Атырау, 26 сәуір 14:14
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

БЖЗҚ қоғамдық кеңесіне жаңа төраға тағайындалды

1 667 просмотра

Фото: facebook.com
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қоғамдық кеңесінің төртінші отырысында кеңеске жаңа төраға тағайындалды. Жиналысқа қатысушылардың дауыс беруімен заңгер Евгений Сейпульник (суретте) кеңестің төрағасы болып сайланды. 

Бұл туралы БЖЗҚ-ның фейсбук парақшасында жазылды.  

Евгений Сейпульник "Solutio" заң фирмасының бас директоры қызметін атқарады. Бұған дейін қоғамдық кеңесті саясаттанушы Досым Сәтбаев басқарған еді.

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуір айында Досым Сәтбаев өзінің БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің құрамынан шығатынын хабарлаған. Экономист Рақым Ошақбаев пен «Қаржылық еркіндік» қамқоршылық кеңесінің басшысы Ботагөз Жұманова да қоғамдық кеңестің құрамынан шыққан болатын.

Дереккөз:  qazaqtimes.com 

25 мамыр 2017, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.