Атырау, 18 мамыр 05:57
 бұлттыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Тағылған айыптың дәлелi жоқ", "Ешкiмге опа бермеген одақ", "«Ресей өз көрін өзі қазып жатыр»", "Шенеунік және жұма намазы: әкім не айтты, біз не түсіндік?", "Газет оқымайтын «оқырман» интернеттен бар керегін таба ала ма?"

2 335 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Тағылған айыптың дәлелi жоқ" - 27 қыркүйекте Астанада жалғас­қан Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, “ҚазТАГ" ақпарат агент­тiгiнiң бас директоры Әсет Матаевтың сотында әкелi-балалы Матаевтардың соңғы сөзi тыңдалды.

"Ешкiмге опа бермеген одақ" - Экономист, бұрынғы инвестициялар және даму вице-министрi Рақым Ошақбаевтың пiкiрiнше, Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа артқан үмiтi әзiрше ақтал­ған жоқ. Бұл туралы өз ойын ол Kazakhstan Growth Forum-да мәлiмдеген.“Қазақстан мен ЕАЭО елдерi арасындағы өзара сауда-саттық, экспорт төмендедi. Егер Кеден одағына дейiнгi жағдайды 2015 жылмен салыстырар болсақ, бiздiң экс­порт 18,5 пайызға құл­ды­рады", – дедi экономист.

"“Жаназасы" шығарылған кәсiпорындар" - Өткен аптада мемлекеттiк хатшы Гүлшара Әбдiқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның отырысын өткiздi. Осы жиында 2010–2014 жә­не 2015–2019 жылдары жүзеге асуы тиiс индустриалы-инновациялық бағдарламалар­ға бюджеттен қомақты қаражат бөлiнгенi ай­тыл­­ды. Басқосуда мемлекеттiк хатшы бағдарламаға бюджет есебiнен берiлген мол қар­жының 13 миллиард теңгесi талан-таражға түскенiн жасырмады.

AZATTYQ.ORG. "Түрмедегі әйелдерді зорлауды қалай тоқтатуға болады?" - Слекишинаның ісі түрмеде зорланған әйелдердің жаппай сотқа жүгінуіне түрткі бола ала ма? AzattyqLIVE хабары осы мәселені құқық қорғаушы Марианна Гуринамен талқылады.

"«Бабий Яр - тұтас Украинаның трагедиясы»" - 75 жыл бұрын, 1941 жылы Украинада неміс басқыншылары екі күннің ішінде 30 мыңнан астам еврейді қырып салған. Тарихта бұл оқиға қантөгіс болған жердің атымен «Бабий Яр» аталады.

"«Ресей өз көрін өзі қазып жатыр»" - Сәрсенбі күні Нидерланд прокуратурасы басқаратын халықаралық тергеу тобы 2014 жылы шілденің 17-сінде Донецк үстінде атып түсірілген Малайзия әуе желілеріне тиесілі Boeing ұшағы апатына қатысты тексерудің алғашқы қорытындыларын жариялады.

ABAI.KZ. "«ҚР Мәдени саясаты тұжырымдамасы» туралы пікір" - Жалпы бұл тұжырымдама формалық жағынан қолдауға болатын жобалар жиынтығынан тұрады. Меніңше дүрдей бір министрлік тұжырымдама жасаудың ғылыми теориялық, танымдық философиялық негіздеріне жаңаша көзқараспен ұмтылуды ескермеген сияқты. Себебі, тұжырымдама деп мемлекеттік тұғырнамаға лайық жоба дайындалған кезде, алдымен оның платформасы ғылыми танымға негізделсе керек ті. Бұл тұжырымдаманың платформасының кешегі позитивистік мәдениет теориялары мен бүгінгі саяси лозунгілер шеңберінде дайындалғандығы анық көрініп тұр. Себебі тұжырымдамада мәдениет құбылысына жанды экзистенциалды мән берілмеген. Мәдениет факторын көбінесе мұражайларда орын алатын экспонаттар мен театрландырылған көрініс ретінде еске алуға бағытталған. Бұл кешегі Батыс ойшылдарының мәдениет теориялары жасалған жобалар екендігінен хабар береді.

