Атырау, 18 мамыр 18:59
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын қайта дамытпақ", "Дiнмен ойнау – отпен ойнағанмен бiрдей", "Ұстаздарға қара жұмыс соғыс жағдайында ғана рұқсат етіледі", "Мемлекеттік тапсырыс шетелдік компанияға берілген. Неге?"

1 913 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "«Ни сияқты бапкерді сотқа берсе де артық емес» — Айдос Сарым" - Саясаттанушы Айдос Сарым көптің көкейінде жүрген мәселені көтерген екен. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында саясаттанушы көп асқанға, бір тосқан қандай болатынын айтып беріпті. «Мен Алексей Ни (ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері) сияқты бапкерге қарсы қылмыстық іс қозғар едім. Қаншама ақшаны желге шашып жатыр. Қаншама келімсекке көкбайрақты төлқұжат жасатты. Допинг дегені тағы бар. Допингсіз командасы шашылып қалды», – дейді саясаттанушы.

AZATTYQ.ORG. "Түркия мен Ресей қарым-қатынастарын қайта дамытпақ" - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған тамыздың 9-ы күні Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Санкт-Петербургке барады.

"Қазақстандағы кибер-тыңшылық" - Батыс баспасөзі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» еншілес компаниясынан миноритарлық акционерлердің үлестерін сатып алу жөніндегі ұсынысы қабылданбай қалғаны және елдегі белсенділер мен журналистерге жасалатын кибер-шабуылдар проблемасы жайлы жазған.

ZHASALASH.KZ. "Гүлжан Ерғалиева президентке ашық хат жазды" - Ақпарат құралдарында журналист, қоғам қайраткерi Гүлжан Ерғалиеваның Қазақстан президентi Н.Назарбаевқа ашық хаты жарияланды. Ұзақ жыл оппозиция қатарында жүрген Гүлжан Ерғалиеваның саяси үндеу сарынындағы ашық хатының мазмұнымен қысқаша таныстыруды жөн көрдiк.

"Дiнмен ойнау – отпен ойнағанмен бiрдей" - Қазiргi қоғамда дәстүрлi исламды жат санайтын жандар көбейдi. “Замуж за муджахида" деген секiлдi дiни топтар да жетiп-артылады. Ондағылар сенiң iшi-бауырыңа кiрiп кете жаздап сөйлеседi. Осындай дiнбұзарлардың кесiрiнен ақидасынан адасып, өкiнiштен өзегi өртенiп жатқан жастарымыз қаншама. Аспанымыз ашық, күнiмiз бейбiт заманда, Таяу Шығыс елдерiне қарай шекара асуға не себеп болды екен?!

ABAI.KZ. "Ұстаздарға қара жұмыс соғыс жағдайында ғана рұқсат етіледі" - Мектептерде мұғалім құқын қорғай алмайды емес қорғай алады. Дегенмен артынан қуғындап түсе ме деп қорқады. Барлық мектептерде, ауданда, облыста, республикалық «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» жұмыс істейді. Біз хабарласқан сауалдарға, жіберген хаттарды жауапсыз қалдырған жоқ. Тіпті өздері де хабарласып жағдайды барынша түсіндіруге тырысты. Бұнымен мен кәсіподақ жұмысын жарнамалайын деп отырған жоқпын. Істің шалағайлығының көбінесе аудандық, мектепішілік кәсіподақтан кетіп жататыны өтірік емес. Басты салмақ соларға түседі. Олар шеше алмайды деген жағдайда «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ұйымына шағымданып, құқықтық көмек ала аласыздар. Көптің көкейінде жүрген біраз сауалдарға «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» ұйымының төрағасының (кәсіподақ төрағасы кезекті еңбек демалысында болғандықтан) орынбасары Виктор Федоровичті сөзге тартып көрген едік.

"Ауыл мұғалімі Амандық Баталовтан араша сұрайды" - Мен Сізге амалым таусылғандықтан хат жазып отырмын. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Жаңатұрмыс ауылында мұғалім болып қызмет істеп жүрмін. Ұстаздың басты міндетті – ұрпаққа білім мен тәрбие беру! Осы міндетті ұмытып, мұғалімдерді қара жұмысқа салғысы келетіндерге қарсы тұрып, мектептерде ақша жинатпай, ұстаздар құқығын қорғағаным үшін мені аудандық атқамінерлер «халық жауы» етіп алды.

