысша сампылдатып қою. Міне, қазір оған да 25 жыл болды.

TURKYSTAN.KZ. "«Болашақ»: талапкерлерге талап күшейтілді" - Кезекті оқу жылы тәмам. Сынақтар да аяқталды. Мектеп түлектері жоғарғы оқу орнына түсудің,  ЖОО түлектері білімін әрі қарай шыңдау үшін магистратура, докторантураға түсудің қамына кірісті. Олардың арасында шетелде білім алуға ынталылар көп. Статистикалық деректерге сүйенсек, елдегі 29 жасқа дейінгі жастардың 45 пайызы шетелге құмар көрінеді: оқы десеңіз оқуға, жұмыс істе десеңіз, оған да құлшынып тұр. Талапшыл, ізденімпаз жастардың шекара асуға құмартуының тағы бір себебі – «Болашақ» бағдарламасы. Білім қуғандардың қалауын дөп басқан бұл бағдарламаның төңірегінде шу көп соңғы уақытта: қашып кеткен, ел қазынасын шашып кеткен және де әдептен асып кеткендердің төңірегінде дау толастар емес.

"Өзімізде жұмыс күші жетпей ме?" - Газетіміздің өткен санында «Шетел асқан шырайлымдар немен айналысады?» (24.06.2017, №21) атты шағын зерттеу мақала жарияланған-ды. Онда жұмыс іздеп, шетел асқан қаракөздер туралы жазған едік. Газеттің осы санында елімізге шетелден келетін жұмыс күшінің үлес салмағы туралы тарқатпақпыз. Жыл басынан бергі бес айдың ішінде шетелдіктердің жұмыс істеуіне 10 мыңнан астам рұқсат берілген екен. Бұдан былай шетелден жұмыс күшін тартқан кәсіпорындар арнайы салық төлейтін болады.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Өзбекстан қазағы: Атажұртқа оралуға асықпаймыз" - Астанада үш күн бойы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Жиынға әлемнің алыс және жақын 39 елінен 350 қандасымыз келді. Тарихи Отанға көрші өзбек елінен ат терлетіп келген Серікбай Үсенов құрылтайдан алған әсері және Өзбекстан қазақтарының өмірі туралы әңгімелеп берді.  


30 маусым 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.