Атырау, 18 мамыр 21:04
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Солтүстікке көшкен оралмандар қайтіп күнелтеді?", "Тәуелсіздік мерекесінде рақымшылық жасалса...", "Үштілділік. Дүниежүзілік банктен қарыз алып, ұлтты жоймақ па?", "Айдын Егеубаев: Сапарбаев сотқа берем десе, оған да дайынмын"

1 983 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Түркия президенті Ердоған Путинмен табыспақ" - Бірнеше ай ішінде таңғаларлық өзгерістер болуы мүмкін. Былтыр қарашада Сирия шекарасы маңында түркиялық ұшақ Ресейдің СУ-24 әскери ұшағын атып түсірген бетте қаһарына мінген Ресей президенті Владимир Путин «террористердің сыбайластары ту сыртымыздан соққы берді» деген еді.

"Солтүстікке көшкен оралмандар қайтіп күнелтеді?" - Солтүстік Қазақстанда Өзбекстаннан көшкен оралмандар саны көбейе түскен. Олар суық өлкенің ауа-райына да, кәсібіне де бой үйретіп алғандарын айтады.

KAZ.365INFO.KZ. "Бай арабқа күйеуге тиген қазақ қыздары енді неге өкініп жүр?" - „Арабтың шейхына күйеуге шығып, үлде мен бүлдеге оранған ханшайымға айналамын„ деп армандайтын қыздар арамызда әлі көп. „Мың бір түн„ ертегісінің ғажайып кейіпкеріне айналғысы келген жүздеген қыздар жыл сайын Қазақстаннан Араб еліне саяхаттап кетіп жатады. Алайда бұл бос қиял екен.

"Хан Кененің ұрпағы: «Путин! Атамның басын қайтар!»" - Хан Кененің басын қайтару мәселесі бұдан бұрын да талай мәрте көтерілген. Жазылған, айтылған. Алайда нәтиже жоқ. Көршіміз, әрі «одақтасымыз» Ресей Кенесарының басын қайтаруға келгенде тыжырая қалады. Бұл тақырыпты көтергенімізді қаламайды.

ABAI.KZ. "Тәуелсіздік мерекесінде рақымшылық жасалса..." - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына орай жарияланған рақымшылық туралы» заңды қабылдады.

"«Жер иеленушілер туралы ақпаратты жариялау заңға қайшы емес»" - Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысын бастағалы бері үнемі көтеріліп келе жатқан бір мәселе бар. Ол – ірі жер иеленушілер туралы ақпаратты жария ету.

"Үштілділік. Дүниежүзілік банктен қарыз алып, ұлтты жоймақ па?" - Біздің Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тілдің көсегесін көгерте алмай жүріп, қазақ балаларын ағылшын және орыс тілдерінде оқытпақшы. 2013-жылдан бастап 1-сыныптарға үш тілді қатар оқытылып келеді. 2016-2019 жылдарға арналған білімді дамыту бағдарламасына сәйкес оқушылар 5-6 сыныптардан бастап «химия», «биология», «физика», «информатика» пәндерінің терминдерін ағылшын тілінде оқи бастайды.

QAMSHY.KZ. "Мақсат Ілиясұлы: Жер комиссиясының жұмысы ел көңілінен шықпағанына Мұхтарлар кінәлі емес" - Жер комиссиясының жұмысы ел көңілінен шықпаса, оған Мұхтарлар кінәлі емес. Заңгер, қоғамдық белсенді Мақсат Ілиясұлы Үкімет жанындағы Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысына орай осындай пікірде.

"Асқар Сабдин: Қазақстанда салафизм тақырыбын басқа тарапқа бұруға мүдделі топтар бар" - Ақтөбедегі «Аңсар» консультативтік-сауықтыру орталығының директоры Асқар Сабдиннің айтуынша, Қазақстанда салафизм идеологиясы негіз болып отырған терроризм мәселесінде тақырыпты басқа тарапқа бұруға мүдделі топтар бар көрінеді.

ZHASALASH.KZ. "Айдын Егеубаев: Сапарбаев сотқа берем десе, оған да дайынмын" - Шiлде айындағы Жер комиссиясының Астанада өткен отырысында “Алаш жолы" қозғалысының және “Нұр-Отан" партиясының мүшесi Айдын Егеубаев ел азаматтары атынан нақты ұсыныс жолдаған едi. Оның мәлiмдемесi талайдың төбесiнен жай түскендей әсер еткенi анық. Себебi дерек көп. Сол деректердiң денi жер дауына, Қазақстанда жұмыс iстеп жат­қан қытайлық компанияларға, олардың қазақ жерiн қашан, қалай алғанына қатысты өрбiген. Бұрын Шығыс Қазақстан облысын басқарған, бүгiнгi Ақтөбе облысының әкiмi Бердiбек Сапарбаевтың да есiмi сол дәлел-дәйектер тұсында аталған-ды. Өз кезегiнде әкiм қоғам белсендiсiн сотқа беретiнiн мәлiм­деген. Ал жер дауының шындығын айтам деп шенеунiктiң шамына тиiп кеткен А.Егеубаев кеше “Жас Алаштың" шаңырағына бас сұқты.

"Керi кеткен елде..." - Бiздiң ауылда бiр кiсi болып едi. Қисық сөйлеп, бәрiн терiс iстейтiн. Елдiң бәрi мақұлдаған iске жалғыз өзi қарсы шығып жүретiн. Қазiргi жағдайымыз тура сол кiсiнiң мiнезiн еске салады. Ағаштың жаңқасынан жиһаз жасаймыз, таза ағаштан қоршау тұрғызамыз. Қарапайым жұрттың зейнеткерлiк жарнасын банктерге беремiз, ал байлардың ақшасы басқа елге кетсе де қыңқ демеймiз. Кедейлер салық төлейдi, бiр басында бiрнеше компания тiркелгендер бiр тиын салық құймайды.

SN.KZ. "ШҚО-да 100 мың гектарға жуық жердің Қытаймен бірлескен компанияларға берілгені анықталды" - Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы ондаған мың гектар ауылшаруашылық жерлерінің қытайлық кәсіпкерлерге жалға берілгені туралы ақпаратты қоғам белсендісі Айдын Егеубаев айтқан болатын. Бұл мәліметтің растығына көз жеткізу үшін тексеру жүргізген Жер комиссиясының бірқатар мүшесі расымен де қытайлық компаниялардың қазақстандық кәсіпкерлермен бірігіп, Үржар ауданынан ірі көлемде жер алғанын мәлімдеді.


9 тамыз 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.