Атырау, 26 сәуір 12:49
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Медицина: Ширек ғасыр жаппай реформалардан өтті

3 473 просмотра

Атырау облысынан 25 педиатр дәрігер-кеңесші мәртебесін алып, күрделі сырқаты бар тәуекел тобының балаларын қабылдайды. Атап айтқанда, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дина КАМЕЛОВА әңгімеледі. Ол 2016 жылы өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер туралы баяндап, журналистердің сауалдарына жауап берді.

ПЕДИАТРЛАР ОРАЛАДЫ

Медицина – бұл тәуелсіздіктің 25 жылында көп өзгеріске ұшыраған сала: ол оңтайландыруды, емханаларды отбасылық дәрігерлік амбулаторияға (ОДА) көшіруді және оны кері ауыстыруды, міндетті медициналық сақтандыру қорын енгізуді, оның күйреуін, баланың дүниеге келуі бойынша батыс стандартына бейімделуді және басқа да реформаларды бастан өткерді. Әр уақытта да медиктер үн-түнсіз келісіп, бұрын қабылданған ережелерді бұзып отырды. Әрине, адамдарды «Неліктен ешкім: жоқ, бұл ұсыныс бізге, мамандарға қолайлы емес және пациенттерге тек зиянын келтіреді деп айтпайды? Медиктердің өздері денсаулық сақтау саласының үнемі реформаланатындығына қалай қарайды және педиатрларды жалпы тәжірибедегі дәрігерге (ЖТД) ауыстыру бағдарламасы өзін қаншалықты ақтады?» деген сұрақ мазалайды.

Егер қазір педиатрия институтын жаңғырту ұйғарылған болса, шамасы, бұл өте сәтті идея болмаған шығар. Дина Камелованың айтуынша, ЖТД отбасылық тәжірибені жүзеге асырады, ол адам дүниеге келген сәттен бастап, қартайғанға дейін емдейді. 1999-2001 жылдары қолданыста болған отбасылық дәрігерлер тәжірибесінің идеясы да осындай болатын. Оның пікірінше, ол министрлікте өзі айтып өткендей, ОДА-ны тиімсіз деп жоймай, керісінше, бұл жұмысты жалғастыру керек еді. Өйткені, қазір медицина бұл тәжірибеге қайта оралды, тек атауы ғана өзгерді деп есептейді Д.Камелова. Тіпті, шетелдік тәжірибе мысалынан да ЖТД-ның болашағы бар деп растауға болады. Өйткені, бір учаскеде дәрігерлер студент орындығынан бастап, зейнеткерлікке шыққанға дейін, 40-50 жыл жұмыс істейді. Яғни, дәрігер өз науқастарын біледі және өмір бойына олар бақылауында болады. Әр отбасы мүшесінің денсаулық ерекшеліктерін, гипертония, қант диабеті және т.б. бойынша тәуекел топтарды біледі.

Жаңа оқу жылынан бастап медициналық жоғары оқу орындарында педиатриялық факультеттер жұмысын жалғастырады. Бірақ мұның барлығы бүкіл ЖТД-ны педиатрияға көшіреді деген сөз емес. Атырау облысында 14 терапевт қалды. Жыл аяғына дейін олар ЖТД-ге қайта оқытылады.

