Атырау, 26 сәуір 09:22
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Рыпакова «Гауһар лигасы» кезеңінде күміл медаль олжалады

1 653 просмотра

Фото: today.kzЛозаннада «Гауһар лигасы» жеңіл атлетика турнирі өтіп жатыр,- деп хабарлады Қазақпарат.

Қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден Колумбия мықтысы Катерин Ибаргуэнге ғана есе жіберіп, екінші сатыға табан тіреді. Қола грек қызы Параскев Папахристтің қоржынында кетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске сала кетейік, Рио Олимпиадасында Ольга спорттың осы түрінен 14,74 метрді бағындырып, қола медаль еншілеген болатын.

Жеңіл атлетика. «Гауһар лигасы». 11-кезең.

Үш қарғып секіру. Әйелдер.

1. Катерин Ибаргуэн (Колумбия) - 14,76

2. Ольга Рыпакова (Қазақстан) - 14,53

3. Параскеви Папахристу (Грекия) - 14,18.

Дереккөз: Іnform.kz

26 тамыз 2016, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.