Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"«Қазақстан экономикасы құрып бітті, оның бар үміті мұнайда» — Дүниежүзілік банк", "Түркия Батыстан алшақтай түсті", "Жер реформасы бойынша комиссия: атқарылған жұмыс қорытындысы", "Наразылық қайдан туындайды?"

1 949 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "«Қазақстан экономикасы құрып бітті, оның бар үміті мұнайда» — Дүниежүзілік банк" - Экономикалық өлшемдері бойынша Қазақстан алғаш рет Орталық Азиядағы елдердің аутсайдері болмақ. Дегенмен «Қазақстан: қалпына келудің ұзақ жолы» баяндамасының авторлары, Дүниежүзілік банк сарапшылары «Қазақстан жақын уақытта экономикалық тығырықтан шыға бастайды» деп болжап отыр.

"Кәрім Мәсімов қазақтарға қалай жағынарын білмей жүр!" - Байқайсыз ба, Кәрім Мәсімовті қазақтар көп жақтыра бермейді. Шынында да, қазір бұ кісің қазақтарға қалай жағынарын білмей жүр. Тіпті соңғы кезде сұмдық популизммен айналысып, қызық болып жатыр өзі. Мәсімов енді Ресей премьер-министрімен кездесіп, «Кенесары мен Кейкі батырдың бастарын сұраймын», депті Твиттерінде.

AZATTYQ.ORG. "Түркия Батыстан алшақтай түсті" - Түркияда іске аспай қалған төңкеріс әрекеті Анкара мен Батыстың арасын аша түсті. НАТО-ға мүше елмен қатынастың шиеленісуі Таяу Шығыстағы аймақтық қауіпсіздікке, Сириядағы дағдарысқа, геосаяси тепе-теңдікке салқынын тигізеді.

"Балқаштағы «жалған мәлімет тарату» ісі" - Балқашта қамауда отырған заңгер Санат Бөкеновтің әйелі «бала-шаға ақшадан тарығып, күнкөріс қиындап кетті» дейді. Заңгерге «жалған мәлімет таратты» деген айып тағылған, бірақ істің мән-жайы анық емес.

ZHASALASH.KZ. "Дiңкелеткен жер дауы ауыл адамдарын ашындырды" - Ай-күннiң аманында адамды сандалтып, сергелдеңге салып қою бiздiң билiкке түкке тұрмайды. Облыстың бұрынғы және бүгiнгi әкiмiне жазып, жерге қатысы бар-ау деген мекеме бiткеннiң табалдырығын тоздырып, кейiнгi үш-төрт жылдан берi табанынан таусылған ұлытаулық фермерлер “Жас Алаш­қа" мұңын шағыпты.

QAMSHY.KZ. "Данияр Әшімбаев: күзде Мәсімов отставкаға кетеді" - Саясаттанушы елдегі қалыптасып отырған экономикалық-әлеуметтік ахуал Үкіметтің отставкаға кетуіне себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Мұхтар Тайжан: мораторийді ұзарту – орынды шешім" - Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында саясаткер Мұхтар Тайжан мораторийді 5 жылға ұзарту өте орынды шешім екенін айтты.

ABAI.KZ. "Жер комиссиясының құрылуы - халықтың жеңісі" - Қалыптасқан жағдайда ең ұтымды шешім осы болса керек. Сондықтан бұл – халықтың жеңісі, елдің жеңісі. Бұрын көтеріліп жүрген басты мәселелер осы еді. Үш айдың ішінде біз екі тараптың да көзқарасын тыңдадық.

"Наразылық қайдан туындайды?" - Бізде қоғамның ойынан шығатын жаңалықтар мен заңдылықтар айтылғанымен, олардың көпшілігі, жергілікті жерлерде жүзеге асырылып жатқан жоқ.

TURKYSTAN.KZ. "Жер реформасы бойынша комиссия: атқарылған жұмыс қорытындысы" - Астанада ҚР премьер-министрінің орынбасары -ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен өткен Жер реформасы бойынша комиссияның кезекті отырысында осы бағыттағы бұған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындылары тұжырымдалды.

SN.KZ. "СҚО-да мораториге қарамастан жергілікті билік жерлерді сатып жіберген - тұрғындар" - Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары Елбасының жер сатуға қатысты жариялаған мораториіне қарамастан жергілікті билік өкілдері жерлерді сатып жіберді деп мәлімдеуде. Олардың қолдарында дәлелдері де бар көрінеді.



15 тамыз 2016, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.