Атырау, 26 сәуір 11:06
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Головкин - Джейкобс жекпе-жегінің елімізде нақты қашан көрсетілетіні белгілі болды

2 325 просмотра

© vk.com/ggolovkin
Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA regular чемпионы Дэниэл Джейкобспен жекпе-жегінің нақты уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі 19 наурызда Астана уақыты бойынша сағат 09:40-та басталады. Астана уақытымен 08:40-та рингке никарагуалық Роман Гонсалес пен Тайланд боксшысы Висаксил Вангек шығады. 07:50-де мексикалықтар Карлос Куадрас пен Давид Кармон жұдырықтасады. 

Айта кететейік, "Қазақстан" және KazSport телеарналарында бокс кешінің трансляциясы 08:00-де басталады. 

Дереккөз: Vesti.kz


16 наурыз 2017, 13:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.