Атырау, 3 мамыр 19:08
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"«Енді мен Иранмен доспын!». Астана процесінде Асадтың жоспары белгілі болды", "Ерлан Қарин: Қазақстан бітімгерлік миссиясын нақты іспен дәлелдеді", "Д.Трамптың таққа отыру салтанаты АҚШ-ты екiге жарды", "Қытай оқтұмсығын ресейге қаратты. Неге?"

2 016 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Д.Трамптың таққа отыру салтанаты АҚШ-ты екiге жарды" - 20 қаңтарда Капитолийдiң бiр қанатында жиналғандардың алдында, жұбайы Мелания Трамп ұстап тұрған қос бiрдей Iнжiлге қолын қойып, АҚШ Конституциясын қорғауға ант берген Дональд Трамп ресми түрде АҚШ-тың 45-президентi атанды. Ол Американы қайтадан ұлы ел ету мақсатына барлық америкалықты жұмылдыруға күш-жiгерiн жұмсауға уәде бердi. Әдетте АҚШ-та жаңа президенттiң қызметiне кiрiсу шарасы сауықшыл Венецияның бояуы келiскен карнавалына ұқсайды. Президенттiк сайлауда жеңген адамның тобы құттықтаулар қабылдап, мерекелiк көңiл-күйде арқа-жарқа болып қалады. Бұл уақытта сайлау науқанында қарсылас болған демократтар мен республикалық партияның билiктегi өкiлдерi уақытша партиялық бәсекенi ұмытқандай, бәрi ортақ мүдде үшiн күш бiрiктiруге дайын екендерiн паш еткендей көрiнедi. Өйткенi АҚШ-тың ұзақ жылдар бойғы мызғымас саяси мәдениетi демократиялық таңдауды құрметтеуге шақырады. 

"Орындаушы кiм? Орындатушы кiм?" - Шынында да, қазақтың тiлiн бiлмеген қазақ оның дымын да (мүддесiн де! мұңын да! мәдениетiн де! әдебиетiн де!) бiлмейтiнi бесенеден белгiлi ғой. Бiрақ, соған қарамастан, ана тiлiн бiлмейтiн адамдарды аса жауапты, лауазымды қызметтерге қойып жатырмыз, қонжитып жатырмыз. Мұның да шетi, шегi болу керек емес пе?! Бұл – қазақтың рухын жаныштау ғана емес, қазақтың тiлеуi мен қалауына қарсы шығу, яки қазаққа қарсы шығу ғой. Қазақтың ұлттық мүддесiне қайшы келетiн, қазақтың халықтық мүддесiне қарсы жұмыс iстейтiн мұндай саясат кiмдi көгертпек?..

AZATTYQ.ORG. "Соборға қатысты дау антисемиттік айыптауға ұласты" - Ресейдегі еврей бірлестігінің жетекшілері мемлекеттік думаның вице-спикері Петр Толстойды "антисемиттік мәлімдеме жасады" деп айыптады.

"Мұғалімдер дауына шенеуніктер араласты" - Түркістандағы Молда Мұса мектебінің мұғалімдері «мектеп директоры мен оның орынбасарларының үстінен апелляциялық шағым түсіргені үшін» шенеуніктерден қысым көріп отырғандарын айтады. Депутаттар мен шенеуніктер мұны қысым деп санамайды.

"Бас бостандығы шектелген Ғабдуллин «президентке разы» болды" - Астана соты журналист Бигелді Ғабдуллиннің бас бостандығын бес жылға шектеп, сот залынан босатты. Ол еркіндікке «президент Назарбаевтың арқасында шыққанын» айтады.

365INFO.KZ. "«Енді мен Иранмен доспын!». Астана процесінде Асадтың жоспары белгілі болды" - Сирия келіссөздері туралы bloomberg жазыпты. Әйгілі басылымның Астана өткен жиынға қандай баға бергенін білгіңіз келе ме?

"Елімізді неге салафизм жаулап барады?" - Сирияда оқып жатқан қазақ студенттерін елге қайтаруды тездету керек, деп есептейді шымкенттік дінтанушы, «Нұр-Мұра» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулла Бақадыр.

ABAI.KZ. "Жанұзақ Әкім. Мәңгілік елдің дерті - рушылдық" - Қазақ өркениеті аясында жазылып отырған бұл мақалда, 40 томдық (1200 баспа табақ)  «Қазақ этникалық тарихының» негізіндегі б.д.д. ІІІ мыңж бастап бүгінге дейінгі қазақ халқының тарихы мен Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы сараланып, «Мәңгі Ел» идеясын дамыту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, қазақ ру-тайпаларының Халықтардың Ұлы көші (б.д. IV-V ғғ.), Ұлы түрік қағанаты, Алтын Орда және басқа әлемдік тарихты өзгерткен процесстердегі және тәуелсіз Қазақстанды құрудағы қазақ халқының басты рөлі қаралады.

"Ерлан Қарин: Қазақстан бітімгерлік миссиясын нақты іспен дәлелдеді" - Алты жылда ауызбіршілікке келе алмаған Сирияның қазіргі билігі мен оппозициясының мәселесін Астанада талқылаған жиын өтті. Жиынға Сирияның қазіргі билеушісі Башар Асадтың жақтастары мен олардың негізгі оппоненттері қатысты. Әуелі Сириядағы қанқасапты толық немесе уақытша тоқтату мәселесі сөз болды. Алайда екі күнге созылған талқы ақталып, тараптар бітімге келе алмады. Бұл туралы түрлі әңгіме де болды. «Астанадағы кездесулердің не керегі бар еді?» деген пікірлер де айтылды. Осы және өзге де мәселелерді қайыра еске ала отырып, сараптау үшін біз Президент әкімшілігі жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қаринмен сұхбат жасағанды жөн көрдік.

QAMSHY.KZ. "«Қазақ Елі» тарихи телесериалы наурыз айында телепрокатқа шығады" - Бүгінгі таңда отандық кинематография өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Оның дәлелі – «Қазақфильм» киностудиясы жылына ондаған көркем фильм, деректі және анимациялық фильмдер шығарып, олар жұртшылықтың ыстық ықыласына ие болумен қатар беделді халықаралық сыйлықтар алуда.

AIKYN.KZ. "Қытай оқтұмсығын ресейге қаратты. Неге?" - Бүкіл әлем кешелі –бері Қытайдың құрлықаралық баллистикалық ракеталарын Ресей шекарасына жақын орналастырғанын жария етіп, жазып жатыр. Мұның себебі неде?

"Биыл Қазақстан дипломатиясы үшін табысты жыл болмақ" - Сарапшылардың айтуынша, 2017 жыл Қазақстан дипломатиясының алдынан жаңа белестерді ашпақ. Астана процесінің өзі Қазақстанның арағайындық және бітімгерлік қызметінің рөлін тағы бір мәрте айқындай түскендей. Бұл тұста біз саясаттанушы Мақсат Жақауды әңгімеге тартып, биыл еліміз бен әлемді күтіп тұрған елеулі оқиғаларды талдауға тырыстық. 

25 қаңтар 2017, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.