TURKYSTAN.KZ. "Газет оқымайтын «оқырман» интернеттен бар керегін таба ала ма?" - Америкалық NOP World компаниясы жуырда әлем халықтарының ақпарат арналарына деген қызығушылығын салыстырып, ең оқымысты елдердің ондығын атады. Көш басында – Үндістан. Үнділер аптасына 10 сағат уақытын кітап, газет-журнал оқуға арнайды екен. Өкінішке қарай, оқу мәдениеті дамыған елдердің қатарында Қазақстанның аты атаусыз. Қазақ баспасөзінің дәурені аяқталуға жақын деген «көреген» болжамдардың болашағы қандай?

"Ұрпақ тәрбиесінде барлық шаруаны шешесіне ысыратынымыз қалай?" - Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өйткені адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан кіреді, отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың барлығы бала сезіміне әсер етеді, күллі парасат, пайым отбасынан өрбиді деп ұғады. Сондықтан қазақ салтында отбасы тәлім-тәрбиесі ерекше дәстүр. Әке – отбасының иесі, қорғаны, қамқоры, ал Ана – отты өшірмей, маздатып жағушы жылылық иесі. Осы екі киеден қуат алған ұрпақ әрқашан еліне жақсылық сәулесін себетін айбынды азаматқа айналады.

QAMSHY.KZ. "Шенеунік және жұма намазы: әкім не айтты, біз не түсіндік?" - Кешелі бері ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары жарысып жазып жатқан тақырып – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың «Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында жұма намазға баруды доғарсын» деген ескертпесі. Ә дегенде елдің өре түрегелгені, әкімнің бұл сөзі үшін дін дұшпаны етіп көрсету байқалады. Ол енді, жұмсартып айтқанда, артық айыптау.

DALANEWS.KZ. "«Қазақ елі» фильмінің режиссері ащы шындықты жайып салды" - «Қазақ елі» фильміне ешбір Ұлттық компания көмектеспеді, ешбір телеарна ұсынысжасамады, деді фильмнің режиссері Рүстем Әбдірашев.

"«Ойсыл қырғын» оқиғасы немесе алтын қайшылы Ізбике ана" - Қазақтың арғы-бергі тарихына үңілсек, ата-бабаларымыздың басынан нелер өтпеген? Адам айтқысыз аштық та, той-томалағы таусылмас тоқтық та, жүздеген жылдар бойы созылған сұм соғыс та өтті. Ұлы далада бабалардың қаны тамбаған тау-тасы, топырағы жоқ шығар. Мыңдаған жылдар бойы көшпенді ғұмыр кешкен ата-бабаларымыз әлемнің әр тарапында аяқ суытқаны, әлемге әмір жүргізгені туралы деректерді қарт тарих мойындайды, растайды. Азия мен Еуропаның, қала берді Африканың құм басқан меңіреу шөлдері мен қалың шөп басқан мекендеріне бабаларымыз талай жәдігерлер қалдырып кеткені ақиқат. Оған Еділ патша да, Шыңғысхан да, Бейбарыс сұлтан да сөзімізге дәлел. Ал осындай ұлы адамдарды дүниеге әкелген аналар ше, кейбірлеулері адамзат өркениетінің дамауына өлшеусіз үлес қосып, тарихта алтын әріппен мәңгілікке жазылып қалғанын тарих беттерінен білеміз.

KORRESPONDENT.KZ. "«Жылаған Ата» бұлағы" - Соңғы уақытта «Жылаған ата» бұлағының Құран оқығанда ғана ағатыны туралы видеолар ғаламторда қаптап кетті. Осыған дейін Алладан бала тілеп, ауруына шипа сұрап, әулиеге зиярат етуге баратын жұртшылық енді сол бұлақтан Құран оқылса су ағатын-ақпайтынын білу үшін де ағыла бастады. Біздің де таңданысымызды тудырған әулие туралы біз де әңгіме өрбітуді жөн көрдік.






30 қыркүйек 2016, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.