Атырау, 26 сәуір 14:51
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Қазақстан «гибрид соғысқа» тойтарыс беруге әзір ме?", "Келесі президент қандай болмақ?", "Бүгінгі қазақ зиялысы кім?", "Орталық Азия елдерінің интеграциясы неге алып келеді?"

2 263 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстан «гибрид соғысқа» тойтарыс беруге әзір ме?" - Қазақстан қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов ел армиясы "гибрид соғыстарға" тойтарыс беруге әзір екенін мәлімдеді. Азаттық сөйлескен кей сарапшылардың пікірі өзгеше.

"Убайдуллоевтың басынан бағы тая бастады" - Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы – Мажилиси Милли төрағасы Махмадсаид Убайдуллоев биліктегі ықпалынан біртіндеп айырылып жатқанға ұқсайды. Оның жақын серіктері істі болып, сотқа тартылып жатыр.

ZHASALASH.KZ. "Келесі президент қандай болмақ?" - Сонымен, президенттіктен үміткерлерге қосымша талаптар қойылатыны хабарланды. Мамырдың 4-і күні мәжілісте Қазақстанның кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев президенттікке кандидаттарға қосымша бірнеше талап қойылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, жобаға сай, кандидаттарға мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған кем дегенде бес жыл тәжірибесі болуы міндет. Сондай-ақ президенттік міндетін атқаруына кедергі келтіретін ауруы жоқтығын растау туралы талаптар «Сайлау туралы» заңға енгізілмек. Яғни кандидат міндетті медициналық тексеруден өткізіледі. 

"Шеруден кейінгі бір жыл: БІЗДІ ҚОРҚЫТА АЛМАЙДЫ!" - Биліктегілер «сатамыз» деп, халық «оларың болмайды» деген жер дауының басталғанына, міне, бір жыл толды. Мұнда «кім жеңдіге» келер болсақ, әрине, халық жеңді деуге толық негіз бар. Келер пайданың тиынына дейін санап қойып, жерді жалға беру мен сатуды бастайын деп тұрған шағында оянған халықтың жаппай қарсылығынан сескенген билік аяғын тартып, бірнеше жылға мораторий (кідіріс) жариялауға мәжбүр болды. Мораторий, әрине, уақытша нәрсе. Биліктің бұл мәселеге қайта айналып соғатыны айдан анық.

365INFO.KZ. "«Назарбаев, сен тыңда! Халқым саған айтам». Мекемтас атаның ұсынысын қолдайсыз ба?" - «Қазақстан» ұлттық арнасында журналист Бейсен Құрамбек жүргізетін «Айтуға оңай» бағдарламасында аса маңызды тақырып талқыланды. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына қатысты пікір білдірген абайтанушы, ғалым Мекемтас аға Мырзхметов рухани жаңғыру туралы ең тұшымды ой айтты. 

ABAI.KZ. "Соғыста Ресей жеңілді..." - Қазір қоғамдық сана өзгерді. Уақыт кімнің жеңімпаз, кімнің жеңілгенін дәлелдеді. "Соғыста Германияны тықсырдық" деп күпінетін Ресей қазір Герман мемлекетінің қолына су құйып бере алмайтын халде.

"Бүгінгі қазақ зиялысы кім?" - Ұлттың ұлттық болмысын анықтайтын, заманауи мәселелерді көтеріп соған шешім іздейтін, өзінің шебер туындыларымен таң қалдыратын, ұлт болашағына бей-жәй қарай алмайтын, ұлт көсемдері зиялы қауым деп қарастырылады. Ал бүгінгі Қазақстандағы зиялы қауым кімдер? Осы сауалға жауап іздесеңіз іздегеніңізді таба алмайтындай көрінесіз. Неліктен?

"Жүректегі соғыс сызы" - Күркiреп өткен кешегі соғыстың мәңгi ұмытылмас, жаныңды мәңгi сыздатар қасiретi бар екен. Мен осы бiр қасiреттi жастайымнан сезiп өстiм.

QAZAQTIMES.COM. "Орталық Азия елдерінің интеграциясы неге алып келеді?" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов дүниеден озғанан кейін ресми Ташкенттің жаңа басшысы Шавхат Мирзеевтің билік басына келуі, әлемдік геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы, терроризм мен заңсыз миграция мәселелері Орталық Азия мемлекеттерінің бірігуге қадам жасауларына алып келді.

TURKYSTAN.KZ. "Алашқа ант бергендер" - Мемлекеттің қуаты экономикасы һәм саяси әлеуетімен ғана өлшенбейді. Әлемнің түкпір-түкпірінде соғыс өрті маздаған бүгінгідей алмағайып уақытта бір елдің екінші елден артықшылығы қарулы күштерінің  қауқарымен бағалананатынына жаһандық тәжірибе көзімізді әбден жеткізді. Сондықтан Елбасы мемлекеттің айбыны – әскеріміздің әлді болуын басты назарда ұстап келеді. Тәуелсіздіктің елең-алаңында құрылып, ширек ғасырдан бері ел қауіпсіздігіне қалқан болған ҚР Қарулы күштерінің қауқары қандай десе, «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп ұялмай көрсете алатын күнге жеттік. Мемлекет басшысының 1992 жылы 7 мамырдағы Жарлығымен жасақталған ұлттық армия биыл 25-ке толып отыр.

JASQAZAQ.KZ. "Мұхамеджан Тазабек: «Арам ойлы аға, желіккен жеңге көбейді»" - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Мұхамеджан Тазабек бұзылған жүрек пен нәпсінің қалауын орындап, айналада шауып жүрген, ұяттан жұрдай жұртты сынады.

QAMSHY.KZ. "Орыс парламентіндегі жер-су мәселесі" - Алаш қозғалысының бастапқы жылдарындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі – қазақ қайраткерлерінің ұлт мүддесі жолында жүргізген парламенттік күресі еді. Жер үшін Ресей Мемлекеттік думасының екінші шақырылымында болған шайқастың бір көрінісі жайында төмендегі материал сыр шертеді.


10 мамыр 2017, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.