Атырау, 26 сәуір 17:37
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Дренаж судан құтқара ма?

2 084 просмотра
Көрнекі сурет

Исатай ауданының Аққыстау және Тұщықұдық ауылдарында былтыр жауын-шашынның мол түсуінен 200-ге тарта үйді су басқан болатын.  

- Биыл қалай болатыны белгісіз. Ақпанда қар көп түсіп отыр, - дейді Исатай ауданы әкімінің орынбасары Мәли ӨТЕҒАЛИЕВ. - Біз су соратын ваккум мен моторларды дайындап қойдық. Бірақ, бұл қиындықтан шығудың жолы емес. Бізге дренаж жүйесі мен оны монтаждау жұмыстары және канализация құбыры мен су тазарту стансасының құрылысын жобалау қажет. Сондай-ақ, су сорғы стансасын жабдықтау қажет. Бұл жұмыстарды жасау үшін 2 млрд теңге қаржы керек. Кейін Тұщықұдық ауылына кірісетін боламыз.

Дренаждау жұмыстарының жобалық-сметалық құжатын әзірлеуге облыстық бюджеттен 6 млн теңге бөлінген. Аққыстау ауылында әзірге «АТП» ықшам ауданында ғана дренаж бар.  

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға жергілікті әкімдік жанындағы резерв қорынан 1,5 млн, аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінен 14,8 млн тенге бөлінген, ал «ЖайықМұнайГаз» және «Батысальянсстрой» ЖШС-тері 10 млн теңгеге жуық қаржы бөлді. Құрғату жұмыстарымен «Сәулет», «ҚамысқалаСуАрнасы» ЖШС-тері және «ЖК Зубарев» айналысты. Зардап шеккен 38 отбасыға өтемақы түрінде бюджеттен 45 млн теңге бөлінген болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 ақпан 2017, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.