Атырау, 18 мамыр 21:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ресейдің Қазақстанға баса-көктеп кіруі мүмкін емес — Иманғали Тасмағамбетов", "Мақтааралдағы жанжал. Оның ұлтаралық араздыққа қатысы бар ма?", "Қылыш үстiнде серт жүрмейдi", "Билік неге қазақты керітартпа күшке айналдырды?", "Уағыздар үзiлер емес"

2 233 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстандықтар салғызатын үйлер бұзылмақ" - Моңғолиядағы тасқыннан зардап шеккендерге арнап қазақстандық белсенділер салғызып жатқан кейбір үйлер «қауіпті зонада тұрғандықтан» бұзылатын болды.

"Қазақстан Риоға 104 спортшы апарады" - Бразилияда осы аптада жазғы олимпиада ойындары ашылады. Қазақстан құрамасында мәртебелі жарысқа тұңғыш рет қатысып жатқандармен бірге олимпиада жеңімпазы мен жүлдегері атанғандар да бар.

KAZ.365INFO.KZ. "Ресейдің Қазақстанға баса-көктеп кіруі мүмкін емес — Иманғали Тасмағамбетов" - Терроризммен күресте Қазақстан көршілерінен көмек сұрамайды, — деген сенімде ҚР Қорғаныс министрі.

"Ақша Қазақстаннан сыртқа ағып жатыр" - Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, әдетте, Қазақстан шетелдік тікелей инвестициялар (ШТИ) тартады, бірақ олар көп ретте нарыққа емес, шикізат өндіруге бағдарланған. Ал өндірістің тиімділігін арттыруға шетелдік ақшаның мүлдем мардымсыз мөлшері жұмсалады. Алайда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай «қор тойымдылығы» көп ретте жақсылыққа апармайды. Мұның кезекті өкінішті мысалы біздің көз алдымызда орын алып жатыр.

QAMSHY.KZ. "Қазақтың жері сатылмасын!" - Шілденің 27 күні (2016 ж.), ШҚО Науалы ауылының әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Серік Садуақасов бастаған бір топ адам Науалыға келіп жиын өткізді. Негізгі мақсаттары – менің Қуаныш Мұқтай бауырыма жіберген «Жер сатылмасын! Шетелдіктерге жалға берілмесін!» деп 247 адам қол қойған ауыл азаматтарының тізімі мен «Республикалық «Алаш жолы» қозғалысының Қазақстан халқына жолдаған: «Жер сатылмасын! Шетелдіктерге жалға берілмесін!» деген талабы. Науалы ауылындағы белсенділер отырысының Қаулысының фейсбукте қалай, неліктен жарияланғанын анықтау, қол қойған адамдардың тізімін алып, оларға қысым жасау, қорқыту, райынан қайтару сияқты болды... Сол үшн 25.07.2016 күні жиналысқа қатысқандардың бәрін, Науалы әкімдігіне шақыртты.

"Пәтер алу үшін қанша жыл ақша жинау қажет?" - Еліміздің өңірлерінде жылжымайтын мүлікке белсенді тұрғындар екі бас қалалардан мүдделі. «Крыша» статистикасының мәліметінше, Астана, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Атырау және Талдықорған қаласының сатып алушылары пәтерді Алматы қаласынан жиі іздейді. Ал Астанадан Қызылорда, Қарағанды, Алматы, Өскемен және Атырау қаласының сатып алушылары іздейді екен.

ZHASALASH.KZ. "Қылыш үстiнде серт жүрмейдi" - Президент Н.Назарбаев премьер-министр К.Мәсiмов­ке тамыз айының аяғына дейiн жер комиссиясы жұмысының қорытындысын жариялауды тапсырды. Әу баста билiктiң тапсырысымен құрылып, Ақорданың тiзiмiмен жасақталған бұл комиссия не тындырды? Ең бастысы, жер мәселесi қалай шешiлмек? Жер, ел үшiн алаңға шығып, Атырауда митингi ұйымдастырған белсендiлердiң тағдыры не болмақ? Бұл сұрақтарға билiктiң не айтатыны белгiлi. Ал қоғам не дейдi? Жер мәселесiнiң шешiмi қандай болуы тиiс?

"Уағыздар үзiлер емес" - Қазақ қоғамына қазiргi сипаттағы лаңкестiк – террор 2001 жылы Ақтөбе оқиғаларымен ендi: 17 мамырда ҰҚКД кеңсесiн­де 25 жастағы Рахымжан Махатов өзiн-өзi жарып, 30 маусым – 9 шiлде аралығында Кеңқияқ пен Шұбарши атыс алаңына айналды. Қарулы қақтығыстан 9 салафит өлiп, алтауына iздеу жарияланды. “Арлан" арнайы жасағынан Руслан Жолдыбай, Кеңқияқ полицей­лерi Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбай, “Сұңқар" арнайы жасағынан Айболат Иман­баев, IIД экстремизмге қарсы күрес бөлiмiнен Рүстем Кенжалин терроршылар қолынан қаза тап­ты.

"Мақтааралдағы жанжал. Оның ұлтаралық араздыққа қатысы бар ма?" - Iшкi iстер департаментi басшысының орынбасары С.Абдулаев мұны растамады да, жоққа да шығармады.

ABAI.KZ. "Билік неге қазақты керітартпа күшке айналдырды?" - Ресей Украинаға баса көктеп кіріп, жерін басып алды. Бұл – негатив. Енді осы оқиғаның позитив қырларын тізбелейік. Біріншіден, ыдырап бара жатқан Украинаны біріктірді, көпұлтты Украинадан – бірегей саяси украин ұлтын балқытып шығарды; Екіншіден, Украинаның құруы коррупциядан болу керек еді, бірақ Ресей бастаған соғыс пен Батыс талабы украинаның саяси элитасына бас талап пен бас мүдде ретінде коррупцияны атады; Үшіншіден, Ресейдің Украинаға агрессиясы Батысты (Европалық Одақ пен НАТО-ны) Ресейге қарсы финанстық, экономикалық және технологиялық санкциялар салумен біріктіріп, ал Украинаға қайтарымсыз экономикалық көмек бергізді.

"Қазақ мәселесінде қыңқ етпеген Телібеков Ердоғанды сотқа бермек" - Жақында Қазақстанның Мұсылмандар одағы ұйымының төрағасы Мұрат Телібеков Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанды Гаагада сотқа беретінін мәлімдеді.

DALANEWS.KZ. "Карьерасын аяқтаған спортшылар шенеунік, депутат болуға неге құмар?" - Бүгінде Қазақстандағы дәулетті адамдардың қатарына спортшылар мен әншілер де қосылып үлгерді. Өзге елде спортшылар карьерасын аяқтаған соң, кәсіпкерлікпен айналысып, байлығын еселеп, мемлекетке пайдасын тигізеді. Таяуда кәсіпқой бокстың хас шебері Геннадий Головкин туған жері Қарағандыда жаңадан құрылған өндіріс ошағына инвестор ретінде қатысып, жиған қаржысын салғанын жаздық. Генаның сырттан тапқан қаржысын елге әкеліп, отандық өндірісті өркендетуге жұмсағаны көпшілігімізді қуантқаны анық.

BAQ.KZ. "Олимпиада ойындарындағы қазақстандық спортшылар қатысатын жарыс кестесі" - Төрт жылдықтың басты додасы Олимпиада ойындары да келіп жетті. Бесінші тамыз. күні Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында шымылдығын көтеретін додаға Қазақстаннан 104 спортшы қатысады. Еліміздің намысын қорғайтын спортшылардың сайысқа қай күні түсетінін оқырман назарына ұсынамыз.

QAZAQUNI.KZ. "Шерхан Мұртаза: Заңның найзасы майысқақ мемлекеттің іргетасы бекем болмайды" - «Ауыспалы кезеңде туғыр». Яғни, императорлар, династиялар әулеті ауысып, жаңа дәуір басталар аласапыран шақ. Біздің өтпелі кезең осындай дүдәмал халде болды.


2 тамыз 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.