Атырау, 26 сәуір 17:59
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Енді бәс тігілмейді

2 256 просмотра

Жылыой аудандық соты ҚР ҚК-нің 307-бабы («Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру») бойынша үкім шығарды.

Құлсары қаласының тұрғыны аудан орталығынан рұқсат құжаттарсыз букмекерлік кеңсе ашқан. Астыртын бизнес полиция анықтағанға дейін біраз уақыт қызмет еткен.

Сотта әйел өз кінәсін мойындап, прокурормен іс жүргізу келісімін жасайды. Аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, оған 1 134 500 теңге мөлшерінде айыппұл жазасы берілген. Букмекерлік кеңсенің ішіндегінің бәрі мемлекет кірісіне алынды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

17 мамыр 2017, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.