Атырау, 26 сәуір 09:33
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Оралда «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

1 962 просмотра

Фото: ҚазАқпарат
Бүгін Оралда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Орал «Зенит» зауыты» АҚ жасап шығарған «Маңғыстау» зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі. 

Салтанатты рәсімде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, Қазақстандағы катер шығаратын бірден-бір кәсіпорын - «Зенит» зауыты еліміз тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде бұған дейін 25 кеме жасап шығарған болатын. Ол кемелер қазіргі таңда Каспий теңізінде ел тыныштығын күзетуде. Бүгінгі су жаңа «Маңғыстау» кемесі қазіргі заманғы талаптарға сай келеді.

Айта кетейік, «Зенит» зауытында құрастырылған «Маңғыстау» кемесі ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің қажеті үшін арнайы тапсырыспен дайындалды. Бұл Әскери-теңіз күштеріне берілетін осындай тұрпаттағы төртінші кеме болып табылады. Бұрынғыларына қарағанда, бұл кемеде ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің тапсырмасына сәйкес қару-жарақ жаңартылып, атқарылатын міндет ауқымы кеңейтілген. Мысалы, онда қарулы жүзгіштерді қосқанда, суасты қауіптерді анықтайтын құрал-жабдық орнатылған. Құрастыру кезінде осындай кемелерді пайдаланатын әскери бөлімдердің ұсыныс-тілектері де ескерілген.

Дереккөз: ҚазАқпарат


27 сәуір 2017, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.