Атырау, 26 сәуір 12:39
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алматыда белсенділер 26-бапты өзгертуге қарсылық танытты

2 475 просмотра

Фото: Азаттық
Алматыда бүгін бір топ белсенді конституцияның 26-бабын өзгертуге қарсылығын білдірді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазақстандық халықаралық адам құқығы және заңдылықты сақтау бюросында өткен жиынға оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин, Геройхан Қыстаубаев, тарихшы Есенғазы Қуандық және тағы бірнеше адам қатысты.

Қуанышалин 26-баптың жерді сатуға қатысты екенін, бұл мәселе өзі парламент депутаты болған 1990 жылдардың ортасынан бері көтеріліп келе жатқанын айтты. Есенғазы Қуандық қазір 26-баптағы "Қазақстан Республикасының азаматы" деген сөзді "әркім" сөзімен ауыстырудың қажеті жоғын айтты.

"Билік жер туралы арнайы заң бар, бұл баптың жерге қатысы жоқ деп түсіндіргісі келеді. Олай болса, бұл бап өзгертілмей қала берсін" деді Қуандық Есенғазы.

Бұдан соң өзін желтоқсаншы Сайлау Лепесов деп таныстырған адам жиналғандардың "осы жерде отырып алып, қанша жыл бір әңгімені айтып келе жатқанына" наразылық танытып, одан да митингіге шығып қарсылық танытуды ұсынды. Ол жүз шақты желтоқсаншының қолы қойылған қарсылық хатын интернетке жариялап, Астанаға жібергендерін айтты. Ол егер 26-бапты өзгертпеу туралы талап орындалмаса митинг өткізуді ұсынды.

Кездесу соңында жиналғандар 26-бапты өзгертуге қарсылық танытып, сонымен бірге 2016 жылы жер кодексін реформалауға қарсылық митингілерінен кейін сотталған белсенділер Маквс Боқаев пен Талғат Аянға және барлық саяси тұтқындарды босатуға шақыратын мәлімдеме жасады.

Дереккөз: Азаттық

22 ақпан 2017, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.