Атырау, 2 мамыр 03:07
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Түрмеге ақша кіргізуге болмайды

1 856 просмотра

Тергеу абақтысының қызметкерлері мекеменің режимдік аумағына ақша өткізу әрекетіне тосқауыл қойды.

УГ-157/1 мекемесі бастығының орынбасары Ерлан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВ хабарлағандай, кісі өлтіру ісі бойынша айыпталған 26 жастағы азаматқа оның 25 жастағы әйелі әрі қоғамдық қорғаушысы кездесуге келеді. Оны тінту барысында кездесу кезінде күйеуіне бермекші болған белгілі бір ақша сомасы табылып, тәркіленді.

- Бұл факті бойынша материал Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына процессуалдық шешім қабылдауға жолданды, - дейді Е.Дәулетқалиев.

Бір ай бұрын да дәл осындай факті орын алған болатын: бір әйел адам өзінің қорғалушысы әрі бауырына беру үшін ақша өткізбекші болған. Бұл әрекеті үшін оған Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 7 АЕК (14 847 теңге) бойынша айыппұл салынды.

Айнұр САПАРОВА

5 желтоқсан 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.