Атырау, 26 сәуір 10:46
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Роухани Иран президенті сайлауына тағы да түспек

2 252 просмотра

Иран президенті Хассан Роуханидің (суретте) өкілінің сөзіне қарағанда, Роухани 19 мамырда өтетін президент сайлауына кандидатурасын тағы ұсынады. Ұстамды саяси бағытты ұстанатын Роуханидің өзі әзірге президенттікке түсу ниетін растаған жоқ. Парламент істері бойынша вице-президент Хуссейн-Әли Амиридің хабарлауынша, "Роухани соңғы апталарда президент сайлауына түсу туралы шешім қабылдаған". Оның бұл туралы сөзін ресми IRNA агенттігі хабарлады.

Егер Роухани расымен кандидатурасын ұсынса, онда оның әзірге өз кандидаттарын ұсынбаған консерваторлар мен қатаң саясатты ұстанатындардың жақтастарымен бәсекеге түсуіне тура келеді. Кейбір консервативтік топтар Роуханидің іс-әрекеттеріне қарсылықтарын білдіріп, оны экономикалық саясатта жаңылды және 2015 жылы әлемдік державалармен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жасасқан келісімінен келуі тиіс пайданы бұрмалады деп айыптайды.

Иран конституциясына сай, президент төрт жылдық екі мерзімге ғана сайлана алады.

Дереккөз: Азаттық

27 ақпан 2017, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.