- Ал қалған педиатрлар – олар облысымызда 25 – белгілі бір сала маманы ретінде өздеріне кеңесшілердің қызметін алады. Бір педиатрға бес мың баладан келеді. Бұрын бізде балаларға амбулаториялық-емханалық қызмет көрсетудің жол картасы болатын. Енді бес жасқа дейінгі балаларға педиатрлар, ал жоғары жастағыларға ЖТД қызмет көрсетеді деген бұйрық шығарылады деп ойлаймын, - дейді Д. Камелова. – Бүгінгі күнгі ахуал мынадай: жалпы тәжірибедегі дәрігерлер ЖТД-да қалады, 14 терапевт қайта оқытудан өтеді, 25 педиатр кеңесшілерге айналады. Әрине, министрлік тәуекел тобындағы балалардың, бірнеше сырқаты бар балалардың қандай жағдайда кеңесші педиатрлардан кеңестер алатындығы туралы ереже әзірлеуде. Біз педиатриялық факультеттердің қайта ашылғанына қуаныштымыз, өйткені педиатриялық факультетті аяқтағандар әрі қарай қайта маманданудан өтіп, кейін олар хирургтар, отоларингологтар, окулистер және т.б. айналады. Баланың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің негіздерін білмейтін дәрігер жақсы маман бола алмайды. Халықтың сұранысына сәйкес, педиатриялық факультетке талапкерлер көп жинала қоймайды деп ойлаймын. Дегенмен де, менің пікірім – ЖТД-ның болашағы бар.

ЖАБДЫҚТАР ЖАҚСЫ-АУ...

Бүгінде пациенттерді мазалайтын тағы бір проблема: дәрігерлер бірнеше айға созылатын мамандықтарын өзгертудің қысқа курстарынан өтеді де түрлі бағыттар бойынша адамдарға кеңес беру құқығын алады. Бір өзі педиатр, гастроэнтеролог және ревматолог болатын әмбебап дәрігерге айналады. Бірақ оған қаншалықты сенуге болады? Кейде олар компьютер экранына қарап, интернеттегі мақалаларда жазылған белгілермен салыстыра отырып, диагноз қояды. Бұдан басқа, дәрігерлер түрлі семинарлар мен тренингтерге жиі кетіп қалады. Ал бұл уақытта кабинеттер жанында оларды күткен науқастар жиналып қалады.

- Біліктілік алу үшін тәжірибе керек. Сондықтан кейде фельдшер жас дәрігерден жақсы біледі, өйткені оның тәжірибесі мол. Жас дәрігерлер үшін біз арнайы ай сайын шақырылған мамандардың көшпелі циклін ұйымдастырамыз. Жасыратыны жоқ, қазір жоғары оқу орындарында білім беру сапасы төмен. Бұрын біз жас дәрігер болып жүргенде кітаптармен, институттағы дәрістерімізбен салыстыратын едік. Тәжірибесі жоқ дәрігердің өз сұрақтарына жауап іздеп, ізденгені жақсы, бірақ мұны пациенттің көз алдында жасауға, әрине, болмайды. Медицина қызметкерлерін оқуға шақырған кезде, емдеу мекемесінен, соның ішінде, аудандар бойынша 2-3 маманнан жіберу туралы бұйрық жолдаймыз. Бірақ, бас дәрігер жұмысты дәрігердің немесе медбикенің жоқтығы пациенттерге әсер етпейтіндей етіп ұйымдастыруы, мәселен, орнына адам қалдыруы тиіс. 

Медицина қызметкерлерін оқытуға бүгінде көп көңіл бөлінуде, өйткені олардың білім сапасы әлсіз болып отыр. Заманауи жабдықтар тапшы емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы алыс шетелден шақыратын мамандар біздің емдеу мекемелерімізде жарақтау деңгейінің жоғары екенін – қымбат тұратын аппараттардан бастап бір рет пайдаланатын шығын материалдарына дейін қамтылғанын үнемі атап өтеді.

- Иә, біздің медиктер арасында білімі жеткіліксіз медиктер кездеседі. Бірақ, бұл адамға байланысты болады. Бізде жүрекке күрделі ота жасайтын жас дәрігерлер де бар. Тек соқырішекті алып тастаумен шектеліп, әрі қарай өсуге талпынбайтын ересек адамдар да баршылық. Алайда, бүгінде бізде мамандарды Ресейге, Францияға және басқа елдерге оқуға жіберуге мүмкіндік бар. Мәскеуде, мәселен, қазіргі уақытта біздің төрт кардиологымыз білім алуда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА   

7 наурыз 2017, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.