Атырау, 18 мамыр 18:59
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қазақстан Ұлттық қоры неге жүдеді, кім кінәлі?", "Үкiмет комиссиясы тарай ма?", "Шетелдік қаржы. Қайдан алғаныңды, қайда жұмсағаныңды хабарла!", "«Терроризм» бабымен сотталғандарды адвокат кінәсіз көреді", "Ердоған-Путин: ұтқан кім, ұтылған кім?"

1 968 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қарағандыда ЛГБТ өкілдерін тергеу видеосы" - Белгісіз біреулер тергеуге алып, бірінің басынан ұрып жатқаны түсірілген видео кейіпкерлері - ЛГБТ қоғамдастығы өкілдері Алматы қаласындағы Қазақстан адам құқығы бюросы көмегіне жүгінген.

"Лениннің орнын Сомони басты" - «Азияны сүйемін» туристік жобасының авторы, украиналық саяхатшы һәм блогер Евгений Ихельзон 23 жылдан соң Орталық Азияны аралап, 1993 жылдан бергі өзгерістерге, "декоммунизация процестеріне" таң қалғанын айтады.

"«Терроризм» бабымен сотталғандарды адвокат кінәсіз көреді" - Бейсенбіде Ақтөбе соты «WhatsApp арқылы терроризмді насихаттап, діни алауыздық туғызды» деген айыппен Шалқар қаласының үш тұрғынын 6-8 жыл арасында түрме жазасына кесті. Сотталушылардың адвокаттары үкімге разы емес.

KAZ.365INFO.KZ. "Кәрім Мәсімов қазақтарға қалай жағынарын білмей жүр!" - Байқайсыз ба, Кәрім Мәсімовті қазақтар көп жақтыра бермейді. Шынында да, қазір бұ кісің қазақтарға қалай жағынарын білмей жүр. Тіпті соңғы кезде сұмдық популизммен айналысып, қызық болып жатыр өзі. Мәсімов енді Ресей премьер-министрімен кездесіп, «Кенесары мен Кейкі батырдың бастарын сұраймын», депті Твиттерінде.

"Қазақстан Ұлттық қоры неге жүдеді, кім кінәлі?" - Ұлттық қорға түсетін аударымдар азайып жатыр. Сонда, Қазақстан экономикасы тоқыраудың алдында тұр ма?

ZHASALASH.KZ. "Үкiмет комиссиясы тарай ма?" - Билiк пен халық арасындағы жер дауы талай былық-шылықтың бетiн ашуда. “Шетелдiктерге жер бермей­мiз" деп шамырқан­ған жұрт мыңдаған гектар жердiң осыдан 5-6 жыл бұрын-ақ қазақ-қытай бiрiккен компанияларына өтiп кеткенiн ендi бiлiп жатыр. Мұны алдымен Жер комис­сия­сының отырысында қоғам белсендiсi Айдын Егеубаев көтерген. Кейiн оны Жер комиссиясы нақтылады. Кейбiр мәселелер бойынша тiптi Қаржы министрлiгiнiң Кiрiстер комитетi қылмыстық iс қозғаған. Мұның бәрi жақсы, әрине. Алайда Арқадан ескен желмен бiрге Ақорда жақтан құлаққа жағымсыздау тағы бiр ақпар жеттi.

"Сағадиевтiң жолына қазақ тiлiн садаға етiп жiберемiз бе?" - Тарих дегенiмiз – адам санасының, елдiң, ұлттың даму қозғалысы мен қоғамдық қа­рым-қатынастардың қалыптасу кезеңдерiн сипаттайтын, өткеннен сыр шерте­тiн шежiре. Өт­кенiңдi бiлме­сең, қалай жаратылып, қайдан шыққаныңды, қалай өмiр сүргенiңдi, жiберген қателiк­терiң мен кемшiлiк­терiң­дi саралап салыстырмасаң, алға қалай жылжисың? Келешекте басыңа қандай күн туатынын қайдан бiлесiң, тiптi жақсы мен жаманның, дос пен дұш­панның, пайда мен залалдың, ақ пен қараның, шындық пен жалғанның арасын ажыратудың өзi ақыл-парасатқа тiкелей байланысты емес пе?! Сол ақыл-парасат пен даналық, көрегендiк пен шешен­дiк, батырлық пен ерлiк, талант пен дарын, туған жерiң мен ел-жұртыңды, ұлтыңды, жалпы, отаныңды сүю секiлдi ұғымдар кешегi 1991 жылдан ғана басталмаған шығар?

QAMSHY.KZ. "Ердоған-Путин: ұтқан кім, ұтылған кім?" - Түрік басшысы Режеп Ердоғанның Петерборға барып, Путинмен кездесуі, екі елдің арасындағы қарым-қатынастың қайта жандануы БАҚ пен сарапшылар арасында қызу талқылануда. Біреулер Ердоғанның Ресей алдында «иілуін» ерлікке балап, елінің мүддесі үшін жасалған қадам десе, енді бірі оны жарты әлемге жексұрын болған Путинмен одақтасты деп айыптауда. Экономист, саясаткер Мұхтар Тайжанның Ердоған мен Путиннің соңғы кездесуіне қатысты өз ойы бар. Ол қайта жанданған екі ел қатынасынан Ердоғанның, сол арқылы Түркияның ұтары көп деп санайды.

"Жеті рет тұрмыс құрған келіншектің жан сыры" - «Мен де барлық қыз бала сияқты ақ көйлек киіп, қосағыммен қоса ағаруды арман еттім» деген келіншек он жылдың ішінде қалайша жеті күйеуге шыққанын әңгімелеп берді.

ABAI.KZ. "Шетелдік қаржы. Қайдан алғаныңды, қайда жұмсағаныңды хабарла!" - Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды. Осы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Салық кодексінің кейбір баптары өзгерді. Мәселен, шетелден қаржы алатын азаматтық және заңды тұлғалар бұдан былай мемлекеттік кірістер органдарына есеп беруге міндеттеледі. Осылайша, Қазақстан әлемдегі дамыған 30 елдің стандарттарына көше отырып, шетелдік қаржыландыруға қатысты салық бақылауын кеңейтуді көздеп отыр. Еліміздің әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру тұжырымдамасын жүзеге асыру бағдарында ел ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңаруларға қолайлы жағдай туғызу, халықаралық қауымдастықта ұлттық мүддемізді қорғау басты басымдықтарымыздың бірі болып қалмақ. Осы орайда, жаңа заңның қабылдануы алға қойған мақсат-мұраттарымызды іске асыруда міндетті қадамдардың бірі болып табылады.

"Зейнатақы қаржысы енді «мега» салуға жұмсала ма?" - Жақында Үкіметтің шешімімен Біріңғай зейнетақы қорындағы 117,5 миллиард теңге дағдарыстан дал-далы шыққан экономиканың жыртығын жамауға жұмсалатыны айтылды. Оның 15 миллиардқа жуығы ендігі жылы Елордада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ғимараттарын салуға бөлінетіні де мәлім болған.

TURKYSTAN.KZ. "Нұрсұлтан Назарбаев: Ымыра – бір-біріне жол беру" - Қай істің де ақырының қайырын күтуде үлкен мән бар. Себебі соңы жақсылықпен, яғни бітіммен, келісіммен аяқталған келіссөздердің алғышарттарынан гөрі кейінгі салдары қандай болмағы маңыздырақ. Сегіз айдан аса уақытқа созылған Ресей-Түркия арасындағы дүрдараздыққа Қазақ елінің басшысы тоқтау салғанын әлем саясаткерлері бірауыздан мойындап отыр. Атажұрт Анажұрттың мұңын бөлісті әрі Құдайы көршінің ақысын ескерді. Қазақтың ежелден келе жатқан бейбіт бітімге шақыру өнеріне салып, ұлттық мінез – арағайындық танытып, екі іргелі елдің арасын жалғады, түп төркіні дүдәмал жанжалдың жалынын басты.

"Мамандық таңдаудың машақаты — мүлт кетпе" - Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше апта ғана қалды. Мамыр айында алтын ұя мектептерімен қоштасып, ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен мектеп түлектері жаңа белесті бағындыруға қызу кіріскен. Жоғары оқу орнына құжаттарын тапсырып, мемлекеттік білім грантының иегері атануға үмітті талапкерлер конкурс нәтижесін асыға күтіп жүргені белгілі. Ал бұл кезекте билік басындағылар білім грантына ие болып, кейін белгісіз себептермен оқудан шығып қалған студенттердің бюджет ақшасын қайтару мәселесін талқылау үстінде.

DALANEWS.KZ. "Президенттер қайда демалады?" - Мемлекет басшыларының демалысының жай-жапсарын баспасөз қызметі таратып жатпай, жай ғана «демалысқа кетті» деген бір ғана сөзбен қайыра салады. Дегенмен олардың қайда, қалай демалатыны жұрт назарына түспей қоймайды.



12 тамыз 2016, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.