Атырау, 26 сәуір 17:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің бас директоры пара алу үстінде ұсталды

Бейнежазба
2 685 просмотра


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директоры Б.Ш. Халықты 70 мың АҚШ доллары сомасында кезекті пара алу барысында ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Күдікті атқарылған жұмыстар актісіне жылдам қол қою үшін мердігер ұйымдардан жүйелі түрде пара алудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған. Бұдан бөлек, Б.Ш. Халық бас есепші К.Т.Медебаева мен кәсіпорынның Атыраудағы бөлімшесінің басшысы Т.У.Махмұтовтың қатысуымен РМК-ның ірі көлемде қаржысын жымқырды деген күдікке ілікті. 

Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында 300 мың АҚШ доллары мен 6 млн теңге табылды. 23 мамыр күні Б.Ш. Халық, К.Т.Медебаева және Т.У.Махмұтов ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. 


Дереккөз: ҚазАқпарат

24 мамыр 2017, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.