Атырау, 18 мамыр 22:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Козловтың "мерзімінен ерте босатылатыны" хабарланды", "Әдiлеттiлiкке қарай бiр қадам", "Алеппо шайқасы азамат соғысының беталысын өзгерте ме?", "Кәрі-құртаң тарихшылардың көзі құрымай, Қазақстан тарихы жасанды боп қала береді!"

2 002 просмотра

KAZ.365INFO.KZ. "Өзбек солдаты осындай! Өзбекстанның армиясы Қазақстаннан қалай озып кетті?" - Өзбекстан — өзгеше ел. Енді ол жақтағы өзбек жігіттері әскер қатарына алыну үшін әдебиеттен, тарихтан және өзбек тілінен міндетті түрде емтихан тапсыруы тиіс.

"Кәрі-құртаң тарихшылардың көзі құрымай, Қазақстан тарихы жасанды боп қала береді!" - Кеңес заманы кезінде тарихшы оңай жазушы бола салатын, немесе жазушы оңай тарихшы бола салатын. Өйткені совет үкіметі тарихқа ғылым деп қарамады. Оны жалған идеологияға негізделген әдебиетпен ботқадай араластырды. Қазір сол кезеңнің тарихшысымақтары тарихты өзгертуге азар да безер қарсы. Себебі ұзақ жылдар еткен еңбектері түкке тұрғысыз екенін мойындауға олар дайын емес.

AZATTYQ.ORG. "Алеппо шайқасы азамат соғысының беталысын өзгерте ме?" - Сириядағы азамат соғысының мән-мағынасын түсіну мүмкін емес. Мұндағы бей-берекет қақтығыстардың бұлыңғыр жайттары көп, бірақ бұл соғыста адам қаны суша төгіліп, зорлық-зомбылықтың шектен шыққаны анық.

"Козловтың "мерзімінен ерте босатылатыны" хабарланды" - Қазақстандық құқық қорғаушы биліктің оппозициялық саясаткер Владимир Козловты мерзімінен бұрын түрмеден босату шешіміне халықаралық резонанс та әсер етті деп санайды.

ZHASALASH.KZ. "Әдiлеттiлiкке қарай бiр қадам" - Медеу аудандық сотында тәуелсiз “Трибуна" газетi бойынша iс қаралып, басылымға 5 миллион теңге айыппұл салынғаны оқырман есiнде болар. “Ар-намысыма кiр келтiрдi, моральдық шығынға ұшыратты" деп сотқа арыз берген “Алматыжарнама" компа­ния­сының басшысы Сұлтанбек Сыздықовтың талабы солайша қанағаттандырыл­ған.

"Мекенi жайлы болса... шетке кетiп несi бар?" - Елеусiздеу болып көрiнгенiмен, бүгiнде көңiл аударарлықтай бiр жағдай бар. Мысалы, ресми деректер бойынша, өткен жылы Қазақстаннан кеткен халық келгендерден екi есе көп болған және қоныс аударғандардың көпшiлiгi ТМД елдерiне табан тiреген. Ал ендi бұған не себеп, астарында не жатыр дегенге келсек, мамандардың бұл орайдағы пiкiрi әралуан.

ABAI.KZ. "Үкімет басын ауыртпайтын шетелдегі қандастарды қалай сақтап қаламыз?" - Біздің еліміз шеттегі 5 млн қазақты сақтап қалу үшін екі мәселені нақтылап қолға алуы керек секілді. Біріншісі – Тәуелсіздік алған тұста басталып, жалғасын тауып келе жатқан көші-қон мәселесі. Бұл қазір іркілді дегенімізбен, болашақта қайтадан қарқын алуы тиіс игі бастама. Екіншісі – шетелдегі қазақтың жұтылып кетуіне жол бермеу мақсатында қазақ диаспоралары көп қоныстанған елдердегі қандастарымызды бір ортаға шоғырландыру ісі. Жалпы, екінші мәселені, яғни шетелдегі қазақтарды бір мекенге, бір ауданға, бір облысқа топтастыру бізге не береді? Саралап көрейікші...

DALANEWS.KZ. "Қазақ фильмдері және танымал актерлер" - Отандық киноөндірісі – көп сынға ұшыраған сала. Иә, әлі сынға қалып жүр. Бірақ, «көш жүре түзелетіні» белгілі ғой.

"Алла да, Ақорда да әдірам қалдырған ауылдан ел не іздейді?" - “ДАТ" жобасының бас оқырманы, журналист Ермұрат Бапи туған жеріне барып, бір кездері топырағында аунаған ауылының тыныс-тіршілігімен танысқан екен. Бір кезгі ауыл иен қалыпты бірақ…

EGEMEN.KZ. "TANAP «Түрік ағынына» бәсекелес бола ала ма?" - Санаулы күндер­ден соң Түркия Рес­пуб­ли­ка­сы­­ның Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның Ресей Фе­дерациясына сапары жоспарланып отыр. Бұл 2015 жылдың қараша айында ресейлік Су-24 бомбалаушысына қатысты оқиғадан кейін нашарлаған Ресей-түрік қарым-қатынасы «жылына» бастағаннан бергі жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу. Сапар аясында Ресей мен Түр­кия басшыларының екі ел қарым-қатынасын жақ­сарту жөніндегі келіссөздері жоспарланған. Бұл сапар, ең бас­тысы, екі елдің энергетикалық ын­ты­мақтастығы жалғасын табуына жол ашады деп болжанып отыр. Атап айтқанда, Санкт-Петербургтегі жүздесу барысында ең маңызды жобалардың бірі «Түрік ағыны» газ құбыры құрылысын жүргізу мәселесі көтерілуі мүмкін.

BAQ.KZ. "Өз балаңызға өзіңіз жаусыз ба?!" - Жарық дүниені жаңа көрген қызыл шақа нәресте шар ете қалды. Өзі өмірге енді келсе де, дауысы зор екен. Төңіректі түгел шарлап кет­ті. Жанына жетіп барған жас ана баланы қолына ала қойған.

5 тамыз 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.