Атырау, 26 сәуір 13:13
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Депутат Ресейдің «қитұрқы әрекетіне» қарсы шара қолдану қажет деп санайды

1 920 просмотра

Фото: Baq.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбиновтің айтуынша, бүгінде Ресей шекарасындағы өткізу бекеттерінде тағы бір бақылау жүйесін енгізіп отыр. Ол арқылы Қазақстаннан келетін тауарлар тексеріледі. Онсыз Ресей территориясына кіруге рұқсат жоқ. Алайда аталған бақылау жүйесінің жұмыс тәртібін ешкім білмейді. Соның салдарынан қазақстандық жүк тасымалдаушылар шекарадан өте алмай, шығынға батып жатыр. Өйткені олар таситын тауарлардың ішінде тез бүлінетін өнімдер бар. Ондай шектеулер Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы келісімдерге қайшы, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында бәріне бірдей жағдай жасау шарттары қарастырылған. Алайда бүгінде Ресей жағы біздің тауар өндірушілері үшін бір кедергіні енгізіп отыр. Ол - карантиннен кейінгі ескерту жүйесі. Шыны керек, қазақстандық жүк тасымалдаушылар аталған жүйенің жұмыс тәртібі туралы көп жағдайда білмей жатады. Себебі Ресей жағы ол жайында xабардар етіп отырмайды. Түсіндіру жұмыстары да жүргізілмейді. Сосын ондай жүйе шекараның бір бекетінде болса, екіншісінде болмауы мүмкін. Содан жүк тасымалдаушылар қайтып бұрылып, шекара бойымен бақылау жүйесі бар бекеттерді іздеуге мәжбүр. Қазақстан-Ресей шекарасының ұзындығы 7,5 мың шақырым, ал оның бойында ондаған өткізу бекеттерінің бар екенін ескерсек, жүк тасымалдаушылар үшін соның бәрін аралап жүру тиімді емес. Себебі олар таситын тауарлардың ішінде тез бүлінетін өнімдер бар», - дейді депутат.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жүйе Ресейдің қитұрқы әрекеті болуы әбден мүмкін. Осыған байланысты Б.Дүйсенбинов соған қарсы шара қолданып, керек болса, ресейлік тауарлар үшін тура сондай бақылау жүйесін енгізуді ұсынды. Халық қалаулысы осы мәселеге арналған депутаттық сауалын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдады.

Дереккөз: Baq.kz

21 қыркүйек 2016, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.