Атырау, 2 мамыр 03:11
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"А.Перуашев: білім саласындағы мәселелер бәрімізге ортақ", "Бәсе, Путин жіберіпті. Соловьев Қазақстанға дәріс оқуға ғана келмейді…", "Ерлан Қариннің фантазиясы Елбасының Жарлығынан күшті ме?", "ИМ қоршауда, бірақ оны жеңу бәрібір қиын"

2 328 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мұнайшылар наразылықтан соң қысым күшейгенін айтады" - Маңғыстаудағы Oil Construction Company мұнайшылары қаңтардағы аштық акциясына қатысқандарды жұмыстан шығару жалғасып жатқанын, қамаудағы кәсіподақ жетекшілері орнына сайланғандарды жұмыс берушінің мойындамай отырғанын айтады. Компания әкімшілігі түсініктеме бермей отыр.

"ИМ қоршауда, бірақ оны жеңу бәрібір қиын" - Ирактың Мосул қаласын «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларынан азат етуді көздеген халықаралық коалиция терроршыларды талқандауға тырысып жатыр. Жыл басында коалиция әскері Евфрат өзені екіге бөліп жатқан Мосулдың шығыс бөлігін қайтарған, енді бұл әскер қаланың батыс бөлігіне өтті.

"АҚШ Канадада тұратын «қазақстандықты» «хакер» деп ұстатты" - АҚШ билігі Ресей барлау қызметінің екі өкілі мен тағы екі хакерге интернет алпауыты Yahoo желілеріне «бұзып кірді» деген айып тақты. Хакердің бірі ретінде Қазақстанда туған Канада тұрғыны Кәрім Баратов аталады. Yahoo аккаунттарын жаппай бұзып кіру оқиғасы 2014 жылы болған еді.

ҚАЗТАГ. "Неге теңге бағамы қайтадан қысым астында қалды?" - Ақпан айында доллар аздап әлсірегеннен соң наурыздың басынан бастап теңгемен жұбында күрт көтеріле бастады және ол ұлттық валютаны бұрынғысынша  фундаменталдық факторлар қолдап тұрғанына қарамастан. Бірақ көктемнің бірінші айының басында екі елеулі себеп пайда болып, ол жоғарыда айтылған қолдауды теңгеріп, америкалық валютаның одан ары нығаюына септігін тигізуі мүмкін. 

365INFO.KZ. "Бәсе, Путин жіберіпті. Соловьев Қазақстанға дәріс оқуға ғана келмейді…" - Естідіңіз бе, бізге Соловьев келеді екен.  Ол кім? Сіз оны көкжәшіктен көргенсіз. Бәлкім, тұрақты көрермені шығарсыз? Осында отырып Ресейдегі оқиғаларға уайым-қайымдап отыратындар көп қой бізде…

"Атақты балет бишісі Алматыда қаңғып жүр" - Ол – Низам Кәрімов еді. Осыдан 8-9 жыл бұрын Мәскеудегі атақты «Тодес» шоу-балет тобының талантты солисі болған. Балет бишілерінің ішіндегі ең мықтысы, хас шебердің өзі еді. Мәскеуде тұрып, «Тодесте» 12 жыл билеген қазақ жігіті ресейлік шоу-бизнес өкілдерімен жақын танысып, аралас-құралас болған. Шоу-балеттің арқасында талай елде болып, мұхит-құрлықтарды түгел шарлаған еді.

ABAI.KZ. "«SOS», «SOS», «SOS» немесе «беспредел-4»" - Аса құрметті оқырман бүгінгі мақала өздеріңізге арналады. Біз көтерген мәселе ақпарат құралы бетінде осымен төртінші мәрте қозғалып отыр. Бұл және соңы болмайтынға ұқсайды. Біздер әдептен озбай реттілігімен ҚР Бас Прокуроры Ж.Асанов мырзаға істің  ақ-қарасын шешуге сенім білдіріп, мән-жайды жан-жақты талдап, көрсетіп хат жаздық.

"А.Перуашев: білім саласындағы мәселелер бәрімізге ортақ" - Біздің қоғамда бұған дейін ешқандай реформа дәл осындай пікірталасқа негіз болмап еді. Қазір көзі ашық, көкірегі ояу жандардың бәрі еліміздегі білім реформасына өз ойларын білдіріп жатыр. Бірі – мақтайды, бірі – даттайды. Біріне – дәстүр керек, бірі – жаңалық іздейді. Ал, сол пікірталастың түп-негізі қайда, мәселе қайдан шығып отыр? «Ақ жол» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев пен белгілі журналист Арман Сқабылұлы осы сұрақтарға жауап іздейді.

QAMSHY.KZ. "СҚО шенеунігі көшенің ескі атауларын өзгертуге неге қарсы?" - Солтүстік Қазақстан облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің 2017 жылғы 14 наурыз күнгі санында «Ескі атаулардан арылатын уақыт жетті» деген мақаланы оқығаннан кейін, қолыма қалам алып отырмын. Қызылжар ауданындағы Петерфельд ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Сағат Қуандықов кеңестік дәуірдің сарқыншағы іспетті ескі атаулардан арылатын уақыт жеткенін, әлі де болса ономастика мәселесінің ақсап тұрғаны жайында өз ойын білдіріп, мақала жазған екен. Материалдан қандай да бір оғаштық, арандатушылық не болмаса жеке бір тұлғалардың ар-ожданына нұқсан келетіндей пікірді байқамадым. Соған қарамастан Қызылжар аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарып жүрген Алла Криворотько аудандық «Қызылжар” газетіне беттеліп, шығып бара жатқан мақаланы алдырып тастапты.

