Атырау, 2 мамыр 17:52
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

​Мектептің бас есепшісі миллионды жымқырды

2 263 просмотра

Индер аудандық соты бюджет қаржысын иемденді деп айыпталған Уәлиханов атындағы мектептің (Индербор поселкесі) бас есепшісіне үкім шығарды.

Индер ауданының прокуроры Алтынбек ЖҰМАБЕКОВТІҢ айтуынша, сотта бас есепшінің электронды кілтті жеке мақсаты үшін пайдаланып, жергілікті бюджеттен мектеп есепшотына аударылған 916 494 теңге қаржыны өзінің банкомат кәртішкесіне аударып алғаны анықталды. Сот әйелді ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сеніп тапрсырылған бөгде мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу») және 369-бабы («Қызметтік жалғандық жасау») бойынша кінәлі деп таныды. Ол айыптау тарапымен кінәсін мойындау туралы іс жүргізу келісімін ресімдеп, иемденген ақшаға сатып алынған мүлкін тәркілеумен қатар 500 АЕК (1 млн 60 мың теңге) мөлшерінде айыппұл жазасын алды. Бұдан басқа, оны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды жұмыс атқару құқығынан айырды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

21 қыркүйек 2016, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.