Атырау, 18 мамыр 22:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Мұнайлы Қазақ елiнде дағдарыс болмауы керек едi", "Түркиядағы жағдай - Ердоғанның үлкен қателігі", "БАҚ: Астанаға жақпайтындар кибер-шабуылға да ұшырайды", "Астананың іргесінде 27 мың гектар жер Германия азаматына тиесілі екен"

1 903 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Сириядағы ИМ содырларына қосылу райынан қайтқан жігіт" - Тәжікстан тұрғыны Амриддин Ватанов Сирияға экстремистерге қосылу үшін бармақ болған 23 жастағы баласы Фуркатты жолдан қайтарған. Елге жеткізген соң әкесі ұлын арнайы қызмет органдарына тапсырған. Фуркат Ватанов екі ай тергеу абақтысында отырып, кейін босап шықты.

"Вашингтон Орталық Азияға жаңа жол іздейді" - АҚШ-тың мемлекет хатшысы Джон Керри Орталық Азияның бес мемлекетінен келген сыртқы істер министрлерін Вашингтонда қарсы алып, C5+ 1 аталып кеткен жиын өткізіп жатыр.

"БАҚ: Астанаға жақпайтындар кибер-шабуылға да ұшырайды" - Қазақстан, Өзбекстан сынды авторитарлық елдерде үкімет Батыстан құқық қорғау органдары пайдаланатын кибер-құралдарды сатып алып, оны режимге жақпайтын адамдардың электронды құрылғыларына бұзып кіру үшін пайдаланады деп жазады шетелдік баспасөз.

ZHASALASH.KZ. "Көршiнiң пиғылы бұзылмасын" - Cоңғы апталарда Батыс елдерiндегi жекелеген саяси орталарда аяқастынан «Ре­сей Қазақстанды басып алуы мүмкiн» деген тақырыпта пiкiрталас қызды. Ресей көршiсiнiң сол­түстiк облыстарына қарсы “Қырым сцена­рий­iн" қолдануы ғажап емес дейтiн сәуегей-сая­саткер, саясаттанушылар табылды. Әлеу­меттiк желiлерде бұл әңгiменiң желдей ескенi соншалық, ақырында Ақорда қорғаныс ми­нистрiнiң аузымен елдi сабырға шақыруға мәжбүр болды.

"Мұнайлы Қазақ елiнде дағдарыс болмауы керек едi" - Тәуелсiздiк алғалы бiр миллиард 400 млн тонна мұнай өндiрiппiз!.. Сонда қалайша ғана дағдарысқа ұшыраймыз?.. Елiмiзде бар болғаны 17 миллиондай ғана тұрғын бар... Тiптi түсiнiксiз жағдай, миға сыймайды!.. Соншама көл-көсiр дүниенi малданып отырып, неге бiз дағдарысқа ұрындық?.. Мұнайдан басқа да қазба байлықтарымыз шаш-етектен емес пе?.. Бұл аз болса, 2009 жылы Қазақ елiнiң мұнай өндiруiне 110 жыл толуына орай көрсетiлген деректерге үңiлсек – сол өткен жүзжылдықтағы өндiрiлген мұнай көлемi төрт млрд 600 млн тоннаны құраған!..

"Жердi саудалауға жалғыз қазақ емес,өзге ұлттар да қарсы" - Оқырманның есiнде болуы тиiс, мау­сым айының басында “Жас Алаш", “ДАТ" (Общественная позиция), “Қазақ елi", “Ашық алаң - Трибуна", “Президент және халық" басылымдары мен “Аңыз Адам" - “Жұлдыздар отбасы" журналының, “Абай" порталының ұжымдары қазақ жерiн бейбiт жолмен қорғау бастамасын көтерген. “Жер сатылмасын! Шетелдiктерге жалға берiлмесiн!" атты бүкiлхалықтық қол жинау науқанына елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi азаматтар үн қосты. Редакцияның телефонында да тыным болған жоқ. “Менi де тiзiмге қосыңдар" деп келетiн зейнет­те­гi қарт адамдар өз алдына бiр төбе. Ал қолына “Жас Алашты" ұстап алып, көршiлерiнен, көшедегi жұрттан, вокзалдан, аялдамадан, базардан т.б. қазақ жерiн қорғау үшiн қол жинаған ел патриоттарының еңбегi өлшеусiз. Бүгiн бiз бүкiлхалықтық науқанның аралық межесiнен қорытынды шығарып, оны оқырманға таныстыруды жөн көрдiк. Ерекше атап айтар нәрсе, шетелдiк­терге жалға жер бермек болған билiктiң әрекетi халықтың көңiлiнде қорқыныш ұялатқан. Бұл жердегi халық – жалғыз қазақ емес, олардың қатарында, орыс, немiс, ұйғыр, өзбек, украин, татар, молдаван т.б ұлттардың өкiлдерi де бар.

ABAI.KZ. "Астананың іргесінде 27 мың гектар жер Германия азаматына тиесілі екен" - Жақында қоғамдық-саяси «Время» басылымы Германия азаматының Астананың дәл іргесінде 27 мың гектар жерді иемденіп отырғанын жазды.

""Түркиядағы жағдай - Ердоғанның үлкен қателігі"" - Соңғы уақытта күллі әлем назары Түркияға ауды. Билікті аударып тастай алмаған мемлекеттік төңкерістен кейінгі «тазалау» мен 90 күндік төтенше жағдай аяқталғанша алда қандай жағдайлар орын алатынын ешкім болжай алмас. Алыстағы Алаш жұрты түбі бір туысқан елдің тыныштығын тілеп, жағымды-жағымсыз ақпараттарға құлақтарын түріп отырған жайы бар. Әрине, мұндайда естігеннің барлығына емекси бермей, сол ортаның суын ішіп, самалын жұтқан, қоғамын қырағы көзбен шолып қайтқан көзі қарақты азаматтардың жікшілдікке арбалмаған, алауыздықтан ада ойларын безбенге салу мәселенің мәнісіне бойлаудың дұрыс жолы деп білеміз. Осы орайда, Түркияда орын алып жатқан оқиғалар төңірегінде саясаткер Айдос Сарым және философия, теология ғылымдарының докторы, ғалым Досай Кенжетай мырзалармен сұхбаттасқан едік.

QAMSHY.KZ. "Мұхтар Тайжан: елді дағдарысқа душар еткендер отставкаға кетуі тиіс" - АҚШ валютасының ырыққа көнбей долданып, бағасын аспаннан бір-ақ шығарғаны даусыз. Тіпті бұған бұқараның да еті үйреніп кетті. Төл теңге алғаш қолданысқа енген кезде 1 доллар 4 теңгеге теңестірілген еді. 25 жылда 1 АҚШ доллары 352 теңгеге артты. Теңгені еркін айналымға жіберген Ұлттық банк бұл мәселеге қазір тіпті бас қатырмайды. Бас банкир басын әлдеқашан арашалап, бұған араласпайтынын ашық айтты. Артық ақшаң болса, «жартысын теңгемен, жартысын доллармен сақта» деп, бас­тауыш сынып оқушысының да логикасы жететін, «өзінше тиімді» кеңес берді. Жыл басында 1 доллар 385 теңгеге бағаланса, алты айда АҚШ ақшасы 333 теңгеге дейін төмендеді. Жиған-тергенін доллармен депозитке салған азаматтар біраз абдырап та қалды. Бірқатар жұрт 385 теңгеге алған долларын 335-ке айырбастап, әр доллардан максимум 50 теңге ұтылды. Осылайша халықтың бас банкирге деген сеніміне селкеу түскен-ді.

"Қытай университетінің коммунистері Мәсімовті «адал түлек» деп бағалады" - Қытайдың Ухань университетіндегі компартия үгітшілері Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің студенттік картасы мен университетке қонаққа келгенде түскен фотосын ерекше құрметтеп, арнайы стендке іліп қойған.

DALANEWS.KZ. "Әкімдердің айлығы қанша?" - Тізімге көз салған адам облыс әкімдерінің арасында ең көп жалақыны Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков алатынын байқайды. Оның айлығы 953 260 теңгені құрайды екен. Ал ең төменгі жалақы 636 974 теңгені Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алатын болды. Сайт қызметкерлері барлық әкімдерге сұрау салғанымен тең жартысы айлығын жасырса, енді бірі «сайттан қарап алыңыздар» деп кеңес беріпті.

"Мобильдік базаға 2 миллион адам тіркелген" - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қызметтерді автоматтандыру басқармасының басшысы Асет Уаисовтың түсіндіруі бойынша осы базаға қатысу Мобильді үкіметтің ұсынатын барлық қолайлығы мен функцияларын пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл Мобильді үкімет, атап айтқанда, eGov-тың мобильді қосымшасы болып табылады.



4 тамыз 2016, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.