"Атақ пен даңқтың, тақ пен мансаптың қолма-қол құлы бола кеткеніміз өтірік пе?" - ...Кез келген адам баласы жақсы ма, жаман ба, бұл өмірде пешенесіне жазғанын көреді. Ханды да, қараны да, байды да, кедейді де, жақсыны да, жаманды да, үлкенді де, кішіні де, алалап бөліп-жармай, қойнына алады, қара жер, суық көр. Яғни, оның аты – өлім!

TURKYSTAN.KZ. "Өз еліне сыймаған сөз зергерлері" - Орталық Азия озалдан өмірге дарынды тұлғаларды көп әкелген өңір. Өкінішке орай, кейбір тұлғаларымызды аялай алмайтынымыз да шындық. Тарихқа жүгінсек, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан Беруни, Захириддин Мұхаммед Бабыр сияқты қаншама алыптарымыз сан түрлі себептермен шетел асып кеткен. «Бір жамандықтың бір жақсылығы болады» демекші, бәлкім, олардың бұл әрекеттері бір жағынан дұрыс та болған шығар. Егер Әбу Насыр Фарабта, Әбу Райхан Қиятта жүре бергенде әлемдік деңгейге шыға алар ма еді, шыға алмас па еді, кім білсін? Он төрт жасында Падишах болған Захириддин туған жері Әндіжанды немесе Самарқанды билегенде сағынышқа толы ғазалдар мен  «Бабырнама» өмірге келер ме еді, келмес пе еді?.. 

QAZAQUNI.KZ. "Арман Сқабылұлы: Қазақ телевизиясын кілең сайқымазақтар басып алды" - Тоқсаныншы жылдары, қазақ телевизиясының дүрілдеген тұсында оның басы-қасында жүрген мамандар көрерменді көгілдір экранға елітіп қоятын. Сол кездегі телебағдарламалар әр қазақтың төрінен ғана емес жүрегінен орын тауып, жадында жатталып қалатын еді. Салмақты телеөнімді көрермен еш жатырқамайтын. Телевизия ұлтты ұйытқан күшті құрал еді. Ал қазіргі жағдайы қалай?

DALANEWS.KZ. "Бұрынғы мен бүгінгі жазушының айырмашылығы" - Сафуан Шаймерденов 1987 жылғы 28 мамырда Қазақстан Жазушылар одағының пленумына қатысқан Г.Колбинге былай деген: "Қазақстанның Орталық комитетінде сізден бұрын 12 хатшы болды. Солардың ішінде қазақ халқының есінде қалғаны – тек Мирзоян. Өйткені ол Голощекиннің геноцидінен болған ашаршылықты тоқтатты, қазақ халқын құрып кетуден аман алып қалды… Келгеніңізге 1,5 жыл болды. Осы уақыт ішінде қазақ халқының, ең болмаса басқалармен терезесі тең тұратындай не істедіңіз? Оларды «ұлтшыл» деп айыптап, балаларын алаңда қырып-жойғаннан басқа не нәрсені төңкеріп тастадыңыз? Қазақ халқы сізді Голощекин секілді тек жаман жағынан еске алатын болады", – депті. (Б.Төлепбергеннің “Біз білмейтін Желтоқсан” кітабынан алынды). Бұл тек сол кездегі жариялылықтың арқасы ма, әлде зиялылардың батылдығы ма? Жазушылар одағының беделі қандай мықты болған? Қанша дегенмен, Колбин Қазақ КСР-інің бірінші басшысы болып, қаһарына мініп тұрған кез ғой.

HALYKNEWS.KZ"Ерлан Қариннің фантазиясы Елбасының Жарлығынан күшті ме?" - Президент Н.Назарбаевтың арнайы Жарлығымен елімізде 100 пайыз хабар таратып келген «Қазақстан» ұлттық арнасының жұмысы жаңа топ-менеджердің келуімен өзгеріске түскелі жатыр. Атап айтқанда, ағылшын тіліндегі сериалдар бұдан былай қазақша дыбысталмайтын көрінеді. Астына қазақ тіліндегі аудармасы жүгіртпе жолмен ғана беріледі. Ult.kz порталында жарияланған «Қазақстан» РТРК АҚ жұмысы жайлы имидждік мақаласында былай депті: «18 наурыздан бастап соңғы жылдардағы ең үздік британдық сериал Бенедикт Камбербэтч басты рөлді сомдаған «Шерлок» туындысы эфирге шығады. Бұл туынды қазақ тіліндегі субтитрлермен ағылшын тілінде көрсетілетін болады. Түпнұсқа негізінде көрсету – көрермендерге сүйікті актерлерінің шынайы дауысын естуге, сондай-ақ, фильмнің атмосферасына түбегейлі еніп, ағылшын тілін үйден шықпай-ақ үйренуге мүмкіндік береді».


16 наурыз 2017, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.