Атырау, 26 сәуір 17:52
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Донбаста табылған "құпия қару қоймалары" нені білдіреді?", "АҚШ-ты шаң қаптырып кеткен күн", "Соловьевті сайратуға кімдер құштар?", "Билікте кадр тапшылығы тағы байқалды", "Қазақта алхимия болған ба?"

2 306 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Донбаста табылған "құпия қару қоймалары" нені білдіреді?" - Ресейдің айтуынша, Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер осы елдің әскерімен соғысуға қажетті қару-жарақты «Донбасс шахталарынан» тауып алған. Белсенділер мен сарапшылар қаруды (айта кетерлігі, ең заманауи қару-жарақтар) Донбасқа Ресей жеткізіп берді дейді, дәлелдері де бар.

"Қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жылу жинап та көмектескен" - Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында қар көшкіні астында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына мемлекет есебінен және қайырымды жандар жинаған ақшадан көмек көрсетілді деп мәлімдейді. Кей сарапшылар әскерилер мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік қорғау деңгейі мүшкіл тұста төленген бір реттік өтемақыны жеткіліксіз санайды.

"Мәслихаттар сайлауы туралы ақпарат аз" - Наурыздың 26-сында Қазақстан бойынша 58 сайлау округінде жергілікті мәслихаттардағы босаған орындарға депутаттарды сайлайды. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу наурыздың 1-інде (Астана қаласында наурыздың 10-ында) аяқталып, үміткерлер сайлау алдындағы үгіт-насихаттарын бастаған. Саясаткер Әміржан Қосанов билік «сайлауды тыныш өткізуге тырысатынын, ал қоғам сайлауға сенімсіздікпен қарайтынын» айтады.

ZHASALASH.KZ. "АҚШ-ты шаң қаптырып кеткен күн" - Сөйтіп, АҚШ-ты шаң қаптырып кеттік. Наурыздың 10-ы күні жаңа Конституциямен оянған депутаттар мен шенеуніктер демократиялық құндылықтары ғасырларға созылған АҚШ-тан Қазақстанның озып кеткенін аңғармай да қалған сияқты. Байқамай қалатын жөндері де бар. Депутаттардың сөздеріне сенсек, тарихи бетбұрыс жасап, зор жауапкершілікті мойындарына жүктепті. Енді олар билік өкілеттілігін «қылдай бөлген» су жаңа Конституция бойынша үкімет жұмысын қадағалайды екен. Үкіметтегілер де мәз. Өзгерген Конституцияда президент үкімет актілерін тоқтата алмайды. 

"Соловьевті сайратуға кімдер құштар?" - Сәуір айында Ресейден Владимир Соловьев, Радислав Гандапас пен бизнесмен Роман Василенко келіп, ақыл-кеңес беріп, бағыт сілтеп, семинарлатып қайтпақ. Бұл үшеуі 1 сәуірде Алматыдағы 1200 орындық «Риксос» қонақүйінде, 8 сәуірде Астанадағы 3000 адамдық Тәуелсіздік сарайында семинар өткізбекші. Семинар тақырыбы: «Қатаң келіссөздер немесе көшбасшы болу өнері».

365INFO.KZ. "Досай Кенжетай: «Қазақта ортақ ақыл түгіл , ортақ тіл де жоқ…»" - Былтырғы Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғаларына дейін елімізде салафизм ағымының қаупі жайында ашық айтылмайтын. Дәстүрлі емес ислам ағымы екенін, қазақтың салт-дәстүріне қарсы екенін біле тұрсақ та, не имам-молдалар, не дінге жауапты шенділер, не құқық қорғау органдары салафизмді қауіпті ағым деп ашып айтқан жоқ. Бәлкім бірлі-жарымы айтса айтқан да шығар, бірақ, жаппай насихатталған жоқ.

"«Тутубаевтан құтқарыңыз!». Шендімен шекіскен кәсіпкер Бас прокурордан көмек сұрап жатыр" - Бұл даудың ақ-қарасын айыру қиын. Айналып өте алмадық, алайда. Кәсіпкер Қонай Масипханның арызын тыңдап, жариялауды жөн деп таптық.

ABAI.KZ. "Билікте кадр тапшылығы тағы байқалды" - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының жаңа әкімін тағайындады. Ол ҚР Премьер-министрдің бұрынғы кеңесшісі Ерлан Жақанұлы Қошанов.

"Үкімет оралмандардың зейнетақысына ауыз салғаны ма?" - 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін ала салысымен ат басын атамекенге бұрған, мәні зор, мағынасы терең Ұлы көшті бастаған Моңғолия қазақтары болатын.

QAMSHY.KZ. "Репрессиялар жасаған бұрмалауларға алданбайық" - Қайта құру жылдары Сұлтанбек Қожановтың зайыбы Гүләндәм апайдан Ташкентте «Шығыс кештерін» қоюшылардың бірі болған Дінше Әділов жайында алғаш естіген едім. Кейінірек, арнайы қызмет архивіндегі ісімен танысу барысында, оның өмірбаянын біршама толық біліп алдым. Бүгінгі М.О. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шаңырағын тұңғыш көтерген қайраткер бола тұра, қазақ сахна өнері тарихында есімінің мүлдем аталмау себебін де ұқтым.

DALANEWS.KZ. "Оқулық дауы. Бекболат Тілеухан неге ант-су ішкендей болды?" - Ата-аналар мен оқушылардың көптеген арыз-шағымынан соң, шенеуніктер арнайы комиссия құрып, барлық кітаптардың мектеп бағдарламасына сәйкестігінен бастап, әріп қателеріне дейін тексермекші. Тек соның нәтижесіне комиссия мүшелерінің өзі күмәнмен қарап отыр. Бүгінгі алғашқы отырыста-ақ мәжілісмендер Білім және ғылым вице-министрімен шекісіп қалды. Оқулықтардағы қатені шұқып көрсеткен Бекболат Тілеухан ұнамай қалса керек, министрдің орынбасары депутаттың әрекетін «көзбояушылық» деп атады.

AIKYN.KZ. "Араб елдері екі жарылуы мүмкін" - Кімнің саясаттағы ролі мықты болса, соның дегені жүреді. Осыдан бір ай бұрын «Айқын» газетінің сайтында «Ақ үй Иранға қарсы тұра алатын «арабтық НАТО» ұйымын құрмақ» деп мақала жариялағанбыз.

ULT.KZ. "Қазақта алхимия болған ба?" - Өткен ғасырдың 50-жылдары Американың Чикаго қаласында бұрын аңыз болып есептелінген химиялық реакцияны атомдық реакторда жүзеге асыруға талпыныс жасалды. Бұл реакция жөнінде ғалымдар арасында 2000 жыл талас жүрді. 2000 жыл бойы дəл осы құбылыс үшін қаншама алхимиктер өздерінің лабораторияларында ағзаларына орасан зор зиян келтірер түтінді жұтты. 2000 жыл бойы алхимиктерге осы бір ой маза бермеді. Чикаго қаласындағы атомдық реакторда бірнеше жыл бойы аты ұмытылуға айналған алхимиктердің арманы қайнады. 2000 жыл бойы алхимия өнерінің артынан ерген аңызы қайнады.


14 наурыз 2017, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.