Атырау, 8 мамыр 09:10
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

"Сәтпаев: Қазақстан үшін қытайлық несиеге байланып қалмау маңызды", "Қазақстан Қытайдың өз үйі ме?", "«Тәуелсіз мұғалімдер» құқықтарын бірігіп қорғауға көшті", "Владимир Путин: Ресей үшін екі қауіп бар"

2 048 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қазақстан Қытайдың өз үйі ме?" - Астанаға үш күнге ресми сапармен келіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитіне, одан кейін ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсіміне қатысқан Қытай төрағасы Си Цзиньпин: «Мұнда өз үйімде жүрген сияқтымын», – деді. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанға келген Түркия президенті Реджеп Ердоған да осыған ұқсас сөз айтқан-ды.

"Құмар ойынға құмартпа!" - Бүгінде аз ақша беріп, көп пайда тапқысы келетіндердің саны артып келеді. Ал мұны әлемдегі букмекерлік кеңселер өз пайдаларына өте ұтымды пайдалануда. Минут сайын біреу миллионды қолына ұстаса, біреу үйі мен отбасынан айырылады. Талай отбасының шаңырағы шайқалып, талай адамның қалтасы қағылып жатады. Мұның барлығы құмар ойынның салған әлегі. Бір өкініштісі, құмар ойынға құмартатындардың дені студенттер мен жастар. Ертеңгі елдің тұтқалары бүгінгі әбжыланның әріптесі болса не болмақ?!

AZATTYQ.ORG. "«Тәуелсіз мұғалімдер» құқықтарын бірігіп қорғауға көшті" - Қазақстанның әр аймағында тұратын, өздерін «тәуелсіз» атайтын мұғалімдер әлеуметтік желіде ұйымдасып, қысым көрген әріптестерінің құқығын бірігіп қорғай бастады. Кей мұғалім виртуалды ұйымшылдық арқасында «қысымнан құтылғанын» айтса, аудандық білім бөлімі өкілі «құқығын заңмен қораған мұғалімге қысым жасалмайды» дейді. Ал кәсіподақ маманы мұғалімдердің өз құқықтарына мән бере бастауын «сең қозғалды» деп бағалайды.

"«Ұлтаралық қақтығыс» туралы жазған тілші елден кетті" - Қырғызстандық журналист бас бостандығынан айрылмау үшін елінен кетуге мәжбүр болды. Ал Қырғызстан соты Орталық Азия туралы мақалалар жариялайтын мәскеулік сайтты жауып тастау туралы үкім шығарды.

INFORMBURO.KZ. "EXPO-ға қыдырып келгендердің қаперіне: адасып-алданып қалмас үшін" - EXPO-ға келіп жатқан халық көп. Көрмеге жетудің, оның билеті, қызықты шаралар, тамағы, жалпы, адаспай жүріп, пайдалы ақпараттарды біліп алу артық етпейді.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Сәтпаев: Қазақстан үшін қытайлық несиеге байланып қалмау маңызды" - Қытай – Астананың инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыруға дайын ең ірі қазақстандық инвесторлардың бірі. Бұл ретте қалай қытайлық инвестицияға байланып қалмауға болады?

ABAI.KZ. "Алаш ардақтылары кім, Алмалар кім?" - Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан азаматтарына үлгі-өнеге етіп дәріптер тұлғалар мен қайраткерлерге қойылар талаптар, өлшем-мизамдар бар ма, жоқ па осы?.. Егер бар болса, кешегі қызыл империя тұсында  ұлтын, дінін, ділін сатып, жанын жалдаған, сол үшін 70 жыл бойы көкке көтеріле дәріптелген қызыл белсенділер, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тұсында да ардақталып «Алаштың ардақтаған Алмасы еді» деп көлдей мақала жарияланар ма еді? 

QAZAQTIMES.COM. "«Шоуға» айналып кете жаздаған қазақ құрылтайы және оған қарсы шыққан қайраткерлер" - 1990 жылы 25 қазанда қабылданған «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияда»: «Қазақ ССР Республикасы барлық шетелдегі қазақтарға қамқорлық және олардың өз тарихи отанына оралуына жағдай жасайды» деп жазылған. Алайда басында жақсы басталған осы іс соңғы жылдары бәсеңдеп кетті. 

AIKYN.KZ. "Владимир Путин: Ресей үшін екі қауіп бар" - Шын мәнінде біздің елге қатысты қазіргі таңда екі қатер бер: Бірінші Шығыс Еуропа елдеріне орналастырылып жатқан АҚШ пен НАТО-ның ракетаға қарсы қорғаныс жүйелері. Екінші қауіп мынада: Солтүстік және Жерорта теңізіндегі теңіз корабльдерде  ракеталық қондырғылар сақадай сай, әскери дайындықта  тұр. Америкалықтар  Аляска аймағында да ракеталық қорғаныс жүйелерін орналастырып жатыр.  Осы әрекеттері арқылы АҚШ пен батыстағы әріптестеріміз Ресейдің айналасына ракетаға қарсы қорғаныс жүйелерін орнату арқылы өрескел  стратегиялық қателік жіберді. Бұл жанталаса қарулану әрекетін білдіреді.  Менің ойымша, халықаралық ядролық тепе-теңдікті ешуақытта бұзуға болмайды. Мұндай қадам мемлекеттер арасындағы жылы қарым-қатынасты бұзып, «қырғи қабақ соғысқа» алып келеді, — деді Ресей президенті «Путинмен әңгіме» атты деректі фильмде америкалық журналист  Оливер Стоунға берген сұхбатында.

365INFO.KZ. "Депутаттар қорғансыз жандарға қырғидай тиген бұрынғы полицейлерге қатаң жаза талап етті" - Жақында Алматыда жалғызбасты жандарды өлтіріп, меншігіндегі дүниені заңсыз иемденіп келген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Масқара болғанда, қандықол бандылардың ішінде жеке адамдарды қорғауы тиіс деген құқық қорғау органы өкілдері де көптеп бар болып шықты. Бүтін салаға селкеу түсірген осы ұятты іс бойынша бүгін бір топ депутат Үкіметке сауал жолдады.

14 маусым 2017, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.