Атырау, 2 мамыр 02:54
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Конституцияға енгізілетін өзгерістер тез қабылданды", "Хаменова ханым басқаларын шаң қаптырды", "Алаңдамаңыз, Айгүл ханым. Академиктерді арандатып отырған кім?", "Оппозиция жетекшісін қамаудың салдары қандай болмақ?"

2 446 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Конституцияға енгізілетін өзгерістер тез қабылданды" - Наурыздың 6-сы күні Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы заң жобасын қабылдады. Сөйтіп конституциялық реформаны парламент бар-жоғы екі-ақ күн қарады.

"Оппозиция жетекшісін қамаудың салдары қандай болмақ?" - Қырғызстанда «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев қамалған соң ел президенті Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) қарсыластары күш біріктіре бастады.

"Орталық Азиядағы конституция өзгерту дәстүрі" - Орталық Азия елдерінде конституциялық реформа жасау «әдетке» айналды. Былтыр Тәжікстан, Түркіменстан және Қырғызстан конституцияларын өзгертсе, биыл бұл лекке Қазақстан да қосылды.

365INFO.KZ. "Алаңдамаңыз, Айгүл ханым. Академиктерді арандатып отырған кім?" - Біздің портал ашық пікірталас алаңы болғандықтан, Білім және гылым министрлігі мен ғалым-академиктер арасындағы пікірталасқа қатысты Әділет Елеусізұлының пікірін оқырман назарына ұсынамыз.

"«Былшыл сөздерді тоқтатайық!». Дос Көшім кімге жақтасып отыр?" - Біз мәдениетті, дәлелді пікірталасқа қашан жетеміз? Abai.kz сайтында жарияланған мақаласында белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім ортаға осындай сауал тастапты. Осы арқылы ол Білім министрлігінің төңірегіндегі дау-дамайға қатысты ой-пікірін білдірген екен. Сонымен, Көшім не дейді?

ABAI.KZ. "Хаменова ханым басқаларын шаң қаптырды" - ҚР Парламенті Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдады. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған. Наурыздың үшінде Астанада өткен алқа-қотан жиынына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі келіп қатысқан-тын.

""Маған жала жапқаны үшін жұрынов жауап береді"" - Білім және ғылым министрі  Ерлан Сағадиев енді маңдыта алмаған білім-ғылым мәселесін жиып қойып, осындай лас әрекетке кірісіп кеткен бе, әлде министрге жағынып қалайық деген министрліктің кеңсесін жағалап жүргендердің  «кеңесі» мен «тірлігі» ме, ол жағын біле алмадық. Бірден «дәл солай» деп жазсақ,  ұлт мүддесі үшін жүгіріп жүрген біз пақырды «арандатушы» етіп,  керісінше өзі арандатып отырған  «атағынан ат үркетін» академиктен айырмамыз шамалы болып қалар…

TURKYSTAN.KZ.уристің басты арманы – бейбітшілік" - Жуырда Францияның атқамінерлері дабыл қақты. Елдегі Туризм жөніндегі аумақтық комитеттің дерегінше, 2016 жылы Парижге келген туристер саны қаланың 2015 жылғы қонақтарынан 1,5 млн адамға азайып кеткен.  2015 жылдың қарашасында болған терактінің салдары бұл. Бірінен соң бірі болған лаңкестік шабуылдардан кейін туризмі тұралаған Түркия да осы күні шетелдіктерді қызықтырудан қалған.

QAMSHY.KZ. "Дұрыс тәрбие көрмеген қыз сайхали саясаттың құрығына тез түсіп, оңай жем болады" - Ұмытпасам, 90-шы жылдардың бас кезі болар, ата-анасы өзін ұзатқалы отырған болашақ күйеуіне барғысы келмей жаны жабырқап жүрген таныс өзбек қызына: «Ендеше, сен деп зар илеп жүрген анау қазақ Аманғалиға тиіп алмайсың ба?» дедім. Сонда ол жалма-жан: «Ой, қойыңызшы! Сосын балаларым өзбек тілін білмей өсетін болады» дегені бар. Өзі Алматының теміржол техникумында оқып жүрген, бар-жоғы 17-18 жасар Гүлчеһраның мына сөзін естігенде ішімнен «Астағфіралла»деп қайталай бергеннен басқа аузыма сөз түспеді. Не деген жетелілік, не деген саналылық, дініне, тіліне, ұлтына, салт-дәстүріне не деген ұлы сүйіспеншілік! Қаршадай өзбек қызы айтып тұрған ұлтына деген ұлы махаббатқа толы мұндай сөзді кіндігін ашып,шашын тоқал ешкінің басындай сыпыртып тастаған қазақ қыз-келіншегі түгіл сары қарын қатын-қалашы, пайғамбар жасына жеткен қазақ кемпір-сампыры да айтпайды.

QAZAQUNI.KZ. "Білім министрлігі халықты дүрліктірмей, нақты құжаттармен дәлелдеулері қажет" - Біз мәдениетті, дәлелді пікірталасқа қашан жетеміз… Кешегі бір топ қазақ филологтарының жанайқайынан соң, әуелі білім министрі (үш күннен соң) әлеуметтік жүйеге шықты, ал одан соң, бірнеше облыстың жоғарғы оқу орындарының декандары мен кафедра меңгерушілері, т.б. «халықты тыныштандыруға кірісті».

DALANEWS.KZ. "Қазақстанда тұратын орыстардың 60 пайызы буынып-түйініп отыр" - Былтыр Қазақстаннан 34 мың адам қоныс аударыпты. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 16,4 пайызға көп. Кетіп жатқандардың көпшілігі көрші Ресейге көшкен. Біржолата…




6 наурыз 2017, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.