Атырау, 18 мамыр 22:24
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Жер мәселесі. Кешегі қателік түзеле ме?", "Орталық Азиядағы себебі ұқсас экстремизммен күрес әртүрлі", "Сауалнама: Қазақстанда Гүленді айыптауға кімдер мүдделі?", "Төлешевтен "ұлт батырын" жасау кімге тиімді?"

1 727 просмотра

QAMSHY.KZ. "Сауалнама: Қазақстанда Гүленді айыптауға кімдер мүдделі?" - Түркиядағы «Әскери төңкеріс жасау әрекетінен» соң түрік басшылығы аталған төңкерісті Америкада тұрып жатқан философ, дін қайраткері Фетхуллах Гүлен мен оның жақтастары ұйымдастырды деп мәлімдеді. Мәлімдеменің арты Түркиядағы Ф. Гүленмен байланысы бар деген ғалымдар мен журналистерді, саясаткерлер мен мемлекеттік қызметшілерді қудалауға ұласты. Түрік билігі онымен де шектелмей, өзге елдерден Ф. Гүлен идеясымен құрылған, соған қатысы болуы мүмкін ұйымдардың қызметін шектеуді талап етті. Қазір Қазақстан қоғамы Түркиядағы жағдайды түрліше бағалауда. Ф. Гүлен тақырыбында туындап жатқан пікір-таластар да жоқ емес. Осыған байланысты біз елге танымал саясаттанушыларға қазақ қоғамындағы Гүлен-Ердоған тақырыбындағы дауға қатысты пікірлерін білу мақсатында төмендегі сұрақтарды қойған едік.

AZATTYQ.ORG. "Орталық Азиядағы себебі ұқсас экстремизммен күрес әртүрлі" - Орталық Азия елдеріндегі экстремистік идеялар мен әрекеттердің туындау себебі ұқсас екенін талдаған мамандар онымен күрес шаралары әртүрлі екенін айтады.

"Алты жасар қызға үйленген молда тұтқындалды" - Алты жасар қызға үйленді деп айыпталған ауған молдасын полиция қамауға алды. Молданың өзі некесін қыздың туыстары рұқсатымен қиғанын айтса, қыз баланың ата-анасы мұны теріске шығарады.

"«Бұрғылау» жұмысшылары кәсіподақ төрағасын өздері сайлағанын мәлімдеді" - Өткен апта бойы жұмысты тоқтатқан «Бұрғылау» ЖШС-інің мыңнан аса жұмысшысы кәсіподақ төрағасын өздері сайлауға қол жеткізді. Жұмыс сағаты қысқарып, жалақы азайғанына наразы жұмысшыларға мекеме басшысы еңбек сағатының тамыздан бастап қалпына келетінін айтты.

ABAI.KZ. "Жер мәселесі. Кешегі қателік түзеле ме?" - Ел тілегін орындау қажеттігін Жер комиссиясындағы агрессивті-үкіметшіл көпшілік түйсіне бастаған секілді. Маған солай көрінеді. Ұлтшыл-мемлекетшіл азшылықтың уәждері комиссия отырысына қатысқан жер-жердегі халық өкілдерінің пікірлерімен үндесіп жатқаны, қанша дегенмен, оларды да ойландырса керек. Бұдан мүшелден астам уақыт бұрын, дәлірек айтқанда, қазіргі күшінде тұрған Жер кодексінің жобасы талқыланған айларда, бүгінгі тілге тиек етулі жағдаяттың бәрі сөз болған еді, бірақ билік тармақтарының қай-қайсысы да оларды елең қылмай, парламент Кодексті 2003 жылдың жазында қабылдап тынған. Халықтың шешімін тауып бітпеген ұлттық мәселесінен туындаған тілегін ескермей шығарған заң, баршамызға белгілі, түптің түбінде халық мүддесіне қайшы екенін көрсетті. Енді соны түзеуде батылдық, шешімталдық, әділеттілік танытылса дұрыс болар еді. Көңілге Жер кодексінің жобасы ұялатқан күдік Кодекс бекіп, күшіне еніп, жұмыс істеп тұрған бүгінгі күні де сейілмей, бұрынғысынша өзекті боп тұрғандықтан, сондағы мақаланы назарға қайта ұсынғанды жөн көріп отырмын...

"Төлешевтен "ұлт батырын" жасау кімге тиімді?" - Биылғы жылдың бас тақырыптарының бірі – биліктің Жер реформасы туралы бастамасыболса, екіншісі – сақалдылардың сойқаны болғандығы нақ. Соның ішінде Ұлттың болашағы, мемлекеттің ертеңі үшін ең маңызды мәселе – қазақ жерін шетелдік шүрегейлерге жаппай (аукцион) сату мен ұзақ жылға жалға беру туралы билік бастамасына бүкіл «қазақ» бас көтерді. Билікке наразылығын айтты. Қазақстанның жер-жерінде бейбіт митингілер мен ауық-ауық акциялар ұйымдастырылды. Бірақ, бұл жолы да билік диалогқа келмеді. Істің соңы немен тынғаны тағы белгілі. Азаматтар ұсталды, қамалды, жазаға кесілді.

KAZ.365INFO.KZ. "Ердоған — екінші Путин сияқты екен. Енді одан да бүкіл әлем теріс айнала ма?" - Түрік билігінің мемлекеттік төңкеріске қатысып, қаза тапқандарды қаңғыбас иттерді қабылдайтын мекенге жерлеу туралы шешімі шыға салысымен, бұған наразылық білдіріп, Қазақстан мұсылмандары одағы мен Орталық Азиядағы адам құқығы жөніндегі мұсылман комитеті Түркия президенті Реджеп Ердоғанға ресми хат жолдады.

"Қазақ билігіне ұлтшыл адам келгенде, Ресей Қазақстанға әскерін кіргізеді — неміс сарапшысы" - Қазақстан қараусыз жатыр деп ойлайсыз ба? Жоқ! Бізді сырттай бақылап, сырттай салмақтап жүрген сарапшылар да, тәуелсіз ұйымдар да жетіп-артылады. Олар Қазақстанның болашағына қатысты әртүрлі баға береді. Тыңдасаң, түңіліп кетесің. Біздің жарқын болашақ — Батыстың болжауында аса оптимисті емес. Неге? Батыс бізге келгенде, кежегесі кейін тарта ма, әлде бұл барынша біздің жағдайға байыпты баға бергені ме? Кім білген…

ZHASALASH.KZ. "«Басты айыпкер – патша өкiметi!»" - Қазақ халқының 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерiлiсi жеңiске жеткен жоқ. Бiрақ ол барша Түркiстан өлкесiндегi көтерiлiстермен бiрге Ресей империа­лизмiнiң мызғымас қамалын бұзған, монархияның құлауына жол салған, патшалыққа қарсы жұмсалған аса зор, күштi де қуатты соққылардың бiрi болды. Сондықтан да 1916 жыл көтерiлiсiн зерттеу, оны күллi сол кездегi ауқы­мында, барша түркi халықтары iшiнде орын алған үдерiстер ауқымында, Ресейдегi революциялық-демократиялық қозғалыс ауқымында қарастыру аса маңызды. Мәселенi мұндай ке­шендi түрде қарау арқылы бiз кешегi “ұлттар теңдiгiн қамтамасыз етiп, ұлт мәселесiн шештi" делiнетiн, озбыр күш пен идеология бiрiктiрген Кеңестер Одағынан шығуға тырысуымыздың сырын ұға түсемiз. Барлық одақтас республикаларды қызыл империяның құрсауынан босатып, азаттыққа ұмтылдырған тарихи үдерiстi мейлiнше терең түсiнетiн боламыз. Атап айтатын бiр жайт, 16 жылғы көтерiлiстiң аса зор тарихи мәнiн лайықты дәрежеде тану үшiн, оны зерттеу кезiнде, барша құжаттық базаны бiрге қарастыру қажет.

DALANEWS.KZ. "Миллиардердің ұлына жазған хаты" - Саған бұл хатты жазуыма 3 нәрсе себеп болды: – Тағдырды болжап болмайды, ешкім де өзінің қанша өмір сүретінін білмейді, сондықтан кей нәрселерді ертерек айтқан дұрыс.

TURKYSTAN.KZ. "Мұхтар ТАЙЖАН: Жер – ата-бабамыздың мирас еткен байлығы" - Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы түрлі пікір мен ұсыныстың алаңына айналуда. Комиссия мүшелері де дәлелді дәйектемелерін ортаға салып келеді. Ешқайсысы ескерусіз қалмайтыны анық. Біз жер реформасы жөніндегі комиссияның құқықтық жұмыс тобының жетекшісі және Б.Тайжан атындағы қордың президенті Мұхтар Тайжан мырзаны әңгімеге тартып, түйткілді мәселе жайында ой өрбіткен едік.



1 тамыз 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.