Атырау, 26 сәуір 14:53
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Ұрлық түбі - қорлық

7 530 просмотра

№2 қалалық соты үш пәтер тонаушыға үкім шығарды.

Қылмыстық топтың ең үлкені 30 жаста. Ол осы жасына дейін ұрлық үшін үш рет түрмеде отырып үлгерген. Осы жылдың ақпанында қамау орнынан босап шыққан соң, ол ұрылар тобын құрып, оған Атырау қаласының 21 және 22 жастағы тұрғындарын тартқан. Қылмыстық іс материалдары көрсетіп отырғандай, олар адамдардың үйлерінде болмаған сәтін пайдаланып, қолдан жасап алған кілттермен пәтерлерге кіріп, ақшаны, бағалы заттарды, ноутбуктерді, ұялы телефондарды ұрлаған. Екеуі ішке еніп, біреуі оларды алдын ала ескерту үшін сыртта қалып отырған.

Оларды қолға түсірмей тұрғанда, қылмыскерлер Атырауда жеті пәтерді тонап үлгерген.

Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Лаура АСАНОВА хабарлағандай, топ басшысы үш жыл бас бостандығынан айрылса, оның сыбайластары екі жарым жылға сотталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қараша 2016, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.