Атырау, 26 сәуір 06:17
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Жекпе-жек - бұл біздің батырларымыздың жауынгерлік мұрасы

7 547 просмотра

Өткен жылдың наурыз айында облыстық «Жекпе-жек»  ұлттық спорт федерациясы құрылды. Федерация президенті Мадыхан БЕКБЕНБЕТОВ (суретте) әңгімелейді.  

- Біз неге жекпе-жекті ұлттық спорт түрі деп атаймыз? Қазақтар өз ұрпағы үшін осынша бай, кең байтақ жерді қандай күшпен сақтап қалды деп ойланып көрдіңіз бе? Біздің батырларымыз жекпе-жекке өз дұшпандарының ең мықты деген жауынгерімен айқасатын. Мықты жауынгер қарсыласын бір ғана соққымен жеңіп, мыңдаған жауынгерлердің өмірін сақтап қалатын.  
Жекпе-жек – бұл аттың үстінде қолға найза, қылыш алып күресу немесе қарусыз шайқас өнері. Біздің батырларымыз тек қана қазақ күресінің тәсілдерін меңгеріп қана қоймаған, басқа да жауынгерлік тәсілдерді меңгере білген. Қазіргі аралас жекпе-жектің де қыр-сырын білген. Көпшілігі мұны егер «торда» төбелессе ол қалайша ұлттық спорт түрі болады дегенді айтады. Ал мен оларға «бұл қазіргі заманғы қажеттіліктен туған, біз өз батырларымызды қазіргі заманға лайықты түрде көрсетіп жатырмыз» деп жауап беремін. Нағыз қазақтың жігіттері әлсіз және қорқақ болмауы керек, өйткені, біз Исатай, Махамбет, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың ұрпағымыз. Біз жекпе-жекті бабалардан қалған игілік ретінде сақтап, одан әрі дамытуды қалаймыз. Әрбір ұлт өзінің ұлттық спорт түрін насихаттайды: Жапония – карате, дзюдо, джиу-джитсу, Корея - таеквондо, Греция - панкратион, Ресей – самбоны және басқа спорт түрлерін. Сондықтан да біз өзіміздің жекпе-жегімізді ұмытпауға тиіспіз. Мен біздің жастарымыздың өз батырларымен мақтанғанын қалаймын және солар секілді күшті болса деймін.   

Мадыхан БЕКБЕНБЕТОВ

- Федерацияның құрылу тарихына тоқталып өтсеңіз? 

- Өткен жылға дейін Атырауда республикалық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының филиалы жұмыс істеп келді. Бұл сонау 2000-шы жылдар аралығында ҚР еңбегі сіңген спорт қайраткері Сабыржан Махметовтің қолдауымен қайта құрылған федерация негізінде құрылған болатын. 2012 жылы ол ҚР жекпе-жек федерациясын құрды, ол үшін облыстардан он филиал ашу керек болды. 2015 жылы мәдениет және спорт министрлігі заңнамаларға өзгерістер енгізді, осы өзгерістерге байланысты аймақтарда филиалдар емес, федерация болуы тиіс делінген болатын. Біз осылайша құрылдық...

- Осы уақыт аралығында сіздің тәрбиеленушілеріңіз қандай жетістіктерге қол жеткізді? 

- Өткен жылдың наурыз айында біз алғашқы жарыстарға қатыса бастадық. Қызылорда қаласында 2008-09, 2005-07 ж.т. балалар мен  2002-03, 2000-01 ж.т. жасөспірімдердің арасында болған ел кубогіне бардық. Сапарымыз табысты болды – 53 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Махамбет Кенжемұрат қола жүлдеге ие болды. Сәуір айында Ақтөбеде ересектер арасында ҚР Кубогі өтті, онда алтын жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта алаңға шыққан Әнуарбек Батаев иеленді. Бір айдан соң Петропавлда 1998-99 ж.т. юниорлар және 1996-97 ж.т. жастар арасында өткен ел чемпионатында Бақтыбек Иманғалиев 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша күміс жүлдегер болды, ал 50 келіге дейінгі салмақ бойынша Еламан Төреханов қоланы еншіледі.  

Ақтауда мамырда 2008-09, 2005-07 ж.т. балалар мен 2002-04, 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен ел чемпионатында біздің спортшыларымыз үш алтынды жеңіп алып, нағыз жеңісті көрсетті. Олар: 51 келіге дейінгі салмақта – М.Кенжемұрат, 35 келіге дейінгі салмақта - Ерген Жолдыбаев, 25 келіге дейінгі салмақ бойынша – Дәулет Сарсенғалиевтар. Бұдан басқа, Бекмағамбет Макесов (35 келіге дейінгі) және Асылхан Елеусінов (25 келіге дейінгі) чемпионаттың күміс және қола жүлдегерлері атанды. Біздің федерация командасы жалпы командалық есеп бойынша екінші орынды иеленді. Талдықорғанда маусымда ересектер арасында болған ҚР чемпионатында біз екі алтын медалды еншіледік. Олар Талғат Жұмағалиев (55 келіге дейінгі), Қайрат Шарипов (90 келіге дейінгі). Тамыз айында Дағыстанның Хасавюрт қаласында біздің спортшыларымыз ресейлік және әзербайжандық спортшылармен бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Біз мықтап дайындалған қыркүйекте өтуге тиісті Азия және әлем чемпионаттары Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарының өткізілуіне байланысты болмай қалды.  

- Жаңа жылдағы жоспарла-рыңыз қандай? 

- Биылғы жылы біз «Мұнайшы» спорт кешенінде ел чемпионатына мықтыларды іріктеу бойынша облыс чемпионатын өткіздік. Жарысқа Атыраудан, Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандары мен Доссор поселкесінен 80-нен аса спортшы қатысты. Жарыс жеңімпаздары 25-26 ақпанда «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтетін ҚР чемпионатында Атырау намысын қорғайтын болады. Біздің спортшыларымызға қолдау танытам дегендерге есік ашық. Кіру тегін. Чемпионатқа құрметті қонақ ретінде республикалық жекпе-жек ұлттық спорт федерациясының президенті Сабыржан Махметов қатысады. 

Спортшылар мен жаттықтырушылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекетке және қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қолдау танытқандары үшін алғыс білдіреді. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ


23 ақпан 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.