Атырау, 26 сәуір 14:23
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қылмыстар хроникасы

3 233 просмотра

Полицейлер 57 жастағы балықшылық тұрғынды – нашақорды ұстады. Оның үйінен есірткілік зат табылған. ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағы («Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарымен заңсыз жұмыс істеу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталушының қанынан трамадол табылды.

Жұмыскер поселкесінің екі тұрғынын ауылдасы алдап кеткен.  Ол ақпанда жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, біреуінен 100 мың теңге, екіншісінен 60 мың теңге алып, ғайып болған. ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тергеу жүргізілуде.

Жол полицейлері СМП-163 ықшамауданында «Ниссан Максима» көлігін тексеру үшін тоқтатып, жүксалғыштан жалған көлік нөмірлерін тапқан. 30 жастағы жүргізуші «резервті» нөмірлерді қайдан алғанын түсіндіре алмады.

Маусымның 5-де күндіз белгісіз біреулер Лесхоздағы жиһаз цехының орынжайына кіріп, 250 мың теңге болатын құрал-саймандарды қолды қылған. Тергеу жүргізілуде.

Қалалық №2 полиция бөліміне Привокзальныйдың 50 жастағы тұрғынынан шағым түсті: 37 жастағы Нұрсая тұрғыны оқу жылының аяғында мектеп бітіру кешін ұйымдастыруға уәде беріп, ата-аналардан 50 мың теңгеден жинап, ғайып болған. Полицияға қаланың әр түкпірінде тұратын 14 азаматтан да осы әйелге қатысты осындай шағымдар келіп түсті.

Маусымның 6-на қараған түні Крупская көшесінің бойындағы үйдің подъезінен белгісіз біреу 40 мың теңге тұратын «Десла» маркалы велосипедті қолды қылған. Соңғы кездері облыс орталығында велосипед ұрлау едәуір жиілеп кеткен.

8 маусым 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.