Атырау, 2 мамыр 02:46
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ағылшынша сауатты үш мықты бар

4 618 просмотра

Ағылшын сөздерін қатесіз жазу бойынша өткен ұлттық байқаудың бірінші турында финалға шыққан атыраулық үш финалист наурыз айында қорытынды кезеңге қатысу үшін Астанаға барады.

ҚР үкіметінің үштілділік туралы тұжырымдамасының аясында және АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығы құрметіне орай ҚР-дағы АҚШ Елшілігі студенттер арасында ағылшын сөздерін қатесіз жазу бойынша ұлттық байқау (Kazakhstan Spelling Bee 2017) жариялады. Мақсат – қазақстандық жастар арасында ағылшын тілі мен американ мәдениетін үйретуді кеңінен тарату.

90 жылдан астам тарихы бар әлемге танымал және Штаттардың өзіндегі ең беделді ұлттық байқау Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. АҚШ елшілігі оны ұйымдастырудың бүкіл шығындарын өз мойнына алды. Байқауға қатысу тегін, жеңімпаздар үшін ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Астанада өтетін екінші турға да олар американдық тарап қаржысымен барады.


Бірінші кезең барысында іріктеу Қазақстанның 11 қаласында Американ бұрыштарының базасында өтеді. Бұл қалалар 4 наурызда ағылшынша қатесіз жазатын ең сауатты студент таңдалатын Астанаға үш финалистен жібереді.

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің студенті Әділхан ТАБЫЛДЫ, Индира САҒЫМБАЕВА (Атырау инженерлік-гуманитарлық институты) және Еркебұлан ӘДИЕТ (АтМжГУ) жеңімпаз атанды. Оларға сыйлық ретінде Apple айподтары табыс етілді. Астанада олар үздік деген атақ пен Air айпады үшін бақ сынайтын болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

6 ақпан 2017, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.