Атырау, 26 сәуір 10:59
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Облыстық үш басқарманың басшылары ауысты

4 378 просмотра


Облыс әкімінің өкімімен бұрын облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған Жасұлан БИСЕМБИЕВ облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды (бұрынғы басшысы Әсия ҚЫСТАУБАЕВА жақында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы лауазымына ауысты).

Бұдан бұрын облыстық жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс жасаған Ғибрат СҮЛЕЙМЕНОВ облыстық мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы болып тағайындалды (кезінде бұл басқарма таратылып, облыстық мәслихаттың өткен сессиясында қайта құрылған еді).

Бұрын Махамбет ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен Мәлік АМАНОВ облыстық құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды. Одан бұрын жұмыс жасаған Тілек МАХУОВ өз қалауымен жұмыстан босатылды, деп хабарлайды құрылыс басқармасындағылар. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

27 маусым 2017, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.