Атырау, 18 мамыр 19:26
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жер комиссиясының шешімі кімнің жеңісі?", "Үштiлдiлiк – үш басты аждаһадан да жаман", "Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация министрі болған 100 күнде не істеді?", "Дәстүрлі құндылықтар неге құнсызданып барады?"

2 046 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Жер комиссиясының шешімі кімнің жеңісі?" - Тамыздың 13-інде Астанада өткен Жер реформасы бойынша комиссияның отырысында «ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы туралы мәліметтерді толықтыру мақсатында қолданыстағы мораторий мерзімінің бес жылға, яғни 2021 жылғы желтоқсанның 31-іне дейін ұзартылатыны және комиссия жұмысының тоқтайтыны хабарланды.

"Левиттің жеңілгені Олимпиададағы дауға айналды" - Рио олимпиадасында бокстан 91 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко - алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы.

ABAI.KZ. "Жер мәселесінде қазақ жеңіске жетті" - Бүкіл Қазақстан аумағын дүрбелеңге салған жер дауына қатысты мәселеде қазақ ұлты екінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгінде кейбір зиялы қауым өкілдері мен белсенділер «комиссия бірнеше айдан бері мораторийді 5 жылға созу үшін ғана құрылды ма?» деп бұл шешімге көңілдері толмайтынын айтып жатыр. Меніңше, қазіргі жағдайда осы бес жылдық мораторийдің өзі ұлттың қол жетпес жетістігі ретінде саналуы қажет.

"Дәстүрлі құндылықтар неге құнсызданып барады?" - Зайырлы мемлекет заңнамалық қағидаттар мен қоғам сұранысын ескеріп, заманауи бағдарлар мен білім жүйесіне жасалатын талдауларға сүйенеді. Соның негізінде қоғам өмірін құқықтық тұрғыдан реттеп, ұлттық рухани құндылықтардың сақталуы мен дамуына жағдай жасайды.

TENGRINEWS.KZ. "Дәурен Абаев ақпарат және коммуникация министрі болған 100 күнде не істеді?" - Жексенбі күні Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың жаңа қызметке келгеніне 100 күн болды. Үш айдан аса уақытта оның ведомствосының құрылымдалу жұмыстары аяқталды. Қоғам алдағы уақытта министрдің жұмысында қандай өзгерістердің күтілетінін білгісі келеді. Осы және басқа да мәселелер жайлы Дәурен Әскербекұлы тұңғыш сұхбатында айтып береді.

KAZ.365INFO.KZ. "Қазақ вальсінің королі — Шәмші Қалдаяқов туралы 10 дерек" - Аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, осы заманғы қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов 1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында дүниеге келді.

ZHASALASH.KZ. "Үштiлдiлiк – үш басты аждаһадан да жаман" - Ертең, яки 17 тамыз күнi республика мұғалiм­дерiнiң дәстүрлi тамыз конференциясы өтедi. Осы конференцияда үштiлдiлiктiң зияны мен зардаптары жөнiнде сөз қозғалуы мүмкiн бе? Әй, қайдам...

"Бабалардың бас сүйегi елiне жетсiн,арзан абырой қуғандардың ермегi болмасын" - Өткен аптада премьер-министрдiң Twitter желiсiндегi парақшасында Кәрiм Мәсiмов РФ үкiметiнiң басшысы Дмитрий Медведевтен Хан Кене мен Кейкi батырдың басын қайтаруды сұрамақ деген хабарлама тарады.

"Билiк «асфальттан келгендердi» тыңдамаса, бiздi тыңдасын!" - Өткен аптада редакциямызға Алматы облысының Алакөл және Сарқан ауданының шаруалары бас сұққан едi. Олар бiзге Жердi сатуға, шетелдiктерге жалға беруге қарсылықтарын бiлдiрген 43 шаруа қожалығы басшыларының хатын тапсырған. Дегенмен сенбi күнi жердi саудалауға жарияланған мораторийдiң 5 жылға ұзар­ғаны мәлiм болды. Бiрақ бұл шара да жер емген жұрттың көңiлiндегi күмәндi сейiлте алмапты. Бiзбен хабарласқан фермерлер “Мораторий – халықты алдарқату. Егер үкiмет жердi талан-тараж­ға салғысы келмесе, Жер кодексiне өзгерту енгiзуi қажет едi. Олай iстеген жоқ. Демек, билiк әлi райынан қайтпаған. Бiз бұған қарсымыз. Осы пiкiрiмiздi де газет бетiне жарияласаңыздар екен" деген өтiнiштерiн айтты. Сонымен, шаруалар не дейдi? 43-тiң хаты төменде.

QAMSHY.KZ. "Қолмерген Кейкі батыр туралы не білеміз?" - Елі мен жері үшін өмірін арпа­лыс­та өткізіп, сол жолда жанын пида ет­кен жаужүрек ұлдарын туған халқы еш­қа­шан да ұмытпаған. Олардың аяулы есім­дерін ардақтап аңыз-жырға айналдырып кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруге тырысқан. Сондай ел есінде сақталған есіл ерлеріміздің бірі Кейкі Көкембайұлы.

INFORM.KZ. "Мырзағали Айтжанов: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады" - Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарынан кейін бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат беріп, боксшыларымыздың жекпе-жектегі айқастары туралы пікірін білдірді.

SN.KZ. "Қазақ Мәсімовтерге қашанғы алданып отыра береді?" - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қазақтарды тағы да алдады. Күні кеше Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесер алдында Кенесары мен Кейкі батырдың бастарын сұраймын деп уәде берген Қажымқанұлы бұл уәдесінде тұрған жоқ. Нақтысын айтқанда, тек Кейкі батырдың ғана Ресей музейінде сақталып тұрған бас сүйегін қазаққа қайтарып беру мәселесін көтерді. Ал, хан Кененің атын айту Мәсімовтің есінен шығып кетті ме, әлде орыс премьерінің мысы басты ма, әйтеуір тағы да сұралмады.



16 тамыз 2016, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.