Атырау, 18 мамыр 20:20
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ақтөбедегі теракт және Төлешовты құрықтау: Тасмағамбетов бұған не дейді?", "Ресейдің Қазақстанға "басып кіруіне" не түрткі?", "А. Талпақов: 2016 жылдың бірінші тоқсанында банк секторында өлі тыныштық болды", "Мүфтиді Патриархпен салыстыруға болмайды

2 080 просмотра

ҚАЗТАГ. "Аслан Талпақов: 2016 жылдың бірінші тоқсанында банк секторында өлі тыныштық болды" - 2016 жылдың бірінші тоқсанында банк секторында өлі тыныштық болды. Ол қандай себептермен болғаны туралы ҚазТАГ тілшісіне «Халық банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Аслан Талпақов айтып берді.

KAZ.365INFO.KZ. "Ақтөбедегі теракт және Төлешовты құрықтау: Тасмағамбетов бұған не дейді?" - ҚР қорғаныс министрі Электроника және байланыс әскери-инженерлік институтында (Алматы) БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Иманғали Тасмағамбетов армияның бүгінгі ахуалы туралы әңгімелеп, журналистердің алуан түрлі сұрақтарына, оның ішінде, кейбір ыңғайсыз сұрақтарға да жауап берді.

"«Ресейге қазақтың өзі емес, жері керек болды» — Әзімбай Ғали" - Бейресми демографиялық санақ көрсеткіші бойынша қазақтың саны 1900 жылдары 20 миллион болған. КСРО кезеңі түгілі, қазір, тәуелсіз ел болғанымызға 25 жыл болса да, біз осы көрсеткішті жаңарта алмай келеміз. Неге? Бұл сауалға саясаттанушы Әзімбай Ғали әлеуметтік желідегі өз жазбасында жауап береді.

AZATTYQ.ORG. "Ресейдің Қазақстанға "басып кіруіне" не түрткі?" - Берлинде орналасқан Германия халықаралық мәселелер және қауіпсіздік институтының сарапшысы Себастьян Шиктің жақында жариялаған зерттеу мақаласында Назарбаев биліктен кеткен соң Ресей мен Қазақстан арасында болуы ықтимал "қиялдағы қақтығыстың" салдары сипатталған. Азаттық тілшісімен сұхбатта сарапшы өз саяси болжамы жайлы айтып берді.

"Полиция Ералиев округіндегі бірнеше ауылды күзетіп тұр" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Ералиев ауылдық округіндегі қоғамдық тәртіпті бақылауға барған ішкі әскер саны мың жарым сарбазға жетті. Ауылдық округтегі этникалық тәжіктер шоғырланған елді мекендерді күзетке алынған. Азаттық тілшісі жеті жастағы қыз балаға қарсы «жыныстық әрекеттер жасады» деген күдікті жасөспірімнің үйіне барды және кішкентай қыздың әке-шешесімен тілдесті.

ZHASALASH.KZ. "Бiрде – айыпкер, бiрде – «алаяқ»" - Кәрiм Мәсiмов кейiнгi кезде әрнәрсенi астарлап жүр. Бiрақ оның кiмге не айтпақ болғанын тап басып тану мүмкiн емес. Ел “е, мәселе былай екен ғой" деп ой түйiп үлгергенше, Мәсiмов тағы бiр қызықтың шетiн шығарады. Мысалы, күнi кеше шайтаншақпен аңыратып автобанда жүрген тәртiпсiздiгi үшiн айыппұл төледi де, түбiртегiн шырт еткi­зiп суретке түсiрiп, әлеуметтiк желiге “атып" жiбердi. Ал қалай түсiнсеңiз, олай түсiнiңiз, үкiмет басшысы – айыпкер. Iлгерiдегi бiр суретiнде “алаяқ" болған. Ал ертең кiм болады? Мiне, осы сұрақ бiздi ойланта-ойланта, мынадай тоқтамға келтiрдi: Мәсiмов өз ойын алашқа астарлап жеткiзгiсi келедi. Өйткенi iшiнде әлдебiреуге деген қарсылық пайда болған...

"Оңтүстiкте намазды әркiм әртүрлi оқығалы қаша-а-а-н..." - Ақтөбе мен Алматыдағы қанды қырғын терактi деп бағаланғалы терiс ағымдарға қатысты тәртiп қа­таятын шығар деген үмiттемiз. Оқиғаның қызуы басылған соң бәрiн сол бәз-баяғы қалпына түсiрiп алатын әдетiмiз әлi қалмаған. Әйтпесе Шұбарши мен Кеңқияқтағы оқиғаларды былай қойғанда, Тараздағы терактiде жалғыз өзi жетi адамды жайратып сал­ған Қариевтiң лаңы жеткiлiктi сабақ едi ғой бiзге.

QAMSHY.KZ. "Бекболат Тілеухан: Саясатқа орта жолдан қосылдым деп ойламаймын" - "Қазақстан" ұлттық арнасындағы журналист Махат Садық жүргізетін "Сіз не дейсіз?" бағдарламасында Бекболат Тілеухан өзінің депутат болып сайланғанына қуанғандар аз болмағанын айтады.

ABAI.KZ. "Мүфтиді Патриарх Кириллмен салыстыруға болмайды" - Соңғы айларда ел ішінде орын алған шетін оқиғаларға қатысты әлеуметтік желілер мен БАҚ-ты қызу талқы жүріп жатқаны белгілі. Дәстүрлі емес діни-радикалды ұйымдар сойқан салып, айдың күні аманында Ақтөбе мен Алматы қалаларында атыс жасады. Ақтөбедегі қарулы қақтығыс кезінде 7 адам қаза тапты. Ал Алматыда айналасы 25 минуттың ішінде жалғызілік содыр сегіз адамның өмірін қиды.

"Жерлерін пайдаланушылар тізімін шұғыл жариялауды талап етеміз!" - Үкіметтің жер комиссиясының отырысында комиссия төрағасы, вице-премьер-министр, Ауылшаруашылық министрі Асқар Мырзахметов ауылшаруашылық жерлерін иеленіп отырғандар туралы ақпаратты жариялай алмайтынын, жариялауға ҚР «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңының талаптары жол бермейтінін алға тартты.

DALANEWS.KZ. "Қазақ киносының кемшілігі…" - Аружан Жазылбекова комедия жанрындағы Қазақстан мен Ресей фильмдерін өзара салыстыра келе алғашқысының кемшіліктерін айтты.

QAZAQUNI.KZ. "Дағдарыс: жерінен айрылған ел – жетім" - Е-е-е, енді түсіндім! Дау-дамайдың ортасына өз қолдарыңмен апарып тыққан “Жер мәселесін" айтып тұр екенсің ғой. Осы сендер, қазақтар – қызық халықсыңдар. Бір қарасам, бүкіл жер бетінде сендерден дарынды, сендерден өнерлі, сендерден ең озық салт-дәстүрге бай ұлт жоқ. Жаратқан иеміздің өзі жарылқап, таза ниеттеріңе орай қолдау көрсеткен жұрт едіңдер ықылым заманнан. Шынын айтсам, ол жағынан көптеген ұлт пен ұлыстардан құралған атышулы еуропалықтарыңның өзі бірігіп келіп сендердің қолдарыңа су құюға жарамайды. Ата-бабаларыңның салып берген сара жолымен тым болмаса сүрінбей, аяқтарыңды дұрыс басып жүре алмай-ақ қойдыңдар-ау!

3 тамыз 2016, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.