Атырау, 18 мамыр 04:58
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ұрпағымыздың, ұлтымыздың тағдырын ойыншық етуге жол бермеймiз!", "Қазақстан - адам құқығын "құрсаулаушы" топта", "«Норман төрттiгi»: Батыс Ресейдiң ығына жығылды", "Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты"

1 913 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Ұрпағымыздың, ұлтымыздың тағдырын ойыншық етуге жол бермеймiз!" - Өткен сенбiде Алматыда “Жас Алаш" және “Трибуна" газеттерiнiң ұйымдастыруымен, мектеп реформасына және бiлiм мәселелерiне байланысты жиын өттi. Бұл шараға ҚР Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев бiр жарым ай бұрын, алдын ала шақы­рыл­ған едi. Ондағы мақсат – биылғы оқу жылынан бастап шұғыл түрде жүзеге асырыла бастаған жаңартылған оқу мазмұнын бiрлесе талқылап, осы реформаның және 1-сыныптан бастап енгiзiлген үштiлдiлiк саясатының артық-кем тұстарын сарапқа салу болатын. Алайда президенттiң “журналистерден қашпауға", “реформаны халыққа жан-жақты түсiндiруге" мiн­деттегенiне қарамастан, министрдiң өзi де, аталған саланың басқа жауапты қызметкерлерi де бой көрсеткен жоқ. Есесiне оқу-ағарту iсiне, ұрпақ тәрбиесiне бейжай қарай алмайтын және соған қатысты өз ой-пiкiрлерiн ортаға салуға асыққан жандардың қарасы көп болды. Олардың арасында есiмi елге танымал қоғам қайрат­керлерi, ғалымдар, ақын-жазушылар, қарапайым ата-аналар да бар. Жиынды “Жас Алаш" газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай жүргiздi.

"Сапарбаевтың жартылай жеңiсi дауға қойылған соңғы нүкте ме?" - Астана қаласының Алматы аудандық соты Бердiбек Сапарбаевтың моральдық шығын өндiру туралы Айдын Егеубаевқа қатысты арызын жартылай қанағаттандырды. Өйткенi ол өзiнiң нұқсан келген ар-намысының өтеуiн 5 млн теңгеге бағалаған. Ал сот айыпкерден 100 мың теңге өндiру жөнiнде шешiм шығарды.

"«Норман төрттiгi»: Батыс Ресейдiң ығына жығылды" - Соңғы бiр жылда алғаш өткен “Норман төрттiгiнiң" Берлиндегi келiссөздерi айтарлықтай нәтиже әкелмедi. Украинаның оңтүстiк-шығысындағы қарулы қақтығысты ауыздықтауға қатысты бiрде-бiр құжатқа қол қойылмады. Украина, Ресей, Франция және Германия басшылары тек бұрын қол қойылған, қақтығысты тоқтату мен бiтiмге келудi көздейтiн Минск келiсiмiн қалпына келтiру секiлдi мақсатты көздейтiн “жол картасын" әзiрлеуге келiстi.

AZATTYQ.ORG. "Қазақстан - адам құқығын "құрсаулаушы" топта" - Халықаралық CIVICUS ұйымының есебінде Қазақстан еркін ұйым құру, бейбіт шеру өткізу және ой еркіндігін "құрсаулаушы" топтан көрінді. Жергілікті белсенділер бұл бағаны әділетті деп санайды.

"Жастардың Қазақстанға баруға «құлықты емес» екенін айтады" - Лондонда тұратын Алтынбек Қабылахатұлы Ұлыбританиядағы қазақ жастарының ана тілін білуі мен білім алуы жайын әңгімелеп берді.

365INFO.KZ. "«Мен қазақша сөйлемеймін!». Орыстілді журналист қазақтарды Американың үндістерімен салыстырды" - Қазақ тілінің мәселесі Қазақстанда тұратын талай ұлттың бас ауруына айналған сияқты. Өйткені мемлекеттік тілде сөйлеудің орнына оны үйренудің қажеті жоқтығын дәлелдеуге тырысатын себеп-сылтау көп. Тіпті бұл орайда қазақтардың ар-намысына тиетін ой-пікірлер де әлеуметтік желіде өріп жүр.

KORRESPONDENT.KZ. "Эстрададағы ұрылар" - Бүгінде хитшерудің ондығын күн сайын жаңалап отыруға болады. Ән де көп, әнші де көп. Көптер көбейе түскен сайын бәсеке де басым. Хит етсем деген әншілердің әні неге қит етсе «ұрлықы» боп шыға береді? Асыра сілтеп жіберсек, ғафу өтінеміз, бірақ аты дардай әншілердің шетелден ән «ұрлағаны» қай сасқаны?