QAZAQUNI.KZ. "М. Мағауин: Ұлттың тұрақты генофондында – тексіздер мен жетесіздердің үлес салмағы өлшеусіз көбейді" - Әуелі патшалық Ресейдің, содан соң советтік Ресейдің басыбайлы отарына айналған кезді байыптасақ, бейбіт замандардың өзінде бар тауқымет еңсе көтерген игі жақсылардың басына түсіп отырғанын көреміз. Қудаланды, түрмеге жабылды, айдалды, көзі құртылды. Әсіресе, советтік ХХ ғасырда. Алаш Азаматтарынан түгел айырылдық. Бәрі дерлік тұқым-жұрағатсыз кетті. Жоғарыда көрінген, атақтылар ғана емес. Ауыл мұғалімінен еті тірі қарапайым шаруаға дейінгі аралықтағы, өз бетімен ойлап, өз ырқымен жүре алатын, қорлық, зорлық, қыспақ атаулыны жан-тәнімен сезінетін, иманды, мінезді, өз басы, әзірше, өскен орта, әрқилы жағдай нәтижесінде шектеулі өрісте ғана қалған, бірақ болашақта дені түзу, жақсы тұқым бере алатын, ел көлемінде болмаса да, аудан-ауыл көлемінде кісілігін сақтайтын келешек намысты қазақтардың ата, әкелері орта жолдан, немесе көктей қиылды.

"М. Кемел: Алашордашылар ұлт жолындағы еңбегіне ақы талап етпеген" - Көзқарасым көпшіліктің пікірімен үндесе бермейтін адаммын. Менің жеке пікірімше, ұлттың қалыптаса қоймағанына мемлекет кінәлі емес. Кейбіреулер «бізде идеология жоқ» десе, енді біреулер «ұлттық идея болмады» дейді, мәселе – мұнда емес.

QAMSHY.KZ. "Елбасының Түркияға сапары: қазақ жолы – түркі дүниесі мен орыс әлеміне ортақ даңғыл екенін көрсетті" - 5 тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Анкараға барып, Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездесті. «Әскери төңкеріс», «Ресей мен Түркия арасындағы салқындық», «Қазақ-түрік лицейлері туралы шу», т.б. мәселелер екі жақты кездесудің маңызын арттыра түсті. Бұл кездесулер туралы Түрік баспасөзінде жарияланған мақалалар әлем назарын аударды. Елбасы сапары «Қазақ жолының» - түркі дүниесі мен орыс әлеміне ортақ даңғыл екенін көрсеткендей болды.

"Галбадрахқа қатысты қызықты деректер" - Қазақстанның танымал балуан қызы Отгонцэцэг Галбадрах туралы не білесіз? Оның Моңғолияның дзюдо құрамасындағы ең таңдаулы спортшылардың бірі болғанын, 5 жылдан бері тек бір ғана салмақта (48 келі) өнер көрсететінін, Әлем кубогінің күміс және қола медалінің иегері екенін, «Үлкен дулығаның» екі реткі күміс медаль жүлдегері болғанын, Еуропа кубогінің күміс және қола медалін жеңіп алғанын, сонымен қатар көптеген ірілі-ұсақты сайыстардың қатысушысы екенін білесіз бе?

TURKYSTAN.KZ. "Мемлекеттік тапсырыс шетелдік компанияға берілген. Неге?" - Бүгінде арнайы әлеуметтік топтарға тегін жасалатын ортопедиялық заттар қайда жасалады? Ертеректе еліміздің ортопедиялық зауыттары мен аяқ киім фабрикалары республика қажеттіліктерін толық өтейтін, яғни бұрын бұл шаруа Алматы қаласы бойынша ортез зауытында орындалатын болса, қазір еліміздің шекарасынан тыс жерде жасалып, тасымалданады-мыс. Олай болса аймақтардағы ортез зауыттары мен қаладағы ортопедиялық орталық не тындырып отыр? Мемлекеттік тапсырыс неліктен шетелде орындалады? Ал ең өкініштісі, осы шетелде жасалатын ортопедиялық өнімдер елге уақтылы жеткізілмейді екен.


8 тамыз 2016, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.