Атырау, 26 сәуір 07:52
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жартылай финал жеңімпазы «Мұнайшыда» анықталады

2 352 просмотра


24 мамырда «Атырау» сырт алаңда қарағандылық «Шахтер» командасымен футболдан Қазақстан Кубогы жартылай финалының алғашқы матчын ойнады.

Бірінші таймда меймандар өздеріне тән емес «павловтық»  сылбыр футбол ойынын ойнады, бұл үшін әлденеше рет жазалануы мүмкін еді. «Шахтерда» 10-нөмірлі Дәуренбек ТӘЖІМБЕТОВ өз белсенділігімен көз түсті. Ол үш мәрте оңтайлы позицияға шығып, Андрей ПАСЕЧЕНКОНЫҢ қақпасына қауіп төндірді. Алайда біздің қақпашымыз бұл қауіпті қайтарып тастады.

Дегенмен, олар сылбыр ойындары үшін жазаларын алды: матчтың 17-ші минутында «Шахтердың» жартылай қорғаушысы Марко СТАНОЕВИЧ алыстан қатты соққы бағыттап, Пасеченко допты қайтарды. Алайда Тәжімбаев шеберлік көрсетіп, кері серпілген допты қақпаға дарытты. Есеп – 1:0. Екі минуттан кейін «Атырау» есепті теңестірер еді. Шавкат САЛОМОВ қарсыластың қателігін пайдаланып, допты жолдан тоқтатып,  алысқа ұзаған Игорь ШАЦКИЙДЫҢ қақпасына салуға тырысты. Алайда доп қақпадан сәл жоғарыға кетті.

Екінші таймда қонақтар анағұрлым ширақ қимылдады (шамасы, киім ауыстыратын жерде Сергей ПАВЛОВТЫ біраз тыңдаған болу керек), әсіресе, 62-минутта Йован ДЖОКИЧ айыппұл алаңының шетінен жақсы соққы бағыттады, алайда допты қожайындардың қорғаушысы кері қайтарды. Ойын аяғына қарай «Шахтер» есепті ұстап тұру үшін ойнай бастады. Шамасы, жауапты матч алдындағы есеп көңілінен шыққанға ұқсайды. Өз кезегінде «Атырау» шабуыл жасағысы келгенмен, қауіп төндіре алмады.

Кубоктың бірінші матчындағы 1:0 есеп нәтижесі қожайындар үшін тиімді деп есептеледі. Көрерміз. Қарсы ойын «Мұнайшы» стадионында 21 маусымда өтеді. 

Марат ТАКУЛИН

25 мамыр 2017, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.