"Қазақстандағы ауызсудың 16 пайызы ғана таза" - Ғалымдар алдағы 15 жылда ауызсу тапшылығы арта түсетінін айтып, дабыл қағуда. Олардың бұл болжамы негізсіз емес. Соңғы 60 жылда жер шарында ауызсуды пайдалану 8 есе өсіпті. Сонымен қатар, бүгінгі таңда жер шарындағы тұщы судың тапшылығы жылына 230 млрд. текше метрге жеткен. Ал әлемдегі 2,5 млрд. халық бүгіннің өзінде сапалы ауызсуға қол жеткізе алмай отыр.

ABAI.KZ. "Желтоқсан көтерілісінің ақиқаты" - Бүгін Желтоқсан көтерілісіне қатысты Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өтуі тиіс конференцияның орны ауысып, ғалымдар Рэдисон қонақүйінде бас қосты. Еуропа және Азия мемлекеттерінің ғалымдары, шетелдердің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшілері, еліміздің танымал ғалымдары, қоғам қайраткерлері, депутаттар, жас зерттеушілер қатысқан алқалы жиында біраз тың мәліметтер айтылды. Біз осы ғылыми конференцияда жасалған баяндамалардың екі-үшеуін қысқартпай, толығымен жариялауды жөн санап отырмыз. Өйткені, оқырмандарымыз отыз жыл бұрынғы тарихи оқиғаға ғалымдардың көзқарасымен бір қарап көрсе деген ойымыз бар.

"Ұлттық тұлға қалдырмау саясаты-2" - Жоғарыдан жарлық түсті ме, жоқ әлде өздерінің жол бастағасы келді ме, қалың елді дүр сілкіндіріп, бет бұрғызар сенсация қажет болды ма, қаумалай қамап, құмырсқадай жабылып «көкжалды құлатсақ» кезек бізге тиеді, біз болмағанда кім болады, біз бастамағанда кім бастайды деген пендешілік жеңді ме – не себеп болды?! Кім біледі?.. Тіпті осының бәрі де болуы мүмкін!..

QAMSHY.KZ. "Мырзан КЕНЖЕБАЙ. Қазіргі жастар қазақтың келешегі ме?" - Қай ел, қай ұлт болса да тәуелсіздік алсақ дегенде көкейінде, көңіл түкпірінде не тұрады деп ойлайсыз? Адамнан жасырсаң да Құдайдан жасыра алмайсың, ол ұлттың сондағы бар мақсат-мүддесі, арман-қиялы өзі өзге бір елдің отары болған дәуірде жоғалған ұлттық тәрбиесін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық сана-сезімі мен осынау жарық дүнияға деген ұлттық көзқарасын қалпына келтіру, ұлтын жер бетінен жойылып кетуден сақтау екені рас. КСРО құлаған бойда (1991 ж) ол мақсат-мүддесіне жету үшін жедел де батыл іске кірісіп, бүгінде сол арманына қол жеткізіп отырған елдер аз емес.

ҚАЗТАГ. "Темірлан Төлегенов: Заңды білмеу авторларды пайда табудан «босатады»" - Қазақстанда, басқа да кез келген мемлекеттердегідей, зияткерлік өнім жасаушылар мен оны пайдаланушылар арасындағы қатынасты авторлық құқық туралы заң реттейді. Бірақ біздің ұлттық ерекшелігіміз сонда, құқықтық кеңістіктегі осы қатынастар туралы авторлардың өздері де біле бермейді. Сондықтан осында пайда болған авторлық қауымдастық түріндегі топ осы білмеушілікті өздерінің жеке пайдасына пайдалануда.

TURKYSTAN.KZ. "Фунт құлдырап, юань құнсызданып, еуро әлсіреп барады — Доллардың дәурені" - Қытай юаны қазан айының басынан бастап әлемдік резервтік валюталар қатарына қосылды. Енді ол АҚШ доллары, еуро, британдық фунт және жапон йенімен бірдей әлемдік деңгейде халықаралық сауда-саттықта айырбас өлшемі бола алады. Бірақ бұл айтулы жаңалықтың Қытай үшін және әлемдік нарық үшін анау айтқандай әсері сезілмейді. Себебі қазіргі халықаралық нарықтағы жағдай аумалы-төкпелі, әлемдік экономика сең соққан балықтай есеңгіреп, ал әлемдік валюталар қалт-құлт еткен жағдайда.

QAZAQUNI.KZ. "Серікбай қажы Ораз: Теріс ағымға қарсы тұратын күш – дәстүр" - Қай заманды, қай кезеңді алсақ та біздің халқымыз дін, тіл, жер мәселесіне қашан да сергек қараған. Өйткені, дін, тіл, жер – ұлттың негізгі ұстындарының бірі саналған. Ал қазіргі кездегі дін төңірегіндегі мәселелер де бұған бейжай қарай алмаудың айғағы дер едік. Мұндағы басты мәселе – исламға келушілердің санында емес, сапасында, діни таным-түсінігінің түзулігінде. Одан да күрделі мәселе – осы ор­таны басқаруда, аудиторияны игеруде. Бұл – кешенді мәселе, қоғамдық жауапкершілік деп атар едім.



25 қазан 2016, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.