Атырау, 2 мамыр 10:04
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Оқиғалар тізбегі

2 778 просмотра

Су полициясының қызметкерлері 7 қыркүйекте таңертең Сатыбалдиев көшесінің бойынан «Лада» ВАЗ-2114 көлігін ұстады. Көліктің жүксалғышынан ілеспе құжаттарсыз үш қапшық қара балық табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

ҚІІБ-не Доссор поселкесінің тұрғыны - 32 жастағы әйел адам шағымданды: Атырауда ол 21 жастағы ер адаммен танысыпты. Ол жұмысқа орналастырамын деп уәде беріп, оның 50 мың теңгесін алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

Полицияға 65 жастағы әйел жүгінді: 29 жастағы туысы оның сөмкесінен құны 200 мың теңге тұратын алтын алқасын ұрлап алған. Күдіктіге іздеу жарияланды.

***

Қыркүйектің 12-не қараған түні 33 жастағы ер адам Тайманов көшесінің бойындағы кеңселердің бірінің бірінші қабатындағы терезенің торын бұзбақ болған кезде ұсталды. Тергеу жүргізілуде.

***

Қыркүйектің 12-не қараған түні 19 жастағы қала тұрғыны Авангард 3-ші ықшамауданында тұраққа қойылған «Лада Ларгус» көлігін ашып алып, ұрлық қылған. Ұрының жеке басы бейнебақылау камерасының көмегімен анықталды.

***

Свердлов көшесінің бойында 7 қыркүйекте жастар спирттік ішімдіктер ішкен. Учаскелік инспектор қызмет көлігімен тоқтап, оларға ескерту берген. Жауап ретінде жігіттердің бірі көліктің артқы бамперін істен шығарады. Ол ұсталып, ҚР ҚК-нің 379-бабы («Билік өкіліне бағынбау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

Полицияға 58 жастағы әйел хабарласты: 3 қыркүйекте онымен бірге тұратын туысқаны алтын сақинасы мен 80 мың теңгесін ұрлап алған.

***

Қыркүйектің 12-де сағат 21.35-те Құрманғазы көшесінің бойында «Армада» кешені жақтағы жол өтпесінің іргесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Эстакададан Авангард жақтан түсіп келе жатқан бортты ГАЗель мен «Лада-21144» көліктері соқтығысқан. Екі жүргізуші де Атырау тұрғындары, екеуі де 1995 жылы туылған. Газельдің екі жолаушысы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты. Екі жүргізуші куәландырудан өтті, ол екеуінің де мас еместігін көрсетті.

***

Атырау-Дамбы трассасында 13 қыркүйекте сағат 16.00-де полицейлер 19 жастағы Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Ниссан Премьера» көлігін тоқтатты. Жүксалғыштан 15 келі бекіре еті табылды. Балық 56 жастағы жолаушыға – Құрсай поселкесінің тұрғынына тиесілі екен. Сол жерден полицейлер Жаңаталап селосының 32 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада-ВАЗ-2115» көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан 172 келі қара балық табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Құлсары-Сарықамыс трассасынан Жылыой ауданының полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының тұрғыны жүргізіп келе жатқан Камаз көлігін тоқтатты. Жүк көлігінің тіркемесінде 11 тонна солярка болған, жүргізушіде оның құжаттары болмай шықты. Тергеу жүргізілуде.

15 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.