Атырау, 26 сәуір 12:20
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Назарбаев Түрікменстан президентімен кездесті

2 656 просмотра


Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Түрікменстанды, жалпы түрікмен халқын біз өзіміз үшін ең жақын көрші, әріптес және бауырлас халық деп санаймын. Тәуелсіздіктің 25 жылында өзара қарым-қатынасымыз әрдайым жоғары деңгейде болды. Елдеріміздің арасында ешқандай шешілмеген мәселелер болған жоқ. Біз қалай қарым-қатынасымызды орнаттық, бүгінгі күнге дейін ол сондай деңгейде қалып отыр. Көрші елмен сыртқы саясатта ынтымақтастық орнатып, Түрікменстан бастамаларын халықаралық деңгейде қолдаймыз. Көрші ел де біздің бастамаларды қолдап жүреді», - деді Назарбаев.

Елбасы Түрікменстанмен бірлескен ірі жобалардың бірі – Қазақстаннан Түрікменстан мен Иран арқылы өтетін теміржол - Жібек жолы бағдары екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл жайында 15 мамыр күні Бейжіңде өтетін «Бір белдеу-бір жол» форумында егжей-тегжейлі айтылатынын жеткізді.

Дереккөз: Baq.kz

18 сәуір 2017, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.