Атырау, 18 мамыр 22:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Баланы мектепке дайындауға ондаған, жүздеген мың теңге кетеді", "«Мемлекет зейнетақы ақшасын халыққа таратып берсін» — экономист", "Cағадиевтiң сөзi мен iсi және шешiмiн таппаған мәселелер", "200 тәжік әйелі Сирия мен Иракқа қалай кеткен?"

1 779 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. Мемлекет зейнетақы ақшасын халыққа таратып берсін» — экономист" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны мемлекет меншігіне ресми түрде жекешелендіріп алсын. Не болмаса, зейнетақы жинағын халыққа таратып берсін…

"Алматының орыстілді қауымы әкім Байбекке қандай баға береді?" - 9-тамызда Бауыржан Байбектің Алматының әкімі болып тағайындалғанына тура бір жыл толды. Интернеттегі түрлі мысқылдарға қарамастан, өзін шаруақор етіп көрсетуге тырысатын әкім өткен бір жылда қандай жетістіктерге қол жеткізді?

AZATTYQ.ORG. "Баланы мектепке дайындауға ондаған, жүздеген мың теңге кетеді" - Оқушылардың әке-шешелері балаларын оқу жылына дайындау шығыны едәуір артқанын айтады. Жұрттың көбі мектеп формасы мен оқу-жазу құралдарының арзандауын іздейтіндерін айтады.

"200 тәжік әйелі Сирия мен Иракқа қалай кеткен?" - Тәжікстанның Әйелдер және отбасы істері комитеті дерегінше, Сирия мен Иракқа кеткен тәжік әйелдерінің 90 пайызы ері мен аға-бауырларының айтқанымен барған, қазір олардың көбі қиын жағдайда қалып, елге оралудың амалын таппай жүр.

ZHASALASH.KZ. "Қымбатшылық қамыты қажады" - Ұлттық банк бекiткен ресми бағам бойынша бiр доллардың құны – 348 теңге 97 тиын болды. Алматыда ақша айырбастау пункттерi “көк қағазды" 350-350,5 теңгеге саудалап жатыр.

"Cағадиевтiң сөзi мен iсi және шешiмiн таппаған мәселелер" - Жаңа оқу жылының басталуына да санаулы ғана күндер қалды. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, биыл Қазақстан бойынша 410 мың оқушы тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттайды.

"Қайырымы жоқ инвестиция" - Елдiң экономикасын, халықтың әл-ауқатын көтерiп, жақсарту үшiн iшкi-сыртқы көздерден инвестиция тартудың маңызы зор. Бұған дамыған елдер де, дамушы мемлекеттер де мүд­делi. Бiз сияқты дамушы елдiң қабiлет-қарымы мол болғанымен, қаржы тапшылығы бiраз шаруаға қолбайлау. Соның салдарынан инвестицияны сырттан iздеуге мәжбүрмiз. Бiр қарағанда, билiк инвестициялық ахуалды жетiл­дiру мақсатында бiршама iс-әрекет жасап жатқан сияқты көрiнгенiмен, бұл салада да мәселе шаш-етектен.

ABAI.KZ. "«ЭКСПО»-ны зейнетақы қоры "асырайтын" болды" - Қазақстандықтардың зейнетақы қорларын енді «ЭКСПО-2017» құрылыс нысандарын салуға жұмсайтын болады.

EGEMEN.KZ. "Білім нарығындағы өзара бәсеке" - Қазақстанның жоғары білім саласындағы жаңа басымдықтардың байқалуымен өршіл университеттер өз аккредиттеулері есебінен ерекшеленуге тырысып, өзара бәсекеге түсе бастады. Көптеген университеттер жергілікті аккредиттеулерге ие. Бірақ өздерінің беделді халықаралық аккредиттеулерімен мақтана алатын университтер саны өте аз. Бірінші кезекте, бұл шетелдік аккредиттеу агенттіктері өтінім берген ЖОО қоятын қатаң талаптармен, жергілікті стандарттардан елеулі ерекшеленуімен, аудит кезінде келтірілетін шығындармен және халықаралық аудиттен сәтті өту үшін қажетті ұйымдастырушылық мақсаттармен және өзгерістермен байланысты.

DALANEWS.KZ. "Айдынның айтқаны шындыққа айналды" - Жер комисиясының алғашқы отырысына қатысып, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында 80 мың га жерді қытай азаматы заңсыз иеленіп отыр деп дабыл қаққан қоғам белсендісі Айдын Егеубаевтың (суретте) сөзі шын болып шықты.

TURKYSTAN.KZ. "Әбдіманап КӨПБЕРГЕН: Ауыл үшін күрес – алаш үшін күрес" - Арманым журналист болу еді. Жетінші сыныпта оқып жүргенде-ақ М.В.Ломоносов атындағы ММУ-нің суретін қалтама салып жүретінмін. Себебі сол кезде «Қазақстан пионері» газетінде ұсақ мақалаларым жариялана бастаған. 1963 жылы сол кездегі «Лениншіл жас» газетінде «Көкбестінің ажалы» деген әңгімем жарияланып, қуаныштан жүрегім жарыла жаздағаны бар. Бірақ…



10 тамыз 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.