Атырау, 3 мамыр 12:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

"Ақорда тыңшының ордасы ма?", "Мемлекеттiк дағдарыс және Мараттың оралуы", "Жанұзақ Әкім. Қазақ неге көбеймей отыр?", "Қор атаулыдан қорқатын болдық", "Шахановтың қоғамдық қорғаушылары"

2 195 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ақорда тыңшының ордасы ма?" - “Бағлан Майлыбаев қамауға алынды" деген ақпар қоғамды дүр сiлкiндiрдi. Себебi бұған дейiн қаншама шенеунiк тұтқындалса да, президент әкiмшiлiгiнен жiк шыққаны алғаш рет. Дегенмен әуелгiде Сentrasia.ru арқылы тараған ақпарат пен ҰҚК-нiң кеше таратқан ресми мәлiметi арасында бiршама айырмашылық бар. Бiрақ қайсысы болса да, оңып тұрған жоқ. Бұл қоғамды жайлаған былық-шылық бастауын Ақордадан алып жатқанын әйгiлейдi. Тiптi президенттiң айналасы былығып бiттi, мемлекеттiң қауiпсiздiгi “қызыл деңгейге" өттi деп топшыласаңыз да артық емес.

"Мемлекеттiк дағдарыс және Мараттың оралуы" - Кедендiк одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелердi тездетiп шешу үшiн Мәскеуге елшi болып аттанған Марат Тәжиннiң елге оралуы ненi бiлдiредi? Қазақстандағы билiк эшелонының алғашқы легiнде жүргендердiң бiрi, мемлекеттiк деңгейде ойлана алатын бiртоға М.Тәжиннiң iшкi саясат пен идеологияның тұтқасын ұстағаны елде, билiкте үлкен проблема барын көрсетедi. Оған президент әкiмшiлiгi төрағасының орынбасары болған Бағлан Майлыбаевтың мемлекеттiк құпияларды жария еттi деген ауыр айыппен тұтқындалғаны дәлел. Бұрын-соңды президент әкiмшiлiгiнiң жоғары лауазымды тұлғаларына, министрлердiң өзiне бұйырып сөйлей алатын президенттiң жаршыларына мұндай айып тағылмаған едi. Президент әкiмшiлiгiнiң өзiнде осындай былық болып жатқанда “Авгийдiң атқорасын" тазалауға қауқарлы, ақылы мен тәжiрибесi бiр басынан асатын тұлға қажет болғаны сөзсiз.

AZATTYQ.ORG. "Алимент төлегісі келмейтіндер көбейді" - Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) алимент төлегісі келмейтін азаматтардың саны 2015 жылға қарағанда 2016 жылы 200-ге көбейген. Мыңға жуық борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"«Қазақ деген халық негізінде Қазақстанда тұрады» деп түсіндіремін»" - Қытайда туып-өскен этникалық қазақ Мұхтар Тілеуғазы ондаған тарихи фильмде ойнаған. Ол сомдаған рөлдердің арасында түркітектес кейіпкерлер де бар.

365INFO.KZ. "Қазақстанда «Айфонға» тыйым салу керек – Қыдырәлі Болманов" - «Неге солай?» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Қыдырәлі Болманов.

ABAI.KZ. "Қасымов ХҚКО-дағы қайғылы оқиғаға неге көңіл айтпайды?" - Жақында қабылданған жаңа заң жұртты әбігерге түсіргені белгілі. Тіпті ХҚКО-да кезекте тұрған екі азамат соның кесірінен қайтыс болды. Ел ішін дүрліктірген заңға қатысты Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов кеше ғана пікір білдірді. Білдіргенде де, депутат мырза бар айтарын «өлетін адам төсегінде жатып та өледі ғой» дегенге сайдырды. Артынша асылық айтқаны үшін кешірім сұрап, «айтпағым басқа еді» деп ақталды.

"Жанұзақ Әкім. Қазақ неге көбеймей отыр?" - Қазақстан ұлттық мемлекетін құрушы Қазақ Ұлтының (нация) бүгінгі қалыптасуы мен болашақтағы дамуындағы маңызды мәселесінің бірегейі - ол халқының сапасын көтеріп, санын өсіру яғни демографиялық мәселесін оң шешу болып табылады.

QAMSHY.KZ. "Мәскеу мэриясы мигранттарға жүріп-тұруды үйрете бастады" - Мәскеу билігі мигранттарға орыс ертегілеріндегі кейіпкерлер арқылы өзін қалай ұстау керектігін айтып береді. Жадынамада мигранттарды этникалық орыстарға қарсы қойған және орыс тілін жетік білмейтін адам үшін оның мазмұны түсініксіз болады.

"Мұхтар Әуезовтің соңғы махаббаты" - Мұхтар Әуезов және әйелдер! Тұтас бір романға жүк боларлық ерекше тақырып. Білетіндердің айтуынша, данышпан жазушының заңды некеде болған үш жары: Райхан, Кәмила, Валентинадан басқа рухани серігіне айналған бірнеше сүйікті әйелдері болған. Олардың ішінде бізге есімдері белгілілері: Аққал, Гүлбан, Күлән, Мәспен, Оразкен, Ольга, Надя және Фатима. Аса қатаң және шектен тыс тәртіптің адамы Мұхтар Әуезовке әйелдермен махаббаттық қарым-қатынасы белгілі бір дәрежеде жұмсақтық пен лиризм дарытқаны сөзсіз. Ал онсыз суреткер ақындық қиял мен романтикалық сезімсіз қасаң, құрғақ аскетке айналар еді. Біздің бақытымызға орай, ақылына көркі сай әдемі әйелдер жазушының ХХ ғасырдағы әлемдік әдебиеттің жауһары «Абай жолы» роман-эпопеясын тудыруына ерекше илхам-шабыт берді. Бізге атақты суреткер Мұхтар Әуезовтің сондай рухани серігі әрі соңғы махаббаты болған, бүгінде жасы 84-ке аяқ басқан Аққал ХАСЕНОВА апамызбен жүзбе-жүз сұхбаттасудың сәті түсті.

ULT.KZ. "Шахановтың қоғамдық қорғаушылары" - “Мұха, бiздi бастаңыз. Ендi аянатын ештеңе қалған жоқ. Соңыңыздан ердiк", – дескен жастар күн сайын топ-топ боп, жұмысыма келе бастады. Олар тiптi басыма төне бастаған қауiп-қатердi де алдын ала ескерiп, маған бiлдiртпей, “Шахановты қорғайтын топ" деген жасырын ұйым құрыпты. Бұрын саясатқа араласпаған денi таза, көзқарасы айқын, тiлеулес, рухтас адамына қоң етiн ойып беруге әзiр тұратын мұндай жаңа толқынның бел алып, бiлек қосқаны көңiлiме едәуiр үмiт ұялатты.

EGEMEN.KZ. "Мекемтас Мырзахметұлы: Ұлтты тану рухани кемелдікке сүйенеді" - Филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мекемтас Мырзахметұлымен өзі қалам тартқан көрнекті тұлғалар жа­йында пікір алмасып, әңгіме қаузаған едік. Олардың ұлт мүддесіне сіңірген еңбектері, шығармашылықтары және зерттеп-зерделеу жұмыстары туралы ғалым ойларын өз сөзімен бергенді жөн көрдік.

QAZAQUNI.KZ. "Қор атаулыдан қорқатын болдық" - Мәңгілік ештеңе жоқ. Ғажайып жаңалықтар ашып, адамзатқа өлшеусіз пайда тигізген ғаламдық деңгейдегі танымал ғұламалар да, есепсіз ақшасы бар шіріген байлар да өтеді бұл жалғаннан. Ғұламаларды саусақпен санап алуға болса, байлардың да саны дүниежүзі бойынша жер бетіндегі халықтың әрі кетсе он пайызының әр жақ-бер жағында екен. Демек, халықтың басым бөлігі орташа немесе одан да төмен деңгейде өмір сүруде, кейбіреулер тіпті кайыршылықта күн кешуде. Сондықтан да әлемдік тәжірибеде адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында түрлі қорлар ұйымдастырылып, қиын-қыстау жағдайда қалғандарға демеу көрсетіп, табысты жұмыс істеп жатқанын білеміз. Бұл өте тиімді және аса қажет ұйымдар екені даусыз.


17 қаңтар 2017, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.