Атырау, 26 сәуір 11:31
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Түркияның полиция бөлімшесінде жарылыс болды: қаза тапқандар бар

1 620 просмотра

Фото: AFPТүркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Джизра қаласындағы полиция учаскесінде жойқын жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі BBC-ке сілтеме жасап. Қауіпсіздік қызметіндегілердің мәліметінше, жарылыстан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр.

Оқиға орнына жедел жәрдем көліктері барған. Куәгерлерге сілтеме жасаған жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға орнында миналанған көлік жарылған.

Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдік бар.

Дереккөз: Tengrinews.kz

26 тамыз 2016, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.