Атырау, 18 мамыр 19:37
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Путин мен Ердоған: Қақтығысқандарды мүдделер тоғысы құшақтастырды", "Көрші елге қарашы! Қырғыз сомы — ТМД-ғы ең мықты валюта", "Назарбаевтың орнын басар тұлға елімізде расымен де жоқ па?", "Италия мафиясы туралы не білеміз?"

2 000 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Көрші елге қарашы! Қырғыз сомы — ТМД-ғы ең мықты валюта" - «Қырғызстанның Ұлттық банкі айырбастау бағамын белгілі бір деңгейде жасанды жолмен ұстауды мақсат тұтып отырған жоқ». Республиканың Ұлттық банкінде 365info порталының ресми сауалына осылай деп жауап берді. Ал бағамның тұрақты болу себебі — экономиканы долларсыздандыру.

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанда украин өнімдері азайды" - Украинадан шығатын тұтыну тауарларын сататын қазақстандық сатушылар ол елден өнімдер келмей жатқанын айтады. Ресми мәліметке сай, жарты жылда екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 40 пайызға жуық кеміген.

"Сатуға шығарылған авиазауытқа тіпті күзет қойылмаған" - Қарағандыда үлкен салтанатпен ашып, бірақ сол күйі бір де ұшақ шығармаған «ҚазАвиаСпектр» шағын ұшақтар жасайтын зауыты саудаға шығарылды. Бастапқы бағасы зауыт іске қосылған бес жыл бұрынғы құнынан арзан.

ZHASALASH.KZ. "Путин мен Ердоған: Қақтығысқандарды мүдделер тоғысы құшақтастырды" - “Халықтарымыздың жоғарғы мүдделерi мемлекетаралық қарым-қатынастарымыздың деңгейiн қалпына келтiрудi талап етедi". Ресей президентi Владимир Путин Түркия президентi­мен бiрлесiп өткiзген баспасөз мәслихатында осылай дедi. Владимир Путиндi бес мәрте “қымбатты досы" есебiнде атаған Ережеп Ердоған: “Бүгiн мен және менiң қымбатты досым Владимир Путин қарым-қатынасымызды жақсарту мәселелерi бойынша бiрдей ұстанымда екенiмiздi көрсеттiк. Бiз екi елдiң әлеуетiн өңiрдегi тұрақтылық жолында пайдалануымыз керек" деп ағынан жарылды.

"Қазақ кәсiпкерi қытай компаниясының қақпанына қалай түстi?" - Шетелдiктерге тоқымдай жердi де жалға беруге болмайды деп шыр-пыры шыққан халықтың күмәнi ақыры шындыққа айналды. Бұл – нақты дәлел. Қазақстанға келiп, бiрiк­кен кәсiпорын құрған қытайлық компаниялардың көкейiнде не жатқанын әйгiлей­тiн кеп. Билiк басындағылар бұдан кейiн де әуелгi ниетiнен айнымаса, онда қазақ жерiнiң бүтiндiгiне, қазақ елiнiң тәуелсiздiгiне төнген қатердiң шындап күш алғаны. Бiз осылай ойлауға мәжбүрмiз.

"Зейнеткерлер ақшасы – ЭКСПО-ға" - “Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан" тартылған 15 миллиард теңгенi Қазақстанның даму банкi EXPO-2017 көрмесi аумағындағы нысандардың құрылысына жұмсайды.

ABAI.KZ. "Қазақ жерін қалай бөлу керек?" - Жер туралы Үкіметтік комиссия іске кіріскеннен бері жалғасты көтеріліп келе жатқан бір мәселе бар. Ол– «Кімде қанша жер бар?!» деген сұрақ! Атырауда өткен сегізінші отырыстың негізгі бір түйіні де осы болды. Бірақ, Заң бойынша бұл мемлекеттік "құпияға" жатады екен.

"Ресей мен Украина Қырым үшін қырық пышақ болып жатыр" - Кеше Ресей оккупациялап отырған Қырымда қарулы қақтығыс болды. Дерек көздеріне сүйенсек, жергілікті тұрғындар Қырым әкімшілігін күшпен басып алуға әрекеттенген. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігі хабарлайды.

QAMSHY.KZ. "Италия мафиясы туралы не білеміз?" - Мафия туралы айтқанда алдымен аузымызға Италия елі түсетіні белгілі. Неге десеңіз, Италия мафиясы әлемдегі ең атақты құрылым саналады. Италия мафиясы неден бастау алады және оның өзге мафиялдардан қандай ерекшеліктері бар? Енді соған тоқталайық.

SN.KZ. "Назарбаевтың орнын басар тұлға елімізде расымен де жоқ па?" - "Қазақстан соңғы жылдары демократиялық реформа жасауда кері кетті. Президент Нұрсұлтан Назарбаев өле-өлгенше билік басында қала беретіндей болып заңдарға түзетулер кіргізді. Мерзімінен бұрын өткен соңғы парламент сайлауына шынайы оппозициялық партиялар қатыстырылмады да, президентке бағынышты құрам қайта бекітілді. 76-ға толған Назарбаевтың анық мұрагері жоқ. Қазақстанның қазіргі жүйесінде жалпы көпшілік жаппай қолдап келесі президент етіп сайлайтындай тұлға және көрінбейді", - дейді америкалық журналист.



11 тамыз 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.