Атырау, 3 мамыр 10:26
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Досым Сәтбаев: бұл үндеу саяси технологиялар тұрғысынан қызық қадам", "Сарапшы: Назарбаевтың мәлімдемесі парламенттік республикаға көшу емес", "«Өзім білемін» дейді. Ердоған Түркияның түбіне жетер ме екен?", "Майлыбаев қандай сатқындық жасады?"

1 986 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Соғысты саяси жолмен тоқтату мүмкiндiгi астанадағы келiссөзде iске аспады" - Астанада өткен Сирия дағдарысын реттеу келiссөзiнде Ресей, Иран және Түркияның ресми өкiлдерi бұған дейiн жасалған бiтiмге бақылау жасау амалын құруға келiсiп тарқасты. Бiрiмен-бiрi атысып, азаматтық соғыспен қатар террорлық соғысты бастан кешiп жатқан Сирия билiгi мен оппозиция өкiлдерi Астанадан құрықол бос қайтты. Сөйтiп, Астана келiссөзiнде бас қосқан тараптар алты жылға созылған Сирия соғысын саяси жолмен тоқтату үшiн iлгерi қадам жасай алмады. Екi күндiк келiссөздiң қорытындысы ретiнде бiрлесе жасаған мәлiмдемеде Иран, Ресей және Түркия «қақтығысты тоқтату режимiнiң сақталуы мен кез келген арандатудың алдын алуды» бiрiгiп бақылайтындары айтылған. Сондай-ақ, Ресей, Түркия және Иран экстремистiк «Ислам мемлекетi» ұйымына және «Жабхат Фатех әл-Шам» тобына қарсы күрестi күшейте беруге ниеттi екенiн Астана келiссөзiнде байқатты.

"Баланы қорғау – болашақты қорғау" - Өткен аптада Алматыда 11 жастағы Өркен есiмдi жасөспiрiм кiсi қолынан мерт болды. Өгей шешесi мен оның сыбайластары баланы әуелi буындырып, артынша жетi жерiнен пышақтап өлтiрген. Рас болса, әйел мұндай қадамға күйеуiнен кек алу үшiн барған. Қарап тұрсақ, соңғы уақытта балаларға әлiмжеттiк жасау оқиғалары жиiлеп кеттi. Адам қолынан жасалған қиянатқа ұшыраған балалар бүгiнде дүниежүзi бойынша бiрнеше миллиондап саналады. Соның iшiнде ең бiрiншi орында зорлық-зомбылық оқиғалары тұр. Бұл ретте, балалар дене жарақатынан бөлек, психологиялық, әлеуметтiк тұрғыда да, үйде де, түзде де зардап шегуде. Және олардың айтарлықтай залалын тигiзетiнi соншалық, баланың болашақ өмiрiне, денсаулығына орасан зор нұқсан келуде.

AZATTYQ.ORG. "Путинге шағымданған Байқоңыр тұрғынын сотқа берді" - Байқоңыр қаласында белсенді Марат Дәулетбаевты жала жабу айыбы бойынша сотқа берген. Ертеректе ол қала мэрін жер телімдерін заңсыз таратып жатыр деп айыптап, оның үстінен Ресей президенті Владимир Путинге шағымданған.

"Маңғыстау мұнайшыларын жұмыстан шығара бастады" - Тәуелсіз кәсіподақты сақтау үшін аштық жариялап, сотқа тартылған маңғыстаулық мұнайшылар шетінен жұмыстан шығарылып жатқандарына шағымданады. Жұмыс беруші компания комментарийден бас тартады.

"Қазақстанның жоғарғы прокураторы" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конституциялық реформаларын Азаттықтың Орыс қызметінің "Грани времени" бағдарламасының жүргізушісі Владимир Кара-Мурза ресейлік ғалымдар - Орталық Азия бойынша эксперт Аркадий Дубнов, саясаттанушы Григорий Трофимчукпен, және Азаттық тілшісі Мерхат Шәріпжанмен талқылады.

365INFO.KZ. "Тәжиннің ерлігі: «Қазақша түсінбесең, аудармашы жалда!»" - Дипломат, қоғам қайраткері, қазақ тілінің үлкен жанашыры Сайлау Батырша-ұлының мемлекет және қоғам қайраткері, қазір ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин туралы естелік әңгіме.

"«Өзім білемін» дейді. Ердоған Түркияның түбіне жетер ме екен?" - Түркия парламенті президенттік басқару формасына көшуді мақұлдады. Бұл – демократиялық жолдан диктаторлық жолға өту емес пе? Ердоғанның «өзім білемін» деген ұр да жық саясаты Түркияның түбіне жетер ме екен деген қауіп бар. Түркияның түбіне жетер ме екен деген қауіп бар.

"«Қысқасы, былай болды…». Трамп «Ислам мемлекетінің» қалай құрылғанын айтып қойды" - Алдағы төрт жылда АҚШ-ты Трамп билеп-төстейді. Әлемге сөзін өткізіп отырған алпауыт елдің сыртқы саясаттағы әрбір әрекеті Қазақстанды да айналып өтпейді. Трамптың  АВС World News Tonight бағдарламасына берген сұхбатын аударып басуымызға да осы себеп болды.

ABAI.KZ. "Божко не бүлдіргелі жүр?" - Жақында әлеуметтік желіде ҚР Мәжіліс спикерінің орынбасары Владимир Божко туралы тосын ақпарат тарады. Владимир Карпович Қазақстан казактарының бірлестігін құруға ниеттеніп жүрген көрінеді. Мейлі, құсын. Ол үшін арнайы жасақталған Қазақстан халқы Ассамблеясы дейтін ұйымнын ауласынан казак этинкалық бірлестігінің құрылуында тұрған не бар дерсіз... Егер Ата заңның шарбағынан аттамаса, әрине.

"Ардабек қана ақылды, ал ғұламалар сауатсыз болғаны ма?" - Ғалым Досай Кенжетай мырза Ардабек Солдатбайдың «Сіз кімді сәліфи деп жүрсіз?» атты мақаласына жауап берді.

TURKYSTAN.KZ. "Ұшқышқа – ынсап, жолаушыға – тағат…" - Наразылыққа жиі ұшырайтын отандық әуе компанияларының айналасында тағы да шу шықты. Бұл жолы сын садағына іліккен – Qazaq Air компаниясы. Атырау-Ақтөбе-Шымкент бағыты бойынша ұшуға тиісті болған ұшақ капитаны рейс алдында ішімдік ішкен. Ұшқыштың жауапсыздығы үшін компания діттеген жеріне уақытылы жете алмаған 50-ге тарта жолаушыдан кешірім сұрады.  Жолаушылар кешірер, бірақ сенім дейтін құндылықты қалыпқа келтіру оңайға соқпасы анық. Келеңсіздіктен көз ашпайтын отандық тасымалдаушылардың беделі қашан артады? Бағаны көтеруден жарысқа түскен компаниялар сапаны қашан көтереді?

QAMSHY.KZ. "Сарапшы: Назарбаевтың мәлімдемесі парламенттік республикаға көшу емес" - Саясаттанушы Григорий Трофимчук Қазақстан президентінің билік өкілеттіліктері туралы үндеуіне қатысты өз пікірін білдірді.

AIKYN.KZ. "Досым Сәтбаев: бұл үндеу саяси технологиялар тұрғысынан қызық қадам" - Президенттің билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін саясаттанушылар мен сарапшылар оң бағалап отыр. Халықаралық қауіп-қатерді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтбаевтың ойынша, бұл жерде ерекше тоқталарлық бірнеше мәселе бар.  Жалпы, Парламент пен Үкіметке әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты бірқатар өкілеттіктер берілсе де, Президенттің қолында маңызды тетіктер сақталады. Сонымен, басқа билік тармақтарына қандай өкілеттіктердің берілетіні туралы саясаттанушы «Айқынға» арнайы сұхбат берді.

DALANEWS.KZ. "Майлыбаев қандай сатқындық жасады?" - Мемлекеттік құпияны жария қылды деген айып тағылған Президент әкімшілігі басшысының экс-орынбасары Бағлан Майлыбаевтың қамауға алынуы күтпеген жаңалық болды. Ұзақ жыл елдің идеологиялық жұмыстарымен айналысқан әрі ішкі саяси істерге басшылық еткен шенеуніктің қолына кісен салынды. Осының өзі Майлыбаевтың мәселесін май шаммен қарауды талап етеді.


27 қаңтар 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.