Атырау, 3 мамыр 17:19
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Билiк өкiлеттiгiн бөлiсу автократияны демократияның “шәлiсiмен” бүркеу емес пе?", ""Парламент әркез дайын"", "«Тараққа таласқан таздар! Парламент пен Үкімет реформаға дайын емес» — Досым Сәтбаев", "Үндеу жүзеге асу үшін бұл парламент те тарау керек"

2 311 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Билiк өкiлеттiгiн бөлiсу автократияны демократияның “шәлiсiмен” бүркеу емес пе?" - Бұйырса, ширек ғасыр бойы Қазақстанды жеке-дара билеген Нұрсұлтан Назарбаев үкiмет пен парламентке “еншi” бөлiп бермек. Күнi кеше Мемлекеттiк билiк тармақтарындағы өкiлеттiктердi қайта бөлу мәселелерi жөнiндегi жұмыс тобының отырысы президенттiң қатысуымен Ақордада өттi. Назарбаевтың өзi бұл мәселенi “демокрияталандыру үдерiсi” мен “уақыттың талабына” телiдi. Жұмыс тобының мүшелерi де мұны бiрауыздан “дер кезiнде” қолға алынған шараға балады. Алайда билiктi бөлiсудiң қазақстандық үлгiсiн демократияның дәргейiне жатқызуға бола ма, болмай ма? Билiк бөлiстен үлес алатын үкiмет пен парламент президентке жалтақтамай жұмыс iстеуге дайын ба? Мiне, мәселе осында болса керек.

"Екi банктiң басы бiр қазанға..." - Басқасы-басқа, елдегi жүйеқұраушы банктiң бiрi – Қазкомның Халық банкпен бiрiгетiнi туралы ақпарат тарағанда, бұған “апам да аң-таң, мен де аң-таң” болдық. Әу бастағы сөз президенттiң аузынан шықты. “Қажет болса, Қазкомға көмектесемiз” дедi. Осыдан кейiн Блумберг агенттiгi “мүйiзi қарағайдай екi банктiң қосылуы бек мүмкiн” деген көрiпкелдiк жасады. “Жел тұрмаса, шөптiң басы қимылдамайды”. Бұл ақпаратты қос банк те, банктердiң үстiнен қарайтын Ұлттық банк те осы аптада растады.

AZATTYQ.ORG. "Билік транзиті басталды ма?" - Қаңтардың 25-і күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу жөнінде теле-үндеу жасады. AzattyqLIVE тақырыпты саясаткер Серікболсын Әбділдинмен талқылады.

""Парламент әркез дайын"" - Азаттық тілшілері парламент мәжілісі депутаттарынан "Парламент өкілетін арттыруға дайын ба?" деп сұрап көрді. Билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы 25 қаңтар күні президент Нұрсұлтан Назарбаев айтқан. Назарбаевтың пікірінше, үкімет пен парламенттің рөлі артып, президент билік тармақтары арасында жоғарғы төреші рөлін атқаруы тиіс.

"Карловы Вары - СССР-дан шыққандар «анклавы»" - Чехиядағы курорт қала – Карловы Вары «орыстар анклавы» аталып кеткен. Ресейдің түрлі шенеуніктері осы қаладан үй алып қойған. Мұндағы жылжымайтын мүлік иелерін зерттегендер Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарын да атайды.

365INFO.KZ. "Біздің банктер кімге қарсы «біріккелі» жүр?" - «Қазкоммерцбанк» пен «Халық банк» бірігуі мүмкін деседі. Бұл бірігудің астарында не жатыр? Одан қара қазаққа пайда бар ма?

"«Тараққа таласқан таздар! Парламент пен Үкімет реформаға дайын емес» — Досым Сәтбаев" - Парламент пен Үкімет Президенттің функцияларын қабылдауға, оны атқаруға түк дайын емес. Бұл көз алдымызға екі таздың тараққа таласқанын елестетеді.

ABAI.KZ. "Президенттің үндеуі жүзеге асу үшін бұл парламент те тарауы қажет" - Билікті басқару мен бөлісу жүйесінде болуы ықтимал реформа жөнінде саясаткер Әміржан Қосанов пен Дос Көшім мырзалар Abai.kz ақпараттық порталында пікір білдірді.

"Ғаббас Қабышұлы. Бізге енді не қажет?" - Осы бар-ау, өмір мен тағдырды шатыстырып жүретін әдетті біз қашан, кімнен және қалай жұқтырып алдық екен?.. Әрине, білмейміз. Білмейтініміз көп, мысалы, білмейтініміздің өзі немен, қалай  саналатынын да білмейміз. Әйтеуір, біресе: «өмір – қызық, тағдыр – шыжық», біресе: «тағдыр – қызық, өмір – шыжық» дейміз. Оның да анық-танығында шаруамыз жоқ, парламентіміздегі кейбір депутат мырзаларша  айтпағымыздың бас-аяғын ауыстырып, есі дұрыс екінің бірі ұға алмайтын етіп, былымықтап сөйлей береміз.

EGEMEN.KZ. "Елбасының жаңа бағыты" - Бүкіләлемдік қоғамдастықтың назары тағы да біздің елімізге ауды. Қазақстан жаңа 2017 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіз­дік Кеңесінің мүшесі ретінде бастады. Бұл Елбасымыз­дың Еуразиядай алып құрлық­тың басты бейбітшіл тұлғасы ретін­дегі биік беделінің халықар­а­лық деңгейде бағалануының нақ­ты көрінісі ретінде қабылданды. Қазақстан басшысының тікелей араласуымен өткен жылы бүкіл әлемді алаңдатқан Иранның ядро­лық проблемасы ойдағы­дай шешілді. Елбасымыз Украина­дағы қантөгісті тоқтатуға да өзінің үлкен үлесін қосты. Ресей мен Түркия президенттері Н.Ә.Назарбаевтың осы екі елдің ушы­ғып бара жат­қан қарым-қаты­насын қалпына келтірудегі ара­ағайындығы үшін аса зор алғыстарын білдірді.

"Қазақстан Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасы" - 25 қаңтар күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнауы үндеу жолдап, мемлекеттік басқаруға енгізілетін өзгерістердің мәнін түсіндірген болатын. Олар тиісті заңдарға және Конституцияға өзгертулер жасауды қажет етеді. «Егемен Қазақстан» газеті еліміз Конституциясына енгізілетін өзгерістер жобасын жариялады.

TURKYSTAN.KZ. "Оқулық жыры: арқадан азаяр жүк қалтаға түспек" - Білекті бірді, білімді мыңды жығатыны әуелден белгілі. Сондықтан да саналы ұрпақ тәрбиелеу үшін білім беру ісіне ерекше назар аудару – негізгі міндет. «Қазақстанның болашағы білімді жастардың қолында» деп жылдар бойы ұрандатып жүргенімізбен, бүгінгі білім саласындағы олқылықтар жиі бой көрсетеді. Аталмыш саладағы жаңашылдықтарға қатысты көпшіліктің наразылығы мен ескертпелері де көбеймесе, азайып жатқан жоқ.

26 қаңтар 2017, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.