Атырау, 26 сәуір 07:34
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп, 3,4 млн еуро пайда тапты

2 454 просмотра

Фото: "Астана" ФК«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының екі кезеңінде ойнады. Мықтылардың додасында шотландиялық Селтиктен бір ғана ұпай айырмасымен жеңілген «Астана» автоматты түрде Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Мұнда алғашқы ойында елордалықтар Беларустың БАТЭ-сін ұтып (екі ойынның қорытындысы 4:2 – 0:2, 2:2), Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Осылайша, қазақстандық клуб 3,4 млн еуро пайда тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Еуропа лигасының топтық кеңезінен өткені үшін астаналық клуб 2,4 млн еуро алуы тиіс. Топта қосымша бонустар да қарастырылған. Яғни, 360 мың еуро жеңіске жеткені үшін, 120 мың еуро тең ойнағаны үшін.

Бұдан бөлек, плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар 500 000 еуро алады. Сонымен қатар, әрбір топтың жеңімпазына 500 000 мың евро беріледі. Ал екінші орын алған командаға 250 000 еуро қарастырылған.

Осылайша, «Астана» бүгінгі күннің өзінде 3 млн 400 мың еуроға қол жеткізді. Бұл ақшаны УЕФА еуро маусым аяқталған соң береді. Нақтырақ айтсақ, «Астана» бұл ақшаны 2017 жылдың маусымында алады. Бұған қосымша командалар маркетингтік құқықтары арқылы қосымша бонустар таба алады.

Бүгін Астана уақытымен сағат 17:00-де Монакода Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өткен командалар арасында жеребе тарту рәсімі өтеді. «Астана» командасының болашақ қарсыластары осы шарада анықталады.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде 48 клуб ойнайды. Олар 12 топқа бөлінеді. Бірінші тур 16 қыркүйекте өтеді. Ал топтық кезеңнің соңғы ойыны 8 желтоқсанға жоспарланған. Әрбір топтан 2 үздік команда плей-офф кезеңіне жолдама алады.

Дереккөз: BNews.kz

26 тамыз 2016, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.