Атырау, 26 сәуір 10:24
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Абхазия: Парламент сайлауына сайлаушылардың 50 пайыздан көбі қатысты

2 110 просмотра

Абхазиядағы парламент сайлауы. 12 наурыз 2017 жыл.
Грузияның жікшіл Абхазия аймағының билігі 12 наурызда өткен жергілікті заң шығарушы орган сайлауында сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады. Абхазия сайлау комиссиясының басшылығы 12 наурызда сайлаушылар белсенділігі 2012 жылғы сайлаудан 5 пайызға жоғары болғанын айтады. Аймақта сайлаушылардың 25 пайызы дауыс берсе сайлау өтті деп есептеледі. Дауыс берудің алдын ала қорытындылары 13 наурызда жарияланбақ.

Сайлау комиссиясының басшылары Халық ассамблеясындағы 35 депутаттық орынға сайлану үшін төрт саяси партиядан 137 кандидат түскенін айтады.

Кандидат берілген дауыстың 50 пайыздан астам даусын жинай алмаса, онда екі апта ішінде сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Тәуелсіздігін Ресей ғана мойындаған Абхазияда президенттік басқару жүйесі орныққан, ал парламент заң шығарып, аймақ бюджеті мен президенттің бас ппрокурор мен Ұлттық банк басшылығына ұсынған кандидаттарын бекітеді.

250 мың халқы бар Абхазия қазір экономикалық стагнациға ұшырап, инвестицияның жоқтығынан инфрақұрылымының жағдайы нашарлап кеткен. Аймақта сонымен қатар жұмыссыздық жоғары, қылмыс пен есірткі тұтыну көрсеткіші де артып барады. Абхазия экономикасы Ресейге тауар экспорттау мен Ресейден келетін туристерге тәуелді.

Ресей Грузияның Абхазия және Оңтүстік Осетия аймақтарының тәуелсіздігін 2008 жылы Грузияға қарсы қысқа уақыттық жанжалдан соң мойындаған. Ресейдің бұл аймақтарда мыңдаған әскері бар. НАТО мұны қақтығысты тоқтату туралы келісімді Еуропа Одағының ара ағайындығымен жасалған келісімді бұзады деп санайды.

АҚШ пен көптеген елдер Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Грузияның бөлшегі деп санайды аймақтарда өткен бір де бір сайлауды мойындамайды.

Дереккөз: Азаттық

13 наурыз 2017, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.