Атырау, 2 мамыр 02:53
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

"Кәдiмгi де кәдiктi "кибержолдау"", "Ата заңға енетін өзгерістер: әркім – ол кім?", "Нағима Байтенова: Дінге қасаң көзқарастан арылуға тиіспіз", "Депутаттар мен "Нұр Отан" түйеқұстың позасында тұр", "Үйленетіндерге неке келісім-шартын міндеттеуді ұсынады"

3 043 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Универсиадада "туристер легі" байқалмайды" - Универсиада ұйымдастырушылары "Алматыға 30 мыңдай турист келеді" деп уәде еткен. ҰҚК шекара қызметінің дерегінше, дүниежүзілік қысқы спорт ойындары басталғалы бері 66 елден 2100 адам келген.

"Үйленетіндерге неке келісім-шартын міндеттеуді ұсынады" - Тәжікстанда үйленетін жұптарды неке келісім-шартына отыруды міндеттейтін заң жобасы қаралып жатыр. Ол елде жыл өткен сайын көбейіп отырған ажырасудан зардап шегетін әйелдерді қорғауға бағытталған.

ZHASALASH.KZ. "Жұрт үндеу мен жолдауды шатастыра бастады" - Басталды... Президент Н.Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуiн, одан кейiн жариялаған жолдауын ел арасында насихаттау науқанын Оңтүстiктiң атқамiнерлерi қызу бастады. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауын қолдауды насихаттауды, жаппай қолпаштауды шенеунiктер бұған дейiн-ақ шебер меңгерiп алған. Осы кезеңдерде ресми газеттерде “Жолдауды қолдау” деген арнайы айдар ашу үрдiске енген. Ал үндеу дегендi кiм бiлiптi? Президенттiң халыққа соңғы рет қашан үндеу жолдағаны да есiмiзде қалмапты. Бiрақ атқамiнерлер тосырқап қалған жоқ. Жаппай қолдау. Жұрт үндеу мен жолдауды шатастыра бастады.

"«Туыңыздар» деу үшiн..." - Мемлекет басшысының жолдауында елiмiзде жыл сайын 400 мыңға жуық нәресте дүние есiгiн ашатыны жайлы айтылды. “Бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлiк жоғары. Мұндай үрдiстi алдағы уақытта да сақтау керек. Менiң тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап бала туғанда берiлетiн бiр реттiк жәрдемақы көлемi 20 пайызға өсiрiледi”, – дедi президент.

"Кәдiмгi де кәдiктi "кибержолдау"" - Елбасының бұл жылғы Жолдауының жария етiлуiнiң өзi қызық болды. Алдында тiкелей эфирге шығып, осы күнге дейiн өзгерместей боп келген Конституцияға түзетулер енгiзу туралы бастама көтерiп едi. Одан соң iле-шала, бiр апта өтпей, “тағы да тiкелей эфирге шығып, арнайы мәлiмдеме жасайтын” болып, дүйiм жұртты бұрын-соңды көрмеген бiр дүрбелеңге салып қойды. Сол күнi болжамдардың болжамы жасалды-ау! Бiреулер президенттiң өзiмен сөйлесiп, бiлiп алғандай: “елбасы “шаршадым” деп айтып, Ельцинше орнына мұрагердi отырғызып кетедi-мыс”, – деп сәуегейлiк жасап жатса, екiншiлерi “парламент таратылады, жаңа сайлау болады-мыс” деп дүрлiктi.

365INFO.KZ. "Назарбаев кімге орнын береді? Олжас Сүлейменов «мұрагердің» атын айтып қойды" - Олжас Сүлейменов express-k.kz басылымына сұхбат беріпті. Біраз дүниенің басын шалған екен. Біз ең өзекті деген ойларын ойып алдық.

ABAI.KZ. "Ата заңға енетін өзгерістер: әркім – ол кім?" - Талқыға шығарылған жобада қолданыстағы Конституцияның 19 бабына өзгеріс енгізілген. Өзгерістердің басым көпшілігі билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу мәселелеріне бағытталған. Алайда, сұрақ тудыратын өзгерісте жоқ емес. Мәселен, қолданыстағы Конституцияның 26 бабының 1 тармағында «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады» делінген. Осы тармақты «Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады» деп өзгерту ұсынылған. Қазіргі Ата заңда ««Қазақстан Республикасының азаматтары» деп нақты жазылса, өзгертуге ұсынылған нұсқада «Әркім» деп жалпылама көрсетілген.

"Депутаттар мен "Нұр Отан" түйеқұстың позасында тұр" - Жақында  Ресей Думасының депутаты Шперов Павел Қазақстанның территориялық тұтастығына көз алартып, кейбір жерлерді қайтадан Ресейге қосу  керек деген бастама көтерді.  

QAMSHY.KZ. "Ерлан Қарин: Ресей депутаттарының ҚР территориясы туралы сөзі бос әңгіме" - Қазақстандық саясаттанушы «Қазақстаннан байырғы орыс жерлерін қайтарып алу» туралы Ресей депутаты Павел Шперовтің сөзіне қатысты пікір білдірді.

TURKYSTAN.KZ. "Нағима Байтенова: Дінге қасаң көзқарастан арылуға тиіспіз" - Соңғы жылдары қазақ қоғамында дін мәселесі өзекті түйткілге айналды. Тіптен, экстремистік және террористік топтар бірнеше лаңкестік әрекеттер жасап, қайғылы оқиғалар орын алды. Мемлекеттік деңгейде лаңкестік шабуылдардан қорғану мен алдын алуға бағытталған алғашқы «қызыл» және «сары» деңгейлері жарияланды. Осы түйткілдерге қатысты, белгілі дінтанушы ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Нағима Байтеновамен өткізген сұхбатымызды ұсынамыз.

DALANEWS.KZ. "Мұхтар Астанаға келе ме?" - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Франция түрмесінен жуырда босаған олигарх Мұхтар Әблязовті Астанға шақырды деп хабарлайды ведомствананың баспасөз қызметі. Бұл жолы оған бұрынғы қылмысына қоса тағы біраз айыптар тағылып отырған көрінеді. Атап айтар болсақ, қылмыстық топ құрып шетелде және Қазақстан арнайы ұйымдасқан қылмыстарды жүзеге асырған болуы мүмкін деп отыр.

3 ақпан 2017, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.