Атырау, 26 сәуір 10:00
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ компаниясында "Жас мамандар күні" өтті

3 898 просмотра

Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ алаңында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (әрі қарай ҚМГ БӨ) деңгейінде 5-ші мерейтойлық «Жас мамандар күні» шарасы өтті.

Оған еліміздің түрлі өңіріндегі ҚМГ ӨБ құрамына кіретін 12 еншілес мекеменің қызметкерлері қатысты. Бір ерекшелігі, жыл сайын өтіп тұратын форум Қазақстанның мұнайгаз саласының негізін салушы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Алғашқы күн бойына меймандар компанияның бас кеңсесінің визуализация орталығында орналасқан  «Ембімұнайгаз» АҚ компаниясының интерактивті музейіне барып, «УАЗ интеллектуалды кен алаңы» жобасының жаңа технологияларымен танысты.

Форумның бірінші күнінде дәстүрлі жобалар жұмысы байқауында жас мамандар өз жобаларын қорғады. 39 жоба 4 тақырыптық секцияға бөлінді: «Геология және кен алаңдарын игеру», «Мұнай және газ өндірудің техникасы  мен технологиясы», «Экономика» және «Өндіріс процесін, энергетиканы және ТПБАЖ жақсарту». Өткен жылдары бірқатар жобалар өндіріске ойдағыдай енгізілді. Соның ішінде, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Ембімұнайэнерго» өндірістік-құрылымдық бөлімшесінің қызметкері Айбек БИСЕНОВТІҢ жобасын атап айтуға болады.


Қызу пікірталастан кейін мұнайшылар жұмыс қамынан арылып, Жайық өзенімен теплоходта серуендеді. Содан соң бұл күнді балық өнімдерін өңдеумен және шығарумен айналысатын «Амангелді» өндірістік кооперативіне барумен аяқтады. Ғылыми-тәжірибелік конференция шараның шарықтау шегіне айналды. Меймандарға 10 амбициялық жобалар ұсынылды. Бұлардың жартысы - «Ебімұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жобасы. Жұмыстар әсерлі бейнесюжеттермен көрсетілді. Таныстырылымнан кейін спикерлер залдан қойылған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз жобаларын экономикалық тұрғыда толықтай сипаттап берді.


Түстен кейін конференцияға қатысушылар «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы Жақсыбековпен және ресейлік бизнес-тренер Гузель Санжаповамен кездесті. Форум өз жұмысын «Оранж пати» кешкі шарасымен қорытып, онда жоба жұмыстарының жеңімпаздары жарияланды.


«Геология және кен алаңдарын игеру» секциясында - «Қаражанбасмұнай» АҚ қабат қысымын сақтау цехының техник-геологы Жарас Исламбердиевтің «Кольматациямен күрестің тиімді әдісі (Перфорация аралығын тазалау)» жобасы, «Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы» секциясы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехының ұңғымаларды зерттеу жөніндегі аға инженері  Руслан Ақмұхановтың «ППШ-О қайтаруға қарсы қарнақ құралы» жобасы, «Экономика» секциясы бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нің еңбекті мөлшерлеу жөніндегі жетекші инженері Ғибрат Ауғановтың «Еңбекті мөлшерлеуді енгізу» жобасы, «Өндіріс процесін, энергетиканы және ТПБАЖ жақсарту» секциясы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ бұрғылау жұмыстары басқармасының Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы Бекназар Таласбаевтың «Ұңғымаларды жерасты жөндеу жұмыстарын оңтайландыру» жобасы мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан Жаңабаевтың  «ОПИ электронды тасымал деңгейін өлшеуішті енгізу» жобасы үздік деп танылды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда көрермен көзайымы жүлдесі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның  жұртшылықпен байланыс департаментінің қызметкері Бауыржан Байымбетовтің еншісіне тиді.  

